Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-v еңбек Кодексі



Pdf көрінісі
бет71/131
Дата01.03.2024
өлшемі1.63 Mb.
#493794
түріКодекс
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   131
еңбек кодексі (1)

  
108-бап. Үстеме жұмысқа ақы төлеу 
Еңбекке уақыт бойынша ақы төлеу кезінде үстеме уақыттағы жұмысқа еңбек немесе 
ұжымдық шарттардың және (немесе) жұмыс беруші актісінің талаптарына сәйкес 
жоғарылатылған мөлшерде, бірақ жұмыскердің күндік (сағаттық) тарифтік мөлшерлемесі 
негізге алына отырып, бір жарым еседен төмен болмайтын мөлшерде ақы төленеді. 
Еңбекке кесімді ақы төлеу кезінде үстеме уақыттағы жұмысқа қосымша ақы төлеу 
жұмыскердің белгіленген күндік (сағаттық) мөлшерлемесінің елу пайызынан төмен 
болмайтын мөлшерде жүргізіледі. 
Тараптардың келісімі бойынша үстеме жұмысқа үстеме жұмыстың бір сағаты үшін 
тынығуға кемінде бір сағат беру есебімен тынығу сағаттарын ұсынуға жол беріледі. 
  
109-бап. Мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа ақы төлеу 
Мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа ақы төлеу еңбек немесе ұжымдық 
шарттардың және (немесе) жұмыс беруші актісінің талаптарына сәйкес жоғарылатылған 
мөлшерде, бірақ жұмыскердің күндік (сағаттық) мөлшерлемесі негізге алына отырып, бір 
жарым еседен төмен болмайтын мөлшерде жүргізіледі. 
  
2020.04.05. № 321-VІ ҚР 
Заңымен
 110-бап өзгертілді (
бұр.ред.қара

110-бап. Түнгі уақыттағы еңбекке ақы төлеу 
Түнгі уақыттағы жұмыстың әрбір сағатына еңбек немесе ұжымдық шарттардың және 
(немесе) жұмыс беруші актісінің талаптарына сәйкес жоғарылатылған мөлшерде, бірақ 


жұмыскердің күндік (сағаттық) мөлшерлемесі негізге алына отырып, бір жарым еседен 
төмен болмайтын мөлшерде ақы төленеді. 
Түнгі жұмыс уақыты мереке немесе демалыс күніне тура келген кезде еңбекке ақы 
төлеу осы баптың бірінші бөлігіне сәйкес түнгі сағаттарға және осы Кодекстің 
109-бабына
 
сәйкес мереке немесе демалыс күндерінің сағаттарына жеке жүргізіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   131




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет