Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-v еңбек Кодексі


-бап. Тәртіптік жазаларды қолдану тәртібі



Pdf көрінісі
бет52/131
Дата01.03.2024
өлшемі1.63 Mb.
#493794
түріКодекс
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   131
еңбек кодексі (1)

  
65-бап. Тәртіптік жазаларды қолдану тәртібі 
2018.24.05. № 156-VI ҚР 
Заңымен
 1-тармақ жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
); 2020.04.05. 
№ 321-VІ ҚР 
Заңымен
 1-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара

1. Жұмыс беруші тәртіптік жазаны, Қазақстан Республикасының заңдарында 
көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыс берушінің актісін шығару арқылы қолданады. 
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, ұлттық басқарушы 
холдингтің бірінші басшысы тәртіптік жаза қолданған кезде осы баптың және осы 
Кодекстің 
66-бабының
 ережелері қолданылады. 
2. Жұмыс беруші тәртіптік жазаны қолданғанға дейін жұмыскерден жазбаша 
түсініктеме талап етуге міндетті. Егер екі жұмыс күні өткеннен кейін жұмыскер жазбаша 
түсініктеме бермесе, онда тиісті акт жасалады. 
Жұмыскердің түсініктеме бермеуі тәртіптік жаза қолдану үшін кедергі бола алмайды. 
3. Әрбір тәртіптік теріс қылық үшін жұмыскерге бір тәртіптік жаза ғана қолданылуы 
мүмкін. 
4. Жұмыс берушінің жұмыскерге тәртіптік жаза қолдану туралы актісі: 
1) жұмыскер еңбекке уақытша қабілетсіз болған; 
2) жұмыскер мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді атқару уақытына жұмыстан 
босатылған; 
3) жұмыскер демалыста немесе вахтааралық демалыста болған; 
2020.04.05. № 321-VІ ҚР 
Заңымен
 4) тармақша өзгертілді (
бұр.ред.қара

4) жұмыскер іссапарда болған; 
2020.04.05. № 321-VІ ҚР 
Заңымен
 5) тармақшамен толықтырылды
5) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың бұзылуына жол 
берген тұлғаларға қатысты еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны тергеп-
тексеру жүргізілген кезеңде шығарылмайды. 
2020.04.05. № 321-VІ ҚР 
Заңымен
 5-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара

5. Тәртіптік жаза қолдану туралы акт шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні 
ішінде тәртіптік жазаға тартылған жұмыскерге қолын қойғызып хабарланады. Жұмыскер 
жұмыс берушінің актісімен танысқанын қол қойып растаудан бас тартқан жағдайда, 
тәртіптік жаза қолдану туралы актіде бұл туралы тиісті жазба жасалады. 
Жұмыскерді жұмыс берушінің тәртіптік жаза қолдану туралы актісімен жеке 
таныстыруға мүмкіндік болмаған жағдайда, жұмыс берушінің актісі шығарылған күннен 
бастап үш жұмыс күні ішінде жұмыс беруші жұмыскерге табыс етілгені туралы 
хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы тәртіптік жаза қолдану туралы актінің 
көшірмесін жіберуге міндетті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   131




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет