77
Уранның – диаметрі Жер диаметрінен 4 есе үлкен, оның
ұзындығы 51 300 км жетеді. Массасы Жер массасынан 14,5 есе
артық, өз білігінен 17 сағат 14 минутта батыстан шығысқа қарай кері
бағытта бір рет айналып шығады. Өз орбитасы бойымен 84 жыл-
да бір рет айналып шығатын Күн жүйесіндегі жетінші ғаламшар.
Уранда жер магнетизміне
қарама-қарсы магнит өрісі бар, оның
қуаттылығы Жердегі магнит өрісінен екі есе төмен.
Уран ғаламшарын 1791 жылы 13 наурызда ағылшын астрономы
Уильям Гершель ашқан болатын. 1977 жылы Уранда бірнеше мет-
рден бірнеше километрге жететін 10 сақина бар екені анықталып,
1986 жылы «
Вояджер-2» зонды оларды суретке түсірген болатын.
Сақинаның ішкі бөлігінде диаметрі 16-24 км жететін бұрыс пішінді
жартастар қозғалып жүреді, оларды «бақташы-серіктер» деп атай-
ды. Ғалымдар оларды астероидар болуы мүмкін деп жорамалдайды.
Оның басқа ғаламшарлардан
басты айырмашылығының бірі
– айналу білігінің орбита жазығымен қатар болуы, экватордың
орбитаға еңкіштігі 82
о
-ты құрауы. Нақты айтқанда, Уран жантайып
жатқан сияқты болып көрінеді. Сондықтан полюс маңындағы күн
мен түн ұзақтығы 42 жылға, 60
о
ендікте 28 жылға, ал 30
о
ендікте 14
жылға созылады.
Уранның онша үлкен емес тасты-темірлі
заттардан құралған
қатты ядросы бар. Оның беткі бөлігінен бірден 8500 км жететін
тығыз атмосфера қабаты басталады. Атмосфера құрамынан кішігірім
сақиналық құрылымдар, дақтар, құйындар мен ағындар жүйесі
анықталған, бұл өз тарапынан ауа
массалары циркуляциясының
қуатты жүретінін дəлелдейді. Желдердің бағыты ғаламшар айналу
бағытына сəйкес қалыптасады, алайда,
жоғары ендіктерде олар
қуатты құйын сипатына ауысады.
Уран атмосферасының көгілдір-жасыл түсті болуы төмен тем-
пература жəне құрамында гидроксил (ОН) радикалдарының бо-
луымен түсіндіріледі. Уран атмосферасы құрамында басым түрде
сутек
пен гелий кездеседі, ал оның ішкі аралықтарында метан
бұлттары бар екені анықталған. Сондай-ақ Юпитер жəне Сатурнмен
салыстырғанда метан, ацетилен сияқты көмірсутектер үлесі біршама
жоғары болып келеді (
26-сурет).
Урандағы беткі орташа ауа температурасы
– 200
0
С шамасында.
Уранның бір жарты шарында қыс бірнеше жылға созылады, ал жаз
кезінде де жылыну мүмкіндігі төмен, өйткені ғаламшар Жермен
салыстырғанда Күн жылуын 370 есе аз алады.
Орта ендіктердегі
78
қуатты желдер Уран бетіндегі ауа массаларын Жердегі тəрізді
бағыттарда қозғалысқа келтіреді. Олардың жылдамдығы 40 м/с-тан
160 м/с дейін жетеді.
26-сурет. Уран атмосферасының құрамы
Уранның 20 табиғи серіктері бар, олардың бесеуі өте ірі,
диаметрі 470 км мен 1580 км аралығында. Олардың аттары –
Ти-
Достарыңызбен бөлісу: