Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет72/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

34-сурет. Жердің теңдескен беткі бөлігі – геоид
Жер қойнауындағы массаның таралуын нақты анықтау 
мүмкіндігі болмағандықтан, геоид беті математикалық есептеуге 
қолайсыз. Сондықтан Жердің нақты пішініне жақын математикалық 
өлшемдер анықталып, ол өлшемдер географиялық карталар жасауда 
кеңінен қолданылады. 
Əдетте геодезиялық жəне картографиялық жұмыстар үшін Ф. 
Н. Красовский эллипсоиды қолданылады. Бұл өлшем бойынша 
экваторлық радиус 6378,2 км, полярлық радиус 6356,8 км, мериди-
ан ұзындығы 40008,5 км, экватордың ұзындығы 40075,7 км, Жер 
бетінің жалпы ауданы – 510 млн км
2
тең.
Жердің өзіне тəн гравитациялық, магниттік жəне жылу 
аймақтары бар. Гравитациялық аймақ Жердің массасымен 
анықталады. Гравитациялық потенциалдың ең жоғары өлшемі вер-
тикалды бағытта 100 км тереңдікте байқалады. Магниттік аймақ 
Жердің орталығындағы ядроның құрамында темір болуымен тығыз 
байланысты. 
Жердегі жылу аймақтарының қалыптасуы ішкі жылу көздерінің 
болуымен анықталады. Жердің орталық бөлігінде температура 
5000°С, қысым 3,6·10
11 
атмосфераға, ал заттардың тығыздығы 
12,5·10
3
г/см
3
дейін жетеді.
Жердің өз тобындағы ғаламшарлардан басты ерекшелігі оның 
су, ауа жəне тіршілік қабықтарының болуы. Осы қабықтардың ұзақ 
геологиялық уақыт аралығындағы өзара əрекеттесуі мен байланысы 
нəтижесінде Жердің біртұтас географиялық қабығының қалыптасуы 
мен дамуы – Жер ғаламшарының ең басты ерекшеліктерінің бірі бо-
лып саналады. 


95
Жер бетіндегі атмосфера қабаты мен ондағы қысымның сақталуы 
судың сұйық күйде сақталуын, яғни түгелімен буланып кетуіне 
мүмкіндік бермейді. Судың бір күйден екінші күйге ауысуы, энер-
гия мен зат алмасу құбылыстарының жүруі географиялық қабық 
құрамындағы барлық компоненттер арасындағы сапалық жəне 
сандық өзгерістердің жүруіне себепші болады. 
Жердің атмосфера қабаты жердегі тіршілікті ғарыштан келетін 
электр-магниттік сəулелерден қорғаушы болса, дүниежүзілік мұхит 
сулары жылуды сақтаушы – конденсатор қызметін атқарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет