Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет147/321
Дата01.03.2024
өлшемі5.77 Mb.
#493550
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   321
Психиатрия(каз)(@kaz medical students) (1)

Патологиялық мастану 
 
Патологиялық мастану жедел қысқа уақыттық ағымда ӛтетін 
психикалық бҧзылыстар тобына жатады. Бҧл алкогольды қабылдау 
нәтижесінде пайда болатын ӛзіне тән симптоматикамен ӛтетін психотикалық 
кҥй. Патологиялық мастануға қарауытқан бҧзылыс тҥріндегі сананың 
кҥтпеген жерден пайда болатын ӛзгерістері тән, бҧл қарапайым мастану 
кезіндегі есеңгіреу жағдайынан сапасы бойынша ӛзгеше болады. Қарапайым 
алкогольдік мастануды патологиялықтан айыратын белгі сана бҧзылысының 
сипатын анықтау болып табылады. 
Патологиялық мастану алкогольдің тек аз мӛлшерін ғана емес 
(ертеректе ослай саналған), сонымен қатар едеуір дозаларын қабылдағаннан 
кейін де пайда болады. 
Патологиялық мастану жағдайында жасалған қоғамға қауіпті іс-
әрекеттер қандай-да бір шынайы оқиғаларға реакция болып табылмайды. 
Олардың негізіне дертті импульстер, талпыныстар, елестер жатыр. Бҧл кҥйде 
кҥрделі автоматтандырылған дағдылар мен тепе-теңдікті реттейтін жҥйкелік- 
психикалық механизмдер бҧзылмайды, сондықтан патологиялық мастану 
жағдайындағы науқастар дертті негіздегі агрессивті әрекеттерді іске асруға 
бағытталған икемді және кҥрделі іс-әрекеттерді іске асыруға қабілетті. Бҧл 
адамдарда кҥрделі мақсатты істер жасау, транспортты қолдану, ҥйге жолды 
дҧрыс тауып бару және т.б. қабілеті сақталады. Патологиялық мастану 
жағдайы оның басталуы тәрізді кҥрт аяқталады, кейде ҧйқыға ауысады. 
Патологиялық мастану кезеңі толығымен ҧмытылады. 
Патологиялық мастану соттық - психиатриялық тәжірибеде психоз 
есебінде бағаланады, және олар қабілетсіз деп танылады. 
Алкоголизм этиологиясы мен патогенезі 
Соңғы жылдар зерттеулері алкоголизм этиологиясын әлеуметтік, 
психологиялық және физиологиялық факторлардың жиынтықты әсерімен 
байланыстырады. Алкоголизм этиологиясында сонымен қатар, алкогольге 
кӛзқарас мотивациясын анықтап қана қоймай, аурудың дамуына да әсер 
ететін преморбидтік мінез-қҧлық сипаты да маңызды рӛл ойнайды. 
Алкоголизмнің дамуында микросоциальдық ортаның, онда белгілі бір 
«алкогольды климаттың» болуы аса маңызды. Микросоциальды ортаның 
салттары мен әсері тек алкоголь қабылдауға кӛзқарас тҥзілуіне ғана емес, 
тҧлға тҥзілуіне де әсерін тигізеді. белгілі бір тҧлғалық ерекшеліктер ӛз 
кезегінде индивидумды алкоголизм даму қауіпіне азды – кӛпті дәрежеде 


~ 235 ~ 
бейім етеді. Алкоголизмнен зардап шегетін адам тҧлғасы жетілмеген
әлеуметтік бейімделуі жеткіліксіз және тҧлға аралық қатынастар тҥзуге 
қабілеті тӛмен болып табылады. Мҧндай тҧлғалық ерекшеліктерді қазіргі 
уақытта тҧқым қуалаушылықпен немесе тәрбиедегі ақаулар нәтижесімен 
тҥсіндіреді. Компенсация мақсатында мҧндай тҧлғалар ӛз жағдайларын 
ӛзгерту ҥшін жиі психоактивті заттарды қолдануға ҧмтылады. 
Алкогольді шектен тыс қолданатындар әрекеттерінің екі мотивациясын 
ажыратады: бірінде алкоголь релаксация шақырады, ал екіншілерінде – 
эйфория, қанағаттану сезімін шақырады. 
Алкоголь адам организміне әсер еткенде филогенез және онтогонез 
ҥрдісінде қалыптасқан реакциялар кешені кӛрініс береді, ол ең бірінші 
кезекте қорғаныстық, сонан соң бейімдеушілік реакциялары болып 
табылады. Осыған байланысты алкогольді шектен тыс қолданбайтын 
адамдардағы мастанудың клиникалық кӛрінісі сияқты ағзаның мастануға 
алғашқы реакциясы адамның қорғаныс реакциясын кӛрсетеді және алғашқы 
сағаттарда улану синдромы тҥрінде кӛрініс береді: ҧйқышылдық, ал кейде 
керісінше психикалық қызметтің қозуы, айқын жҥрек-қантамырлық 
бҧзылыстар және асқазан-ішектік патология симптомдары (қҧсу, диарея). 
Алкогольдың ҥлкен мӛлшерін қабылдағанда есеңгіреу, сопор, тіпті кома 
бақылануы мҥмкін. Алкогольді шектен тыс қолдануды одан әрі 
жалғастырғанда ағзаның уақытша оған бейімделуі байқалады, ол артынан 
кӛптеген жҥйелер мен мҥшелер қызметінің декомпенсациясына алмасады. 
Әртҥрлі клиникалық кӛрініспен жҥретін алкоголизмнің негізгі себебі 
алкогольді салынып ішу болып табылады. Алкогольді қабылдау жҥйкелік 
импульстардың берілуін қамтамасыз ететін биогенді аминдер алмасуына әсер 
етеді және липидтердің асқын тотығуын кҥшейте отырып мидағы 
метаболикалық ҥрдістердің ағымын бҧзады. Алкогольге дертті тәуелділіктің, 
соның ішінде, психикалық және физикалық тәуелділіктің қалыптасуында 
мидың опиатты рецепторлары мен эндогенді пептидтердің маңызды рӛлі 
анықталды. Алкогольдің метоболизмі ерекшеліктері мен толеранттылық 
деңгейін анықтайтын алкогольге генетикалық бейімділіктің рӛлі анықталды. 
Бҧл жерде биологиялық факторлардың, және де адам ӛміріндегі қосымша 
патогенді әсерлердің де маңызы зор деп есептеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   321




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет