104-бап. Жалақының ең төмен мөлшерін белгілеу
1. Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан
Республикасының
заңында
жыл сайын белгіленетін айлық жалақының ең төмен мөлшері
ең төмен күнкөріс деңгейінен кем болмауға тиіс және ол қосымша ақылар мен
үстемеақыларды, өтемақы мен әлеуметтік төлемдерді, сыйлықақылар мен басқа да
ынталандырушы төлемдерді қамтымайды және жұмыс істелген уақытқа пропорционалды
түрде төленеді.
2. Өз еңбек міндеттерін орындаған жұмыскердің сағаттық жалақысының ең төмен
мөлшері тиісті күнтізбелік жылдағы жұмыс уақыты балансына сәйкес орташа айлық
жұмыс сағаттарының санына бөлінген айлық жалақының ең төмен мөлшерінен кем
болмауға тиіс.
3. Бірінші разрядты жұмыскердің еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарында және
(немесе) жұмыс берушінің актілерінде көзделген айлық жалақысының ең төмен мөлшері
немесе айлық тарифтік мөлшерлемесінің мөлшері тиісті қаржы жылына арналған
республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген айлық
жалақының ең төмен мөлшерінен кем болмауға тиіс.
2020.19.12. № 386-VІ ҚР
Заңымен
105-баптың тақырыбы өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
105-бап. Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті
жұмыстарда істейтін жұмыскерлердің, жіберуші тарап жұмыскерлерінің
еңбегіне ақы төлеу
1. Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда
істейтін жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеу еңбек жағдайлары қалыпты жұмыстарда
істейтін жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеумен салыстырғанда жоғарылатылған
мөлшерде, жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар (мөлшерлемелер) немесе еңбек
жағдайларын салалық келісімде айқындалатын зияндылық пен қауіптілік дәрежесі
бойынша сыныптайтын салалық коэффициенттерді ескере отырып, ұжымдық шартта
немесе жұмыс берушінің актісінде мөлшері айқындалатын қосымша ақылар белгілеу
арқылы белгіленеді.
2. Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда
істейтін жұмыскерлердің еңбегіне жоғарылатылған мөлшерде ақы төлеу Өндірістердің,
цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізіміне, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары
зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың
тізбесіне
сәйкес жүзеге асырылады.
2020.19.12. № 386-VІ ҚР
Заңымен
3-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
3. Осы бапта белгіленген еңбекке ақы төлеу талаптары ауыр жұмыстардағы, еңбек
жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардағы еңбегі өндірістік объектілерді
еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерімен расталған жұмыскерлерге
ұсынылады.
Қабылдаушы тараптың өндірістік объектілерін еңбек жағдайлары бойынша
аттестаттау нәтижелерінің негізінде персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге
арналған шартты жасасу кезінде жіберуші тараптың жұмыскерлеріне жоғарылатылған
лауазымдық айлықақылар (мөлшерлемелер) немесе қосымша ақылар белгіленеді.
Жұмыс беруші өндірістік объектілерге еңбек жағдайлары бойынша, сондай-ақ
аттестаттауға жатпайтын жұмыс орындары бойынша аттестаттауды жүргізбеген жағдайда,
ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін
жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеу Өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен
лауазымдардың тізіміне, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе)
қауіпті жұмыстардың тізбесіне сәйкес жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |