Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет79/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

В. В. Шулейкиннің зерттеулері бойынша полюстер нутация-
сының географиялық салдарлары көптеген табиғи процестерге 
өзіндік əсерін тигізеді. Атап айтсақ, маусымдық өзгерістер кезіндегі 
ауа массаларының орын ауыстыруы, дүниежүзілік мұхит суларының 
қозғалысы, мұхит пен атмосфера арасындағы өзара байланы-
стар сияқты ғаламдық климаттық жағдайларға ықпалын тигізетін 
құбылыстарды айтуға болады.
Жер магнетизмі құбылысы 1600 жылы ағылшын физигі
У. Гильберттің Жердің алып магнит сияқты екенін айтқан кезден 
бері ғылымға белгілі болатын. Кейіннен темір құрамды балқыған 
сыртқы ядродағы турбулентті қозғалыстар əсерінен электр тогының 
пайда болатыны, ал оның əрекетінен ғарышта 100 000 км қашықтыққа 


103
дейін таралатын күшті магнит өрісінің қалыптасатыны анықталды. 
Магнит өрісі таралатын аймақ жалпы атпен – магнитосфера деп 
аталады.
Жердегі магнит өрісінің екі: тұрақты (басты) жəне ауыспалы 
түрі белгілі. Олардың табиғаты мен шығу тегі əртүрлі, бірақ арала-
рында тығыз байланыс бар. Тұрақты магнит өрісінің қалыптасуына 
жоғарыда аталған электр тогы əсер етсе, ауыспалы магнит өрісі 
ғаламшар шегінен тыс орналасқан атмосфераның жоғарғы 
қабаттарындағы электр тогынан пайда болады. 
Ғарыш тереңінен келетін сəулелерден көптеген физикалық 
құбылыстар туындайды, олар – поляр шұғыласымагниттік дау-
ылдар, ауаның иондануы, атмосферадағы оттегі мен азоттың 
молекулалық күйден атомдық күйге ауысуы. Ауыспалы маг-
нит өрісі тұрақты магнит өрісінен 100 есе əлсіз болып келеді. 
Қалыптасу көзі мен əрекет ету ұзақтығына қарай – белгілі уақытта 
қайталанатын (тəуліктік, маусымдық) жəне Күн белсенділігінің 
артуынан пайда болатын кездейсоқ (магниттік дауылдар) магнит 
өрістеріне де жіктеледі.
Магниттік дауылдар Жер шарының барлық бөлігінде аяқастынан 
бір мезгілде, кей кезде біртіндеп басталуы мүмкін. Олар бірнеше 
сағаттан бірнеше күнге созылуы мүмкін. Əдетте, магниттік дауыл-
дар Күн белсенділігі күрт артқан соң 1-2 күннен кейін басталады. 
Өте күшті магниттік дауылдар кезінде телеграф, телефон, радио 
жұмыстары уақытша тоқталады.
Магниттік дауылдардың аса күшті байқалатын жері 66-67
о
солтүстік жəне оңтүстік ендіктер бойы жəне бұл ендіктер поляр 
шұғыласының да тұрақты байқалатын ауданы болып саналады.
Жердің магнит өрісі оның айналу білігіне 11,5° бұрышпен еңкіш 
орналасқан, екі полюсті (диполюс) Солтүстік жəне Оңтүстік маг-
нит полюстеріне жіктеледі. Компастағы магнит бағдары магнит күші 
сызықтары бағытына бағдарланады. Магнитті бағдар орналасқан 
жазықтық – магниттік меридиан деп аталады. Магнит мериди-
андары да географиялық полюстер сияқты магнит полюстері деп 
аталатын екі нүктеде кездеседі (38-сурет). 
Магниттік полюсті 1831 жылы Джеймс К. Росс қазіргі орнынан 
жүз километрлік қашықтықтан ашқан болатын. 
Магниттік полюстер географиялық полюспен сəйкес келмейді 
жəне олардың координаттары кеңістікте өзгеріп тұрады. Мысалы, 
1970 жылы солтүстік нүкте – 75°42′ с.е., 101°30 б.б., оңтүстік нүкте 


104
– 65°30′ о.е., 140°18′ ш.б. орналасқан болса, 1985 жылы солтүстік 
нүкте 77°36′ с.е., 102°48′ б.б., оңтүстік нүкте – 65°06′ о.е., 139° ш.б. 
координатына сəйкес келген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет