93
5. Ұлы географиялық ашылулар кезіндегі саяхаттар Жердің шар
тəрізді екендігі бірнеше рет дəлелденді;
6. Бүгінгі таңда Жердің шар тəрізді пішіні ғарыштан түсірілген
фотосуреттер арқылы толығымен дəлелденді.
Жер өзінің табиғи серігі
Аймен бірге
Жер – Ай қосарлы
ғаламшар жүйесін құрап, Күн айналасындағы
орбита бойымен
үнемі қозғалыста жүреді. Жер мен Күн арасындағы қашықтық жыл
ішінде өзгеріп отырады:
перигелий нүктесінде
– (грек тілінде,
peri
– жақында, маңында,
helios – Күн деген мағына береді), 147 117 000
км, ал
афелий нүктесінде – (грек тілінде,
apo – алыста,
helios – Күн
деген мағынаны білдіреді) 152 083 000 км қашықтықта орналасады.
Астрономиялық өлшем бірлігі ретінде 149 598 000 км тең Жердің
орташа орбита қашықтығы алынады. Бұл өлшем халықаралық
келісім бойынша
астрономиялық бірлік (а.б.)
деп аталатыны
баршамызға белгілі.
Жердің орбита бойымен жылдамдығы 29,765 км/с, ал айналу пе-
риоды 365,26 орташа күн тəулігіне тең. Осы уақыт
астрономиялық
жыл деп атайды. Жердің орбита бойымен жылдамдығы Жердің
Күннен қашықтығына байланысты болады. Жер перигелийде
болған кезде (2 қаңтар) оның орбита бойымен жылдамдығы артады,
сондықтан Солтүстік жарты шардағы қыс маусымы Оңтүстік жарты
шардағы қыс маусымымен салыстырғанда қысқа болып келеді.
Жер өз білігі бойымен орбита жазықтығына 23
о
45’ бұрыш жасай
орналасады, оның айналу периоды 23 сағат 56 минут 4 секундқа тең.
Жер
шар пішінді, нақтырақ айтсақ, өз білігі бойымен айналу
кезінде
екі полюс маңынан сығылып, сопақша пішінге
айнала-
ды. Бұл ерекшелікті кеңес ғалым-астрономы
Ф. Н. Красовский
анықтап, Жердің экваторлық жəне
полюстік радиусы арасындағы
айырмашылықты есептеп шығарды, оның экваторлық радиу-
сы полярлық радиустан 21,4 км
артық, осындай полюс маңында
сығылған шар –
сфероид немесе
эллипсоид деп аталады.
Шын мəнінде жердің нақты пішіні айналасы тегіс болып келетін
элипсоид емес, жер бетіндегі ірі тау жоталары мен мұхит қазан
шұңқырларымен қоса алғанда
геоидқа («жерге ұқсас» деген мағына
береді) ұқсайды. Бұл ұғымды 1873 жылы неміс физигі
И. Листинг
ұсынған болатын.
Геоид дегеніміз – Жер бетінің кез келген нүктесінде
ауырлық
күшінің ықпалы байқалмаған жағдайдағы (толысу жəне қайту,
толқын, ағыс болмаған жағдайда) орта деңгейімен өтетін сызық
(
34-сурет).