Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-v еңбек Кодексі



Pdf көрінісі
бет54/131
Дата01.03.2024
өлшемі1.63 Mb.
#493794
түріКодекс
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   131
еңбек кодексі (1)

  
6-тарау. ЖҰМЫС УАҚЫТЫ 
  
67-бап. Жұмыс уақыты және оның түрлері 
1. Дайындық-қорытынды жұмысы (наряд-тапсырма, материалдар, құралдар алу, 
техникамен, құжаттамамен танысу, жұмыс орнын дайындау және жинау, дайын өнімді 
тапсыру және басқалар) уақытының кезеңдері, еңбек технологиясында, еңбекті 
ұйымдастыруда; еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі қағидаларында көзделген 
үзілістер; жұмыскер өзінің уақытына еркін иелік ете алмайтын жұмыс орнында болу 
немесе жұмысты күту уақыты; мереке және демалыс күндеріндегі кезекшіліктер; үйдегі 
кезекшілік, сондай-ақ еңбек, ұжымдық шарттарға, жұмыс берушінің актілеріне немесе 
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес басқа да кезеңдер 
жұмыс уақытына жатады. 
2. Ұзақтығы қалыпты, ұзақтығы қысқартылған және толық емес жұмыс уақыты болуы 
мүмкін. 
  
68-бап. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы  
1. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс. 


2. Еңбек шартында жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы үшін төленетіндей 
төлемақымен ұзақтығы азырақ жұмыс уақыты көзделуі мүмкін. 
3. Негізгі жұмыс орны бойынша және қоса атқаратын жұмысы бойынша күнделікті 
жұмыстың жиынтық ұзақтығы осы Кодекстің 
71-бабының 4-тармағында
белгіленген 
күнделікті жұмыс ұзақтығының нормасынан 4 сағаттан артық аспауға тиіс. 
  
69-бап. Жұмыскерлердің жекелеген санаттары үшін жұмыс уақытының 
қысқартылған ұзақтығы 
1. Он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлер үшін: 
1) он төрт жастан он алты жасқа дейінгі жұмыскерлер үшін - аптасына 24 сағаттан 
аспайтын; 
2) он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі жұмыскерлер үшін - аптасына 36 сағаттан 
аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді. 
2020.19.12. № 386-VІ ҚР 
Заңымен
 2-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара

2. Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда 
істейтін жұмыскерлер үшін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың 
тізіміне, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті 
жұмыстардың 
тізбесіне
сәйкес аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының 
қысқартылған ұзақтығы белгіленеді. 
Осы тармақта белгіленген жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы ауыр, зиянды 
және (немесе) қауіпті жағдайлардағы еңбегі өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары 
бойынша аттестаттау нәтижелерімен расталған жұмыскерлерге қолданылады.
Жұмыс беруші өндірістік объктілерді еңбек жағдайлары бойынша, сондай-ақ 
аттестаттауға жатпайтын жұмыс орындары бойынша аттестаттауды өткізбеген жағдайда, 
жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен 
лауазымдардың тізіміне, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) 
қауіпті жұмыстардың тізбесіне сәйкес толық көлемде беріледі.
Жіберуші тараптың жұмыскерлеріне жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы 
қабылдаушы тараптың өндірістік объектілерін еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау 
нәтижелерінің негізінде беріледі. 
2020.04.05. № 321-VІ ҚР 
Заңымен
 3-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара

3. Бірінші және екінші топтардағы мүгедек жұмыскерлерге аптасына 36 сағаттан 
аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді.
4. Жұмыскерлерге жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленген кезде 
олардың еңбегіне ақы төлеу осы Кодекске сәйкес жүргізіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   131




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет