204-бабының
редакциясына сәйкес 6) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан
бастап қолданылды) (
бұр.ред.қара
)
6) өз бетінше жұмысқа орналасу үшін келетін шетелдік жұмыскерлердің еңбек
қызметін жүзеге асыруының Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленетін
мерзімдері, жергілікті атқарушы орган шетелдік жұмыс күшін тартуға берген рұқсаттар не
ішкі істер органдары еңбекші көшіп келушіге берген рұқсат шегінде жасалуы мүмкін.
2. Шағын кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлермен еңбек шарттарын осы баптың 1-
тармағының 2) тармақшасында көзделген шектеусіз белгілі бір мерзімге жасаса алады.
3. Мемлекеттік органның шетелдік жұмыскерімен еңбек шарты мемлекеттік органның
басшысы айқындайтын мерзімге жасалады.
4. Заңды тұлға мүлкінің меншік иесі немесе ол уәкілеттік берген тұлға (орган) не
заңды тұлғаның уәкілетті органы немесе ол уәкілеттік берген тұлға заңды тұлғаның
атқарушы органының басшысымен еңбек шартын Қазақстан Республикасының
заңдарында, тараптардың құрылтай құжаттарында немесе келісімінде белгіленген
мерзімге және тәртіппен жасасады.
Егер заңды тұлғаның атқарушы органының басшысымен
жасалған еңбек шартының
қолданылу мерзімі өткен жағдайда, тараптардың ешқайсысы еңбек шартының қолданылу
мерзімі өткенге дейін соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей еңбек қатынастарын тоқтату
туралы хабардар етпесе, еңбек шарты құрылтайшылар, заңды тұлға мүлкінің меншік иесі
немесе ол уәкілеттік берген тұлға (орган) не заңды тұлғаның уәкілетті органы жаңа
басшыны не сол адамның өзін сайлау (лауазымға тағайындау, бекіту)
туралы шешім
қабылдағанға дейінгі мерзімге, егер көрсетілген шешімде ұзартудың өзге мерзімі
айқындалмаған болса, ұзартылады.
2016.06.04. № 483-V ҚР
Заңымен
5-тармақ жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
)
5. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан
Республикасы Заңы
11-бабының 1-тармағына
сәйкес
зейнеткерлік жасқа толған, кәсіби
және біліктілік деңгейі жоғары жұмыскермен еңбек шарты оның еңбекке қабілеттілігі
ескеріле отырып, осы баптың 1-тармағы 2) тармақшасының төртінші бөлігінде көзделген
шектеусіз, жыл сайын ұзартылуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: