ауыстыру кезінде өзгерту туралы хабарлама алған тарап қабылданған шешім туралы осы
бапта белгіленген мерзімде екінші тарапқа хабарлауға міндетті.
3. Адамды жұмысқа жіберу еңбек шартын жасасқаннан кейін ғана жүзеге асырылады.
Жұмыс берушінің кінәсінен еңбек шарты болмаған және (немесе) тиісті түрде
ресімделмеген жағдайда, ол Қазақстан Республикасының
заңдарында белгіленген
тәртіппен жауаптылықта болады. Бұл жағдайда еңбек қатынастары жұмыскер жұмысқа
кіріскен күннен бастап туындады деп есептеледі.
4. Еңбек шартының жұмыс берушінің кінәсінен жарамсыз
деп танылуы бұрынғы
жұмыскердің еңбегіне ақы алу, жыл сайынғы ақы
төленетін еңбек демалысының
пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемін, өзге де төлемдер
мен жеңілдіктер алу
құқығынан айырылуына әкеп соқпайды.
Еңбек шартының жекелеген талаптарының жарамсыз деп танылуы еңбек шартының
тұтастай жарамсыздығына әкеп соқпайды.
Достарыңызбен бөлісу: