Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


генс Сатурнда сақина бар екенін, ал 1675 жылы француз астроно- мы Жан Доминик Кассини



Pdf көрінісі
бет58/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

генс Сатурнда сақина бар екенін, ал 1675 жылы француз астроно-
мы Жан Доминик Кассини ғаламшар мен сақина арасының ашық 
екенін мəлімдеді. 
24-сурет. Сатурн ғаламшары


76
Сатурн газ бен сұйықтықтан тұратындықтан оның экваторлық 
бөлігі полярлық аймақтарға қарағанда жылдам айналады
полюстердегі айналу периоды 26 минутқа баяу жүзеге асады. Сатурн 
Күн жүйесіндегі тығыздығы су тығыздығынан төмен ғаламшар, 
оның көрсеткіші 0,69 г/см

тең.
Сатурн атмосферасы тығыз, оның қалыңдығы 37-40 мың км 
шамасында. Атмосфера тығыздығы Жер атмосферасынан 1,5 есе 
артық, беткі ауаның орташа температурасы – 180
0
С (25-сурет).
Сатурндағы магнит өрісі Жермен салыстырғанде екі еседей 
əлсіз жəне Жер магнит өрісіне қарама-қарсы полюстік сипатта 
орналасқан. 
Сатурн атмосферасында дауылдар жиі қайталанады, желдің 
жылдамдығы ендікке байланысты өзгеріп отырады, Юпитермен 
салыстырғанда үш есе қуатты соғады. Сатурн бетінде Үлкен Қоңыр 
Дақ анықталған.
Бүгінгі таңда Сатурнның 46 табиғи 
серігі бар екені анықталған, олардың 
8 негізгі деп танылған. Ең қашық 
орналасқаны – Феба, диаметрі 110 км, 
13 млн км қашықтықта 550 күнде бір 
рет ғаламшарды кері бағытта айналып 
шығады. Ең жақын орналасқан – Ми-
мас, диаметрі 195 км, 185,4 мың км 
қашықтықта 94 күнде бір айналым жа-
сап отырады. 
Ең үлкен серігі – Титан деп атала-
ды, оның диаметрі 5150 км. 1655 жылы голланд ғалымы Христиан 
Гюйгенс ашқан. Титанның беткі бөлігінен мұхиттар мен теңіздер
құрлықтар анықталған. Температурасы 180
0
С дейін жетеді, онда 
қызғылт-сары түсті метан мен этаннан құралған атмосфера қабаты 
орналасқан. 
Энселад – серігі Күн жүйесіндегі ең ақшыл түсті аспан денесі 
болып саналады, ол түс оның бетін жауып жатқан қыраудан болуы 
мүмкін деп жорамалдайды. Оның бетіндегі аса ірі екі кратер – Али-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет