115
Материктік құрылымдар көпшілік жағдайда мұхит астына дейін
созылып жатады жəне 200
м-ге дейінгі тереңдіктегі материктік
қайраң мен 2500-3000 метрлік тереңдікке дейінгі
материктік бет-
кейлерден тұрады.
Мұхиттар шегінде тұрақты облыстарға – мұхиттық платформа-
лар, мұхит табанының ауқымды аумақтары, тереңдігі 4-6 км ауқым-
ды абиссальды жазықтар жатады Ал мұхиттағы қозғалмалы белде-
улерге суасты орта жоталары, жағалық теңіздер қазаншұңқырлары
(Охот, Жапон), аралдық доғалар (Курил, Жапон), терең шұңғымалар
дамыған Тынық мұхитының сейсмикалық белсенді шет аймақтары
кіреді.
Геофизикалық зерттеулердің алғашқы сатыларында жер
қыртысының
бір-бірінен құрылымы, құраушы жыныстары бойын-
ша ажыратылатын екі негізгі:
материктік жəне
мұхиттық жер
қыртысы типі бөлінетін.
Кейінгі
геотектоникалық
зерттеулер
нəтижесінде
жер
қыртысының тағы да екі типі анықталды, олар
өтпелі жер қыртысы
жəне
рифтілік жер қыртысы деп аталады.
Материктік жер қыртысының жоғарғы бөлігінде шөгінді жы-
ныстар қабаты, ал одан төменде геофизикалық деректер бойынша,
гранит жəне базальт қабаттары орналасқан. Гранит жəне
базальт
қабаттарының шекаралас бөліктерінде сейсмикалық толқындардың
жылдамдығы күрт өзгеретіні байқалған. Мұхиттық жер қыртысында
гранит қабаты болмайды жəне шөгінді жыныстар қабаты салыстыр-
малы түрде жұқа болып келеді.
Материктік жер қыртысының қалыңдығы платформа шегінде 35-
40 (45) км, жас тау құрылымдарында 55-70 (75) км дейін өзгереді.
Материктік жер қыртысы суасты құрлық шетіне де жалғасады.
Қайраң аймағында оның қалыңдығы 20-25 км дейін азаяды, ал
материктік беткейлерде 2,0-2,5 км тереңдікте сыналап шығады.
Материктік жер қыртысы үш қабаттан тұрады. Бірінші, ең
жоғарғы қабаты қалыңдығы платформалар шегінде 5 (10) км, тау
құрылымдарындағы тектоникалық иіндерде 15-20 км
дейін толған
шөгінді жыныстардан тұрады. Сейсмикалық ұзына бойлы толқындар
жылдамдығы 5 км/с шамасында қозғалады.
Екінші – гранит қабаты 50% граниттен, 40% гнейстен жəне
əртүрлі дəрежедегі метаморфты жыныстардан тұрады.
Осыған
сəйкес, оны кейде гранитті-гнейсті немесе гранитті-метаморфтық
қабат деп те атайды. Оның орташа қалыңдығы – 15-20 км (тау
116
құрылымдарында 20-25 км). Сейсмикалық толқындар жылдамдығы
(Vp) – 5,5-6,0 (6,4) км/с шамасында болады.
Үшінші, төменгі қабат – базальтты жыныстардан құралады.
Химиялық құрамы мен сейсмикалық
толқын жылдамдығы
өлшемдері бойынша бұл қабат базальтқа жақын. Əйткенмен, кей
болжамдар бойынша ол габбро типтес негізгі интрузиялы жыныс-
тардан жəне метаморфты-амфиболитті, гранулитті фациядағы мета-
морфты жыныстардан құралады. Ультранегізді жыныстардың болуы
да жоққа шығарылмайды.
Сондықтан, гранулитті-базальтты қабат
деп те атауға да болады.
Оның қалыңдығы 15-20 км-ден 35 км-ге дейін өзгереді. Толқын
таралу жылдамдығы – 6,5-6,7 (7,4) км/с аралығында. Гранитті-
метаморфтық жəне гранулитті-базальтты қабаттарының арасындағы
шекара
Конрад сейсмикалық бөлімі болуымен ерекшеленеді.
Ұзақ уақыт бойы Конрад шегі бүкіл
материктік жер қыртысы
бойында таралған деп саналған, бірақ кейінгі зерттеулер Конрад беті
барлық жерде емес, тек кей бөліктерде тіркелгенін көрсетті.
Достарыңызбен бөлісу: