Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет68/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

стантин Эдуардович Циолковский (1857-1935 ж.) болды. Ол ХІХ 
жəне ХХ ғасырлар тоғысында реактивті қозғалыстардың табиғатын 
ашып, ғарыш аппараттарын ұшырудың теориялық негіздемесін жа-
сады.
Циолковскийдің ой-тұжырымдарын жүзеге асыруда орыс 
ғалымы Сергей Павлович Королевтің (1906-1966 ж.) еңбегі өте зор 
болды. Ол ғарыш зымырандары мен кемелерін жасауда теңдессіз 
нəтижелерге жетті. 
1957 жыл Халықаралық геофизикалық жыл (ХГЖ) деп жария-
ланып, Кеңестер Одағы мен АҚШ осы жыл аясында Жер орбитасы 
маңына жасанды жер серігін ұшыруды міндетке алды. 
а ə
31-сурет. Ғарыш кеңістігін зерттеу құралдары:
а) телескоп; ə) обсерватория
1957 жылы 4 қазанда Кеңестер Одағы алғаш рет Жер серігін 
ғарышқа ұшырды. Осы күн Ғарыш эрасының басы болып саналады.


89
1959 жылы 17 қыркүйекте кеңестік «Луна-2», 4 қазанда «Луна-3» 
ғарыш аралық станциялары Ай бетіне жетіп, оның бізге көрінбейтін 
бөліктерінің суреттерін түсірді. 
Космонавтикадағы аса маңызды оқиға – адамзаттың ғарышқа 
ұшуы, 1961 жылы 12 сəуірде Кеңес ғарышкері Юрий Алексеевич 
Гагарин Байқоңыр ғарыш айлағынан ең алғаш рет Жер шарын 
оның орбитасы бойымен бір рет айналып шықты. Дəл осы күн 
Халықаралық Космонавтика күні деп атап өтіледі. 
Космонавтика тарихындағы тағы бір жаңалық, 1969 жылы 21 
шілдеде АҚШ-тың «Аполлон» ғарыш кемесімен ең алғаш адаам 
баласының Ай бетіне қонуымен байланысты. 
Космонавтиканың қарышты дамуы басқа ғаламшарларға 
ғарыш кемелерін ұшырумен байланысты болды. Оларға Шолпанға 
ұшырылған «Маринер-2», «Викинг-2», Марсқа қондырылған 
«Марс-3», Юпитерге ұшырылған «Пионер-10», Сатурн маңынан 
ұшып өткен «Пионер-11» ғарыш аппараттарын атап айтуға болады.
Ғарыш əлемін игеруде Қазақстан ғалымдарының да өзіндік үлесі 
бар. Ең алдымен «Байқоңыр» ғарыш айлағының қазақ жерінде 
болуының өзі кездейсоқ жағдай емес. Қазақ ғарышкерлері Тоқтар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет