Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-v еңбек Кодексі


-бап. Тәртіптік жазаларды белгілеу және қолдану мерзімі



Pdf көрінісі
бет53/131
Дата01.03.2024
өлшемі1.63 Mb.
#493794
түріКодекс
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   131
еңбек кодексі (1)

  
66-бап. Тәртіптік жазаларды белгілеу және қолдану мерзімі 
1. Осы Кодекстің 
65-бабының 4-тармағында
және Қазақстан Республикасының басқа 
да заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тәртіптік жаза жұмыскерге тәртіптік 
теріс қылық анықталған кезде тікелей, бірақ ол анықталған күннен бастап бір айдан 
кешіктірілмей қолданылады. 


Осы Кодекстің 
176-бабында
 көзделген жағдайларда тәртіптік жазалар ереуілді заңсыз 
деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап бір айдан кешіктірілмей 
қолданылады. 
2019.26.11. № 273-VІ ҚР 
Заңымен
 2-тармақ жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
)
2. Тәртіптік жазаны - тәртіптік теріс қылық жасалған күннен бастап алты ай өткеннен 
кейін, ал Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген немесе ревизия немесе 
жұмыс берушінің қаржы-шаруашылық қызметін тексеру нәтижелері бойынша тәртіптік 
теріс қылық анықталған жағдайларда жұмыскер тәртіптік теріс қылық жасаған күннен 
бастап бір жыл өткеннен кейін қолдануға болмайды. 
2019.26.11. № 273-VІ ҚР 
Заңымен
 3-тармақ жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
)
3. Тәртіптік жауаптылық туралы мәселені қарау және тәртіптік жазаны қолдану 
мерзімінің өтуі: 
1) жұмыскердің еңбекке уақытша қабілетсіздігіне байланысты жұмыста болмау; 
2) мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындау үшін жұмыстан босатылу; 
3) демалыста, іссапарда немесе вахтааралық демалыста болу; 
4) қылмыстық іс, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу 
кезеңінде, сондай-ақ жұмыскердің тәртіптік жауаптылығы туралы мәселені шешуге әсер 
ететін сот актісі немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті 
лауазымды адамның актісі заңды күшіне енгенге дейін; 
5) жұмыскердің даярлауда, қайта даярлауда, біліктілікті арттыру курстарында және 
тағылымдамада болу; 
2020.04.05. № 321-VІ ҚР 
Заңымен
 6) тармақша өзгертілді (
бұр.ред.қара

6) жұмыскердің тәртіптік теріс қылық жасағаны туралы жұмыс берушінің актілеріне 
оның сот тәртібімен шағым жасау
2020.04.05. № 321-VІ ҚР 
Заңымен
 7) тармақшамен толықтырылды
7) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың бұзылуына жол 
берген тұлғаларға қатысты еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны тергеп-
тексеру жүргізілген кезеңде тоқтатыла тұрады. 
4. Осы Кодексте көзделген негіздер бойынша еңбек шартын бұзуды қоспағанда, 
тәртіптік жаза қолдану мерзімі ол қолданылған күннен бастап алты айдан аспайды. 
5. Жұмыскерге тәртіптік жаза қолданған жұмыс беруші тәртіптік жазаны мерзімінен 
бұрын жұмыс берушінің актісін шығару арқылы алып тастауға құқылы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   131




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет