80
• Табиғи серіктерінің көп болуы;
• Ғаламшар айналасында сақиналарының болуы;
• Атмосфера құрамында сутек пен гелийдің басым болуы;
• Орталық бөлігінде ыстық, металл мен силикаттан тұратын
ядросының болуы;
Сонымен қатар ғаламшарлар беткі температуралық жəне
ғаламшар заттарының тығыздық көрсеткіштері бойынша бір-бірінен
белгілі дəрежеде айырмашылықтар жасайды.
2.6. Астероидтар мен кометалар
Күн жүйесінде ғаламшарлар мен оның серіктерінен басқа да
аспан денелері көптеп кездеседі. Олар
сыртқы көрінісі телескоп
арқылы бақылау кезінде жұлдыздарға қатты ұқсайды.
Уильям Гершель осындай аспан денелерінің бір тобын
асте-
роидтар, «жұлдыз тəрізділер» деп атаған.
Астероидтар шағын
ғаламшарлар деп те аталады, олар нақты пішіндері анық емес үлкен
кесек денелер немесе олардың сынықтары түрінде кездеседі.
Астероидтар Марс пен Юпитер орбитасы арасындағы
Астероидтардың негізгі белдеуі деп аталатын бөлікте орналасқан.
Бұл белдеу жер тобындағы ғаламшарлар
мен алып ғаламшарлар
арасындағы шекара болып саналады. Осы белдеуде астероидтардың
шоғырлануы туралы ғалымдар арасында түрліше жорамалдар бар.
Сондай гипотезаның біреуі
Фаэтон ғаламшарының бөлшектенуінен
пайда болды десе, екінші біреуі ғаламшар болып қалыптаса алмаған
аспан денелерінің жиынтығы деп түсіндіреді.
Бүгінгі таңда астероидтар каталогында 400 000 жуық астероид-
тар тіркелген, олардың 2000 жуығы салыстырмалы түрде ірі астеро-
идар, диаметрі 450-1050 км жетеді. Ең ірі астероид –
Эрида, оның
диаметрі 2600 км жетеді.
Ірі астероидтарға жеке ат қойылған (Це-
рера, Паллада, Весте, Гаспра, Ида, Дактиль жəне т.б.), олар 20 км/с
жылдамдықпен Күнді айнала 3 жылдан 9 жыл аралығында қозғалып
жүреді.
Қазіргі белгілі ең кішкене астероид –
ВА деп аталады, 1991
жылы ашылған, диаметрі 9 км аспайды. Кейбір астероид орбитасы
шеңбер емес, өте созылыңқы пішінге ие болып, Жер мен Марс тра-
екторияларын кесіп өтеді. Мысалы,
Икардың орбитасы Жерге 7 млн
км дейін жақындайды.
81
Кейбір
астероидтар топтарға бірігеді, оларға
Аполлон,
Амур
топтарын атауға болады. Ірі астероидтар ХІХ ғасырдың басынан ба-
стап ашыла бастады.
Иоганн Даниэль Тициус,
Иоганн Элерт Боде,
Франц Ксавер сияқты ғалымдар астероидтар, олардың орны туралы
алғашқы мағлұматтар берген болатын.
Ең бірінші астероидты италия астрономы
Джузеппе Пиацце
1801 жылы 1 қаңтарда телескоппен аспан кеңістігін бақылау кезінде
кездейсоқ ашты. Оны
ежелгі грек мифологиясындағы Церера
есімімен атады. Алайда, бұл аспан денесі аз уақыттан кейін жоғалып
кетіп, оны бірнеше айдан кейін неміс математигі əрі астрономы
Ио-
Достарыңызбен бөлісу: