7
Тілдік ортаға енгізу моделі екі тілдің функционалдық сауат-
тылығын қалыптастыру мақсатында мектеп оқушыларына арнап
әзірленді. Оқушылардың бірінші тілі (Т1) – бұл жағдайда елдің
ресми тілі. Екінші тілдің (Т2) елдегі мәртебесі, абыройы мен эконо-
микалық маңызы жоғары. Оқушыларға екі тілді қандай жағдайда
пайдалану түсінікті болу үшін бірінші және екінші тілдерді әртүрлі
мұғалімдер оқытады. Екінші тілден сабақ беретін мұғалім осы тілді
ана тілі деңгейінде немесе еркін (С1-С2) меңгеруі тиіс. Т2-де оқыту
барысында мұғалімдер тек Т2-ні ғана қолданады және аударманы
қолданбайды. Осындай оқытудың нәтижесінде, оқушылар екі тілді
де еркін меңгереді. Мұндай модель әлемнің көптеген елдерінде
(Канада, АҚШ, Жапония, Италия, Испания және т.б.) пайдаланы-
лады.
Достарыңызбен бөлісу: