83
денелері. Кометалардың массасы жер массасынынан миллиард есе
кіші болып келеді.
Кометалар денесі шағын ядро
мен оны қоршай орналасқан
ақшыл тұманды қабықтан тұрады. Бірнеше км ғана жететін ядро ай-
наласында көлденең қимасы 80 000 км дейін жететін тұмандықтар
болуы мүмкін. Тұмандықтар газ булары əсерімен өзара кіріккен
қатты бөлшектер мен жентек тастардан тұрады. Олардың ауқымы
жиі өзгеріп отырады. Ядро мен тұмандықтар комета басын құрайды.
Күнге жақындаған кезде комета
тұмандығын құрайтын заттар
жарқыраған жолақтарға айналады.
Кометалар құйрығы Күнге қарама қарсы бағытта созыла ор-
наласады, нақты пішіні болмайды,
олар мөлдір, түрлі газдар
мен тозаңдардың жиынтығынан құралады. Комета құйрығының
ұзындығы түрліше болып келеді, 240 млн км дейін жетеді. Комета
басы мен құйрығының бір-бірінен ажырап қалатын жағдайлары да
байқалған.
28-сурет. Комета көрінісі
Комета құйрығының үш түрі: Күннен
тік бағытталған, түзу
жəне жіңішке; Күннен аздап бұрыс бағытталған, жалпақ жəне аздап
қисық пішінді; Күннен қатты бұрыс бағытталған, қысқа түрлері бар
(
28-сурет).
Кометалар ядросы Күнге 4-5 астрономиялық бірлік қашықтықта
жақындаған кезде ғана көзге анық көріне бастайды. Ағылшын
ғалымы
Эдмунд Галлей кометалардың Күнді айнала қозғалатынын,
84
сондықтан Жерге тұрақты түрде белгілі бір уақыттарда
жақындайтынын анықтады.
Галлей кометасы əрбір 76
жылда
Жерге жақындап келіп, көзге анық көрінеді. Оның ең соңғы анық
көрінуі 1986
жылы болған, ал Галлейдің келесі Жерге жақындауы
2061 жылы жүзеге асады.
Кометалардың Күнді айнала қозғалу периоды бірнеше жылдан
бірнеше ондаған жылдарға созылады. Күнге жақын орналасқан сай-
ын айналу жылдамдығы артады, ал қашықтаған сайын жылдамдық
баяулай береді.
Кометалардың жалпы саны бірнеше жүздеген миллиардқа дейін
жетеді, алайда, олардың азғана бөлігін
ғана Жерден бақылауға
мүмкіндік бар.
Күн жүйесінің галамшар аралық кеңістіктерінде басым түрде су-
тек атомдарынан құралған, тығыздығы төмен заттардың жиынтығы
бар екені анықталды. Олардың жалпы массасы өте аз, олардың үлесі
Жер массасының екі триллиондық бөлігіне сəйкес келеді.
1960 жылдары Кеңес Одағы ұшырған ғарыш аппараттары Күн
жүйесінің кейбір бөлігінде тозаңды бұлттардың шоғырланған аудан-
дарын анықтаған. Олардың жинақталған аудандарының ұзындық
қашықтығы 3-5 млн км созылады.
Жер ғаламшары орбита бойымен қозғалу барысында осы де-
нелермен соқтығысады. Ондай құбылысты күнделікті
өмірде
«жұлдыз ағу» деп атайды. Бұл аспан денелерін
метеор деп (грек
тілінде,
meteora – аспан құбылысы деген мағына береді), яғни аспан
денелерінің Жер атмосферасымен жанасу кезіндегі үйкеліс күші
əсерінен жану процесін атайды.
Жану процесі кезінде қызыл-сары, жасыл, күлгін түсті жарықтар
байқалады. Жарық түсі ғалымдар тұжырымы бойында метеорлардың
химиялық құрамына емес, олардың жылдамдығына байланысты бо-
лады. Бұл ғарыш денелері атмосфераға келіп кіргеннен кейін 36 000-
252 000 км/сағат жылдамдық аралығында қозғалады.
Өте ашық жарықпен жанатын метеорлар –
болидтер деп аталады.
Олар жан-жағына сəуле шашатын шарға ұқсайды, тіпті күн жарықта
да айқын байқалады. Метеорлар əдетте, топтанып,
метеорлық
ағындар түзеді, олар белгілі бір жыл мезгілдерінде аспанның белгілі
бір бөліктерінде пайда болады. Олардың ең əйгілі
топтарының өз
аттары бар: Персей тəрізділер, Лира тəрізділер, Квадрат тəрізділер
т.б. (
4-кесте).