тон. Плутонды 1930 жылы 18 ақпанда америка астрономы
Клайд Томбо ашқан болатын. Ертеректе Күн жүйесі ғаламшары
қатарына жатқызылып жүрген Плутон 2006 жылы 24 тамызда өткен
Халықаралық астрономиялық қоғамның қорытындысы бойын-
ша «шағын ғаламшар», яғни астероид категориясына өзгертілді.
Плутонның диаметрі 2324 км, тасты заттар мен мұздан тұрады. Плу-
тон орбитасы созылыңқы болып келеді.
Плутон атмосферасы өте сирек, азот, метан жəне аргоннан
құралған. Оның беткі бөлігіндегі ауаның орташа температурасы –
240
0
С дейін жетеді.
1978 жылы түсірілген суреттерде Плутон сопақша, жұмыртқаға
ұқсас пішінді болып көрінген. Бұл ғалымдардың пікірінше оның
табиғи серігі Харонның тарту ықпалының əсері болуы мүмкін. Ха-
рон мен Плутонның өз білігі мен орбиталық айналу периодтары өте
ұқсас болып келеді, сондықтан олар Жер – Ай жүйесі тəрізді бір-
біріне бір жарты шарымен бұрыла орналасады. Харонның Плутон-
нан қашықтықтығы 20 000 км жетеді.
Бұдан басқа Плутон орбитасы айналасында тағы екі серік
анықталған. Олар – Никта жəне Гидра деп аталады. Плутонның
Күн жүйесіндегі ең үлкен астероид атануға толық мүмкіндігі бар.
Койпер белдеуінен тыс орналасқан əлем кеңістігін Оорт
бұлттары деп атауды 1930 жылы эстон астрономы Эрнст Эпик
ұсынған болатын. Кейіннен бұл жорамалды голланд астроно-
мы Ян Оорт теориялық тұрғыдан негіздеп берді. Алайда, Оорт
бұлттарының бар екендігі нақтыланған жоқ, өйткені ол өте сирек,
көзге анық шалына бермейді. Алайда, оның бар екендігі жанама
фактілер мен ғылыми дəйектемелерге негізделеді.
Өзінің аумағы жөнінен Оорт бұлттары Койпер белдеуінен
мыңдаған есе артық. Оның сыртқы шекарасының Күннен қашықтығы
50 000-100 000 астрономиялық бірлікке дейін жетеді. Бұл шекара
Күн жүйесінің ең шегі деп саналады, одан əрі шексіз жұлдызды əлем
кеңістігі басталады.
Оорт бұлттарын құрайтын аспан денелерін ғалымдар сулы,
аммиакты жəне метанды мұздықтардан тұрады жəне кометалар
жиынтығынан құралған деп пайымдайды.
Достарыңызбен бөлісу: |