45-бап. Жұмыскерді басқа жұмыс орнына ауыстыру. Лауазым (жұмыс)
атауының өзгеруі
2020.04.05. № 321-VІ ҚР
Заңымен
1-тармақ жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
)
1. Жұмыскерді еңбек шартында келісілген лауазым,
мамандық, кәсіп, біліктілік
шегінде және еңбекке ақы төлеу мөлшері мен шарттары сақтала отырып,
басқа жұмыс
орнына не сол жердегі басқа құрылымдық бөлімшеге ауыстыруға не оған басқа
механизмде немесе агрегатта жұмыс істеуді тапсыруға жұмыскердің келісімі талап
етілмейді.
2. Жұмыскер үшін еңбек жағдайларын өзгертуге
әкеп соқпайтын жұмыскер
лауазымының (жұмысының), құрылымдық бөлімшенің атауын өзгертуді, басқару
құрылымын өзгертуді жұмыс беруші жұмыскердің келісімінсіз жүзеге асыра алады.
Достарыңызбен бөлісу: