6) тараптардың еркінен тыс мән-жайлар;
7) жұмыскердің еңбек қатынастарын жалғастырудан бас тартуы;
8) Қазақстан Республикасының заңдарында
көзделген жағдайлардан басқа,
жұмыскердің сайланбалы жұмысқа (лауазымға) ауысуы немесе еңбек қатынастарын
жалғастыру мүмкіндігін жоққа шығаратын лауазымға тағайындалуы;
9) еңбек шартын жасасу талаптарының бұзылуы болып табылады.
50-бап. Еңбек шартын тараптардың келісімі бойынша бұзу тәртібі
1. Еңбек шарты тараптардың келісімі бойынша бұзылуы мүмкін.
2. Еңбек шартын тараптардың келісімі бойынша бұзуға ниет білдірген,
еңбек
шартының бір тарапы еңбек шартының екінші тарапына хабарлама жібереді.
Хабарламаны алған тарап үш жұмыс күні ішінде екінші тарапқа қабылданған шешім
туралы жазбаша нысанда хабарлауға міндетті.
Тараптардың келісімі бойынша еңбек шартының бұзылу күні жұмыскер мен жұмыс
берушінің арасындағы келісім бойынша айқындалады.
3. 2020.04.05. № 321-VІ ҚР
Заңымен
алып тасталды
(
бұр.ред.қара
)
51-бап. Еңбек шартын мерзiмi өткеннен кейін тоқтату тәртібі
1. Белгiлi бiр мерзiмге жасалған еңбек шарты мерзiмiнiң өтуіне байланысты
тоқтатылады.
2020.04.05. № 321-VІ ҚР
Заңымен
2-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
2. Егер жүкті әйел бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге жасалған еңбек шартының
мерзімі аяқталған күні мерзімі он екі және одан көп апта жүктілігі
туралы анықтама
ұсынса, сондай-ақ үш жасқа дейінгі баласы бар, бала асырап алған және бала күтімі
бойынша жалақысы сақталмайтын демалысқа өз құқығын
пайдалануға ниет білдірген
жұмыскер уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру жағдайынан басқа, еңбек шартының
мерзімін ұзарту туралы жазбаша өтініш берсе, онда
жұмыс беруші еңбек шартының
мерзімін бала күтімі бойынша демалыс аяқталған күнді қоса алып ұзартуға міндетті.
3. Белгiлi бiр жұмыстың орындалу уақытына жасалған еңбек шартының мерзiмi өткен
күн жұмыстың аяқталған күні болып табылады.
2020.04.05. № 321-VІ ҚР
Заңымен
4-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
4. Уақытша болмаған жұмыскердi алмастыру уақытына жасалған еңбек шарты
мерзiмiнiң өткен күнi жұмыс орны (лауазымы) сақталған жұмыскердiң жұмысқа шығатын
күнi не жұмыс орны (лауазымы) сақталған жұмыскермен еңбек шарты тоқтатылған күн
болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: