37-бап. Жұмысқа қабылдау кезіндегі сынақ нәтижесі
1. Жұмыскердің сынақ мерзімі кезеңіндегі жұмысы теріс нәтиже берген кезде, жұмыс
беруші оны жазбаша нысанда хабардар ете отырып, еңбек шартын бұзу үшін негіз болған
себептерді көрсетіп, онымен еңбек шартын бұзуға құқылы.
2020.04.05. № 321-VІ ҚР
Заңымен
2-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
2. Егер сынақ мерзімі аяқталса және жұмыс беруші еңбек шартының бұзылуы туралы
хабардар етпесе, онда жұмыскер сынақ мерзімінен өткен болып есептеледі.
38-бап. Жұмыскерді басқа жұмысқа ауыстыру
1. Мыналар:
1) жұмыскер жұмысының (еңбек функциясының) өзгеруі, яғни жұмысты басқа
лауазым, мамандық, кәсіп, біліктілік бойынша орындау;
2) еңбек шартында келісілген еңбек жағдайлары (жалақы мөлшері, жұмыс уақыты мен
тынығу уақытының режимі, жеңілдіктер мен басқа да жағдайлар) оны орындау кезінде
өзгеретін өзге жұмысты тапсыру;
3) жұмыс берушінің оқшауланған құрылымдық бөлімшесіне ауыстыру;
4) жұмыс берушімен бірге басқа жерге ауыстыру жұмыскерді басқа жұмысқа
ауыстыру болып табылады.
2. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыскерді басқа жұмысқа
ауыстыруға жұмыскердің келісімімен жол беріледі, ол еңбек шартына тиісті өзгерістер
енгізумен және жұмыс берушінің актісімен ресімделеді.
3. Жұмыскердің денсаулық жағдайына байланысты медициналық қорытындымен
расталған қарсы көрсетілімдер болған кезде, жұмыскерді басқа жұмысқа ауыстыруға жол
берілмейді.
39-бап. Жұмыскерді жұмыс берушімен бірге басқа жерге ауыстыру
1. Жұмыс беруші, егер еңбек, ұжымдық шарттарда хабарлаудың неғұрлым ұзақ
мерзімі көзделмесе, жұмыс берушінің басқа жерге көшетіні туралы жұмыскерге кемінде
бір ай бұрын жазбаша хабардар етуге міндетті.
2020.04.05. № 321-VІ ҚР
Заңымен
2-тармақ жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
)
2. Жұмыскер жұмыс берушімен бірге басқа жерге ауысудан жазбаша бас тартқан
жағдайда не жұмыскердің жұмыс берушімен бірге басқа жерге ауысудан жазбаша бас
тартуды беруден бас тартуын куәландыратын акт болған кезде жұмыскермен еңбек шарты
осы Кодекстің
58-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында
көзделген негіз бойынша
тоқтатылады.
2020.04.05. № 321-VІ ҚР
Заңымен
40-бап жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
)
Достарыңызбен бөлісу: |