79
сақина табылған, алайда, ол біртұтас шеңбер емес, бірнеше аркалар
жиынтығынан құралған. Аркалар бір-бірімен байланыспастан жеке
дара қозғалысқа түседі.
Нептун атмосферасы сутек, гелий жəне
метан қоспасынан
тұрады (
27-сурет).
27-сурет. Нептун атмосферасының құрамы
«
Вояджер-2» зонды көмегімен Нептун атмосферасының
жоғарғы қабаттарынан дыбыс жылдамдығымен деңгейлес
қозғалатын құйынды желдер мен циклондар анықталды.
Бұл ауа
қабаттары арасындағы температура мен қысым айырмашылығының
нəтижесі болуы мүмкін. Бұл айырмашылықтың туындауы ғаламшар
қойнауында тоқтаусыз жүріп жатқан жанартаулық процестер бар
екенін дəлелдейді.
Өйткені Нептун Күннен алған жылудан 2,7 есе артық энерги-
яны сыртқа шығарады. Ғаламшардың
беткі орташа температура-
сы – 155
0
С дейін жетеді. Экватор бойымен параллель бағытта өте
күшті желдер соғады, олардың жылдамдығы 700 км/сағат,
желдер
ғаламшар айналуына қарама-қарсы бағытта батыстан шығысқа
қарай соғады.
Нептунның 13 табиғи серігі бар,
олардың барлығы силикатты-
тасты негізден құралған. Ең үлкені –
Тритон, оны 1846 жылы
Уи-
льям Лассель ашқан. Диаметрі 2700 км, онда Нептундағы серіктер
массасының негігі бөлігі шоғырланған. Тығыздығы өте жоғары, 2 г/
см
3
. ірі серістері қатарына
Нерида,
Протей,
Наяда,
Таласса,
Гала-
Достарыңызбен бөлісу: