Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


-кесте.  Метеорлық ағындардың жиі пайда болу аймақтары



Pdf көрінісі
бет65/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

4-кесте
Метеорлық ағындардың жиі пайда болу аймақтары
Пайда болу 
уақыты
Шоқжұлдыздар 
аттары
Байқалатын жарты 
шарлар
Қаңтар айында
Квадрат тəрізділер 
(Волопас)
Солтүстік 
Сəуір айында
Лира тəрізділер (Лира) Солтүстік 
Мамыр айында
Эта Акварида 
(Суқұйғыш)
Оңтүстік 
Шілде-Тамыз 
айларында
Персей тəрізділер 
(Персей)
Солтүстік 
Қазан айында 
Орион тəрізділер 
(Орион)
Екі жарты шарда да
Қараша айында
Леонид тəрізділер 
(Арыстан)
Екі жарты шарда да
Желтоқсан айында
Геминид тəрізділер 
(Егіздер)
Екі жарты шарда да
Күн сайын Жердің бетіне 10 миллиардқа дейін метеорлар 
бағытталады. Олардың атмосфера арқылы жанып өтуі кезінде өте 
көп мөлшерде кинетикалық энергия бөлінеді. Осы қуатты энер-
гия ұсақ денелерді майда тозаңдарға дейін дейін бөлшектейді. 
Метеорлық денелердің жерге келіп жеткен бөліктері метеориттер 
деп аталады (29-сурет).
Метеориттер құрамына қарай үш үлкен топқа бөлінеді: 
олар темірлі, тасты, темірлі-тасты деп аталады. Темірлі 
метеориттердің құрамы 91%-ы –темірден, 8,5%-ы – никельден, 
0,6%-ы – кобальттан; тасты метеориттердің құрамы 36%-ы – 
оттегінен, 26%-ы – темірден, 18%-ы – кремнийден, 14%-ы – магний-
ден құралады.
29-сурет. Метеориттердің Жер бетіне құлауы


86
Жыл сайын Жер бетіне 34-40 млн тонна метеорит заттары құлап 
түседі. Олардың құлап түскен жерлерінде диаметрі бірнеше кило-
метрге жететін кратерлер жүйесі қалыптасады. Бүгінгі таңда Жер 
шарында 170 метеорит кратерлері анықталған (5-кесте). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет