Қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
2020.04.05. № 321-VІ ҚР
Заңымен
2) тармақша жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
)
2) шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты
немесе азаматтығы
жоқ адамның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын
шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін) не босқын куәлігі;
3) тиісті білімді, машық пен дағдыны талап ететін жұмысқа еңбек шартын жасасу
кезінде білімі,
біліктілігі туралы, арнайы білімі немесе кәсіптік даярлығының болуы
туралы құжат;
4) еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар адамдар үшін);
5) алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат (осы Кодекске және
Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес осындай
куәландырудан өтуге міндетті адамдар үшін) қажет.
2. Кәмелетке толмағандардың қатысуымен білім беру,
тәрбиелеу, демалысты
ұйымдастыру және сауықтыру, дене шынықтыру және спорт, медициналық қамтамасыз
ету, әлеуметтік қызметтер көрсету, мәдениет және өнер саласында еңбек шартын жасасу
үшін адам:
адам өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, адамдардың денсаулығына
және имандылыққа, жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы,
экстремистік немесе
террористік қылмыстар, адам саудасы сияқты қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны
туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама ұсынады.
2020.30.12. № 393-VI ҚР
Заңымен
3-тармақ жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
)
3. Азаматтық қызметке, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жұмысқа тұру кезінде
адам сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі
туралы анықтама ұсынады.
4. Жұмыскер қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын басқа жұмыс берушімен
жасасу үшін негізгі жұмыс орны бойынша еңбектің сипаты мен шарттары (жұмыс орны,
лауазымы, еңбек жағдайлары) туралы анықтама ұсынады.
5. Мемлекеттік органның шетелдік жұмыскерлері тартылған
кезде еңбек шартын
жасасу үшін қажетті құжаттардың тізбесі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен
шетелдік жұмыскерлерді тарту тәртібіне сәйкес айқындалады.
2020.04.05. № 321-VІ ҚР
Заңымен
6-тармақ жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
)
6. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген
жағдайларды қоспағанда, жұмыс беруші осы бапта көзделмеген құжаттарды талап етуге
құқылы емес.
7. Құжаттардың төлнұсқаларын жұмыс берушіде
сақтауға не Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгіленген рәсімдерді орындау үшін уақытша
қалдыруға жұмыскер келіскен жағдайда, жұмыс беруші жұмыскерге құжаттарды қайтару
туралы жазбаша міндеттеме береді.
Достарыңызбен бөлісу: