7 сынып информатикадио



Pdf көрінісі
бет12/201
Дата01.03.2024
өлшемі1.9 Mb.
#493664
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   201
7 сынып информатика

1.2 Компьютерлік жад 
• 
Жад - компьютерде ақпаратты өңдеу барысында сақтап 
тұратын әрі өңделген ақпаратты компьютер өшкеннен кейін 
де ұзақ уақыт сақтайды
• 
Жадтың түрлері: ішкі жад және сыртқы жад 
• 
 RAM (Random Access Memory) – жедел есте сақтау 
құрылғысы (ЖЕСҚ), компьютердің ішкі жад бөлігі. Ол про-
граммалар өңдейтiн деректерді жазу, оқу мен сақтауға ар-
налған шағын көлемдегі жылдам есте сақтау құрылғысы. 
Жедел жад деректер мен программаларды уақытша сақтау 
үшiн қолданылады
• 
Кэш (ағыл. cach[е] – қойма) – процессор жиі 
қолданылатын деректерді уақытша сақтау үшін қолданыла-
тын шағын көлемді есте сақтауға арналған жад. Кэш – про-
цессор мен одан жылдамдығы төмен жедел жад арасындағы 
өңдеу жылдамдығының айырмашылығын реттеу үшін қолда-
нылатын жад.
• 
ROM (ағыл. read only memory) – тек оқуға ар-
налған жад. ROM – тұрақты жад құрылғысы (ТЖҚ) деп те ата-
лады. ТЖҚ-да дисплей, пернетақта, принтер, сыртқы жадты 
басқару, компьютердi қосу, құрылғыларды тестiлеу (тексеру) 
программалары жазылады.
• 
 Қатқыл диск (ағыл. HDD – hard disk drivе) – сый-
ымдылығы үлкен ақпарат жинақтаушы құрыл ғы. Ол «компью-
тердің негізгі есте сақтау құ рылғысы» немесе «ақпараттық 
қойма» деп те аталады.
• 
Оптикалық диск түрлері: CD-R, CD-RW, DVD-R, 
DVD-RW.
• 
“ R ” форматындағы дискілерге (ағыл. read – оқу) ақпа-
рат бір рет қана жазылады. 
• 
“ RW ” форматындағы дискілерге (ағыл. read – оқу және 
write – жазу) ақпаратты бірнеше рет жазуға, өшіруге, қайта 
жазуға болады.
• 
 Флеш-жад (ағыл. flash – жарқыл) – жазылған 
мәліметтерді есте сақтай алатын микросхема (чип) түрінде 
жасалған жад түрі
• 
Флеш-жад сыйымдылығы – 1 Гигабайттан басталады 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   201




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет