ганн Карл Фридрих Гаусс күрделі есептеулер негізінде оның орнын
анықтап берді. Айтылған жерден Церераны қайтадан тауып алды.
1802 жылы астрономиямен айналысатын неміс дəрігері Генрих Вильгельм Маттеус Ольберс Церерамен қатар тұрған Паллада
астероидын ашты. 1804 жылы неміс астрономы Карл Людвиг Хар- динг Юнонаның, 1807 жылы Ольберс Вестаның орнын анықтады. Нептун орбитасынан 55 астрономиялық бірлікке тең қашықтықта
екінші астероид белдеуі орналасқан. Оны Койпер белдеуі немесе
осы белдеу орнын анықтаған ғалымдар құрметіне Эджворт – Кой- пер белдеуі деп атайды. Бұл белдеудің ұзындығы негізі астероид
белдеуінен 20 есе, аспан денелерінің массасы жөнінен 20-200 еседей
артық деп жорамалданады.
1930 жылдан бастап ғалымдар Нептун орбитасынан тыс
орналасқан аспан əлемінде тағы бір астероид белдеуі болуы
мүмкіндігі туралы пікірлер тұрақты айтылып жүрді. 1943 жылы Ир-
ланд астрономы Кеннет Эссекс Эджворт бұл пікірдің дұрыстығын
растады, ал 1951 жылы Америка астрономы Джерард Койпер Нептун орбитасы аймағында ертеректе болған аспан денелерінің
жиынтығы сақталу мүмкіндігін негіздеді. Алайда ұзақ уақыт бойы
осы аралықта Плутон мен оның серігі Хароннан басқа объект
табылған жоқ.
Койпер белдеуінің бар екендігі 1988 жылы ғылыми-теориялық
тұрғыдан дəлелденіп, 1992 жылы Койпер белдеуіндегі бірінші объ-
ект анықталды. Ол астероидқа QBI (ресми емес атауы – Смайл –
күлегеш) деген ат берілді. 1993 жылы ашылған астероид – FW (рес-
ми емес атауы – Карла) деп аталды. Бүгінгі таңда Койпер белдеуін
құрайтын аспан денелерінің мыңнан астамының диаметрі 1000 км
асады, 7000 астамының диаметрі 100 км астам, ал 450 000 астамының
диаметрі 50 километрден кем емес.
82
Койпер белдеуін құрайтын аса маңызды аспан денесі – Плу-