Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-v еңбек Кодексі


-бап. Еңбек шартының шарттардың өзге түрлерінен ерекшелігі



Pdf көрінісі
бет33/131
Дата01.03.2024
өлшемі1.63 Mb.
#493794
түріКодекс
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   131
еңбек кодексі (1)

  
27-бап. Еңбек шартының шарттардың өзге түрлерінен ерекшелігі 
Еңбек шартында мына талаптардың біреуінің болуы: 
1) жұмыскердің жұмысты (еңбек функциясын) белгілі бір біліктілік, мамандық, кәсіп 
немесе лауазым бойынша орындауы; 
2) міндеттемелерді еңбек тәртіптемесіне бағына отырып жеке орындауы; 
3) жұмыскердің еңбегі үшін жалақы алуы шарттардың өзге түрлерінен еңбек 
шартының ерекше белгілері болып табылады. 
  
28-бап. Еңбек шартының мазмұны 
1. Еңбек шартында: 
1) тараптардың деректемелері: 
жұмыс беруші жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын 
куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның тұрақты тұрғылықты жерінің мекенжайы және 
тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мәліметтер, жеке басын куәландыратын 
құжаттың атауы, нөмірі және берілген күні; 
жеке сәйкестендiру нөмiрi (бизнес-сәйкестендiру нөмiрi); 
жұмыс беруші заңды тұлғаның және оның орналасқан жерінің атауы, жұмыс беруші 
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу нөмірі мен күні, бизнес-сәйкестендiру нөмiрi; 
жұмыскердің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта 
көрсетілсе), оның тұрақты тұрғылықты жерінің мекенжайы және тұрғылықты жері 
бойынша тіркеу туралы мәліметтер, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмірі, 
берілген күні, жеке сәйкестендіру нөмірі; 


2) белгілі бір мамандық, кәсіп, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмысы (еңбек 
функциясы); 
3) жұмыстың орындалатын орны; 
4) еңбек шартының мерзімі; 
5) жұмыстың басталу күні; 
6) жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі; 
7) еңбекке ақы төлеу мөлшері мен өзге де шарттары
8) егер жұмыс ауыр жұмыстарға жататын болса және (немесе) зиянды және (немесе) 
қауіпті жағдайларда орындалатын болса, еңбек жағдайларының сипаттамасы, кепілдіктер 
мен жеңілдіктер; 
9) жұмыскердің құқықтары мен міндеттері; 
10) жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері; 
11) еңбек шартын өзгерту мен тоқтату тәртібі; 
12) тараптардың жауаптылығы
13) жасалу күні мен реттік нөмірі болуға тиіс. 
2. Мүгедекпен жасалатын еңбек шартында жұмыс орындарын олардың жеке 
мүмкіндіктерін ескере отырып жабдықтау жөніндегі талаптар қамтылуға тиіс. 
3. Тараптардың келісімі бойынша еңбек шартына Қазақстан Республикасының 
заңнамасына қайшы келмейтін өзге де талаптар енгізілуі мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   131




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет