47
оқушылардың педагогикалық жіктелуі (В.В. Воронкова бойынша) алынған.
Бірінші, екінші, үшінші типологиялық топқа жататын оқушылар бір тақырып
көлемінде оқиды, бұл ретте оқыту процесінде оларға сараланған тәсілдеме
қолданылады. Ол, мысалы, вариативтілігінен көрінуі мүмкін:
- оқушылардың өзіндік дәрежесі;
- мұғалім көмегінің түрлері;
- көрнекілік-дидактикалық материалдың түрлері;
- орындалатын жұмыстың көлемі;
- оқу тапсырмаларының күрделілігі және т.с.с.
4-ші типологиялық топтың оқушылары көбінесе оқытудың жеке
бағдарламасына сәйкес басқа оқу тақырыбының аясында жұмыс жасайды.
Педагог жеке-дара сипаттағы тапсырманы
және жеке көмек шарасын
ойластырады.
Төрт типологиялық топтардың оқушыларын оқытудың маңызды тұсы
оқу жетістіктерінің әркелкі болу фактісі болып табылады, яғни әр баланың
оқытудағы өз ісі болады. Мұны мұғалім оң нәтиже ретінде бағалауы тиіс.
Орташа ақыл-ой кемістігі бар оқушыларды оқыту жеке оқу
бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады. Олар баланы кешенді
психологиялық-педагогикалық зерттеу негізінде
сынып педагогімен және
мектеп консилиумының мамандарымен жартыжылдықтан аспайтын мерзімге
жасалады. Оқытудың жеке бағдарламасын іске асыру уақыты өткеннен кейін
әрбір
оқушының
жетістіктеріне
талдау
жүргізіледі
және
келесі
жартыжылдыққа арналған жоспарлау орындалады. Педагог әрбір оқушының
жеке мүмкіндіктерін және оқу жетістіктері мен жеке жетістіктерінің
мониторинг нәтижелерін ескере отырып,
оқытудың мазмұнын, әдістерін,
түрлерін, дидактикалық құралдарын өз бетінше таңдайды.
Орташа ақыл-ой кемістігі бар оқушыларды оқытудың мазмұны
мыналарды: өзі туралы түсініктерді; өзіне өзі қызмет көрсету және өз тыныс-
тіршілігін қамтамасыз ету дағдыларын; қоршаған орта туралы және ортаға
бейімделу туралы қолжетімді түсініктерді; коммуникативтік икемділіктерді;
заттық-тәжірибелік
және қолжетімді еңбек қызметін; практикалық
бағыттылығы бар және тәрбиеленушілердің психофизикалық мүмкіндіктеріне
сәйкес келетін жалпы білім беретін пәндер бойынша білімді қалыптастыруға
бағытталған.
Бірінші сатыда оқу процесі пәндік емес оқыту негізінде
ұйымдастырылады: барлық сабақтар біріктірілген сипатта болады және
оқушыларды жалпы дамытуға бағытталған (коммуникативтік, қимылдық,
сөйлеу, сенсорлық). Оқушылардың жеке дамуындағы
алға жылжуына қарай
пәндік оқытуға көшу жүзеге асырылады.
Орташа ақыл-ой кемістігі бар оқушылардың жетістіктерін бағалау
кезінде білім беру процесін дараландырудың негізі болып табылатын
сипаттамалық бағалау қолданылады (Ақыл-ойы кем оқушыларды критериалды
48
бағалау бойынша әдістемелік ұсынымдарды Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА
сайтынан қараңыз (
Достарыңызбен бөлісу: