Ж. Б. Кундакбаева, Шағатай ұлысындағы моңғол хандарының саясатындағы екі


Білімді тексеруге арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет33/63
Дата02.03.2024
өлшемі7.94 Mb.
#494029
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   63
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы 2-кітап

Білімді тексеруге арналған сұрақтар: 
1.Қазақ хандығының құрылған датасына қатысты тарихнамалық пікірлерді 
талдаңыз? 
2.Қазақ хандығының құрылуы қанша жылға созылған тарихи үдеріс және 
оның барысы мен кезеңдеріне талдау жасаңыз? 
4.Қазақ хандығының құрылу барысындағы бірінші саты оқиғаларына талдау 
жасаңдар. 
5. Қазақ хандығының құрылу барысындағы екінші саты оқиғаларына талдау 
жасаңдар. 
6. Қазақ хандығының құрылу барысындағы үшінші саты оқиғаларына талдау 
жасаңдар. 
7. Қазақ хандығының құрылу барысындағы төртінші саты оқиғаларына 
талдау жасаңдар. 


192 
§ 4. Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызы 
Жалпы, Қазақ елінің тарихында оның ішінде Қазақ хандығының тарихында 
Қазақ хандығының құрылуының алатын орны ерекше, маңызы зор болып 
саналады. Хандықтың құрылуы Қазақстан аумағында ежелгі замандардан бері 
үзілмей үздіксіз жүріп келген этникалық процестер мен ХІY-ХY ғасырлардағы 
Шығыс Дешті Қыпшақ аумағы мен оған көршілес аймақтардағы саяси 
құрылымдар дамуының заңды қорытындысы болып есептеледі. Сонымен бірге 
бұл маңызды оқиға мемлекеттіліктің дамуындағы белесті бір кезең болуымен 
ерекшеленеді. 
Қазақ хандығының құрылуының аса зор маңызы жағына, оның этникалық 
дамуын жаңа сатыға көтеруі, оны бір деңгейден екінші бір деңгейге жеткізуі 
жатады. Отандық тариханамада қазақ халқының қалыптасуының аяқталу кезеңі 
Қазақ хандығының құрылуымен қатар жүзеге асты деген тұжырым берік 
орныққан. Бұл тұжырымның пайда болуы Қазақ хандығының құрылуымен 
байланысты екендігіне ешкім де шүбә келтірмейді. 
Қазақстан аумағында этникалық процестер ең бері дегенде қола дәуірінен 
бастау алып, біздің заманымыздың ХІY-ХY ғасырларында өзінің халықтық 
деңгейіне көтеріледі. Этникалық процестер барысындағы этникалық элементтер 
мен компоненттердің аумақтық, экономикалық, саяси, діни-мәдени, тілдік, рухани 
ортақ кеңістіктерге бірігуі 2-2,5 мың жылдай уақыт бойы бірнеше тарихи дәуірлер 
мен кезеңдер арқылы жүзеге асады. Әрбір тарихи дәуірде этникалық процесс 
өзіндік даму жолынан ауытқымай, қажетті шарттармен толыға түседі.
Жалпы алғанда ХІІІ ғасыр басына дейін этникалық процесс халықтық 
деңгейге жақындаған болатын ортақ этникалық кеңістік қалыптасып болған еді. 
Бірақта оның толығымен шегіне жетіп, түпкілікті түрде жүзеге асуына саяси-
әлеуметтік ұйым - мемлекет қажетті шарттар жасай алмайды. ХІ ғасырда 
құрылған Қыпшақ хандығы ХІІ ғасырдың ортасынан бастап ішкі және сыртқы 
факторлардың нәтижесінде бытыраңқылыққа ұшырайды. Ал ХІІІ ғасыр басында 
ол жүйе өзінен әлдеқайда мықты мемлекеттік жүйеге – монғолдар мемлекетіне 
орын береді. Соның нәтижесінде Қазақстан аумағындағы этникалық процеске 
жаңа бір тарихи дәуірді – монғолдар үстемдігі дәуірін басынан өткеруге тура 
келді. 
ХІІІ-ХY ғасырлардағы этникалық процестер алғашқы кезеңде біршама 
тежеуге ұшырағанымен, өзінің даму барысынан ауытқымайды. ХІY ғасырдың 
ортасына 
таман 
Шығыс 
Дешті 
Қыпшақ 
аумағындағы 
монғолдық 
этнокомпоненттердің жергілікті этноортаға бейімделуі аяқталады, басқаша 
айтқанда монғол тайпаларының қыпшақтануы аяқталып болады.
Жазба деректерде Дешті Қыпшақ тұрғындары жалпы ортақ атаумен 
қыпшақтар деп аталынса, ХІY ғасырдың ортасынан бастап оны «өзбектер» атауы 
ығыстырып шығарады. Ал Қазақ хандығының құрылуымен Шығыс Дешті 
Қыпшақ тұрғындары үшін «қазақ» атауы қолданыла бастайды. Бұл этноним 


193 
Қазақстан аумағындағы этникалық процестердің мәреге жетіп, бір халықтың 
қалыптасуының аяқталғандығын көрсетеді. Қазақ хандығының құрылу барысы 
мен халықтың қалыптасуының аяқталу кезеңі қатар жүзеге асып, саяси 
жағдайларға байланысты пайда болған «қазақ» термині жаңадан тарих төріне 
көтерілген халыққа да беріледі. Сөйтіп, осыдан жарты мың жылдан астам уақыт 
бұрын этноним ретінде пайда болған «қазақ» сөзі күні бүгінге дейін өзі пайда 
болған аумақтағы халықтың атауы ретінде қолданылып келді. 
Қазақ хандығының құрылуы – Қазақстан аумағында ежелден бері үздіксіз 
жалғасып келе жатқан этникалық процесті жаңа белеске жеткізіп, қазақ халқынын 
халық болып қалыптасқандығын көрсетті. Осылайша, Қазақ хандығының 
құрылуының тарихи маңызын этникалық тұрғыдан қарастыра келе, ол – қазақ 
халқының қалуптасуы кезеңін аяқтауға тікелей ықпал етті, этникалық процесті 
халықтық деңгейге көтерілген этносқа – «қазақ» атты этнонимді бергізді деп 
ойымызды түйіндейміз. 
Қазақ хандығының құрылуының келесі бір 
тарихи маңызына, оның – ХІІІ ғасыр басында 
монғол жаулап алушылығына байланысты 
үзіліп қалған мемлекеттік дәстүрді жергілікті 
этностың дәстүріне сай қайта қалпына 
келтіруі жатады. ХІІІ ғасыр басына дейінгі 
Қазақстан 
аумағындағы 
қыпшақтық 
мемлекеттік 
жүйе 
мен 
монғолдық 
мемлекеттік жүйеде ортақ ұқсастықтар мен 
белгілер болса да, олардың әрқайсысында тек 
өздеріне ғана тән ерекшеліктер көп болатын. 
Мысалы, оған мемлекеттің саяси-әкімшілік 
құрылымының 
негізін 
билікті 
мұраландырудағы айырмашылықтарды, билік 
түрлерінің атқарушы билік түріне қарым-
қатынастарын жатқызуға болады. Монғолдық 
мемлекеттік жүйе жаулап алуға байланысты 
шығыс Дешті Қыпшақ аумағына енгізіліп, 
бұрынғы жүйені ығыстырып шығарады, 
бірақта оны жергілікті тұрғындардың санасы мен жадынан өшіре алмайды. 
Монғолдық этнокомпоненттердің қыпшақтануы процесі монғолдық мемлекеттік 
жүйенің жергілікті ортаға бейімделуімен қатар жүреді. Соның нәтижесінде 
монғолдық мемлекеттік жүйеге тән ноян, баһадүр секілді терминдерді – би, бек, 
батыр деген жергілікті түрік-қыпшақ сөздері ығыстырады. Сондай-ақ жоғарғы 
билікті мұралануда қыпшақтық дәстүр мен моңғолдық дәстүр арасында 
өзгешеліктер бар болып, ХІІІ- ХІY ғасырдың ортасына дейін моңғолдық дәстүр 
үстемдік құрып келді. ХІY ғасырдың екінші жартысы мен ХY ғасырдың ортасына 


194 
дейінгі аралықтағы саяси оқиғалардың көбісінің астарында осы екі дәстүр 
арасындағы күрестер жатты. Монғолдық дәстүр бойынша ханның мұрагері болып 
оның ұлдарының бірі сайланса, жергілікті дәстүрге сай билікті билеуші әулеттің 
жасы үлкен өкілі мұраланып отырған. Бұл дәстүр Алтын Ордада ХІY ғасрыдың 
соңы мен ХY ғасырдың басында қолданыла бастайды. Ал Қазақ хандығының 
құрылуы – қыпшақтық дәстүрдің толық жеңіске жеткендігін көрсетеді. Орыс хан 
ұрпақтары Шибан әулетіне қарсы күресте жеңске жетіп, Шығыс Дешті 
Қыпшақтағы билікті иеленгеннен кейін осы дәстүрді ұстанады. Керей мен 
Жәнібек Моғолстанға көшіп келіп, хан сайлау барысында Керей жоғарғы билікті 
иеленеді. Монғолдық дәстүр бойынша 1428 жылы қайтыс болған Барақтың ұлы – 
Жәнібек хандық билікке келуі тиіс болатын. Ата жолы бойынша Керейдің хан 
болуы – қыпшақтық дәстүрдің жеңіске жеткендігін көрсетеді. 
Осылайша, Қазақ хандығының құрылуы – моңғолдық үстемдікке дейінгі 
Қазақстан аумағындағы мемлекеттік жүйе мен дәстүрдің қайта үстемдікке 
шыққандығын дәлелдейді. Мұның өзі халық пен мемлекет арасындағы өзара 
байланыстардың болып, мемлекеттің халықтық сипатта болғандығын көрсетсе 
керек. 
Сондай-ақ Қазақстан аумағында ежелгі замандардан ХY ғасыр ортасына 
дейін әртүрлі тарихи кезеңдерде өмір сүрген мемлекеттердегі билеуші әулеттер 
көбінесе бір тайпадан шығып, мемлекет атауы сол тайпа атауымен аталғаны 
белгілі. Сақ, ғұн, үйсін, қаңлы мемлекеттерін айтпағанның өзінде, ХІY ғасырдан 
кейін өмір сүрген түрік, түргеш, оғыз, қарлұқ, қимақ, найман, қидан, қыпшақ 
мемлекеттерінің атауы осыны көрсетеді.
Сонымен бірге, ХІІІ–ХY ғасырлар аралығында Шығыс Дешті Қыпшақ 
аумағындағы мемлекеттік құрылымдар – Алтын Орда, Ақ Орда, Ноғай Ордасы, 
Әбілқайыр хандығы, Моғолстан мемлекеттері бір мезгілде өмір сүріп, немесе 
бірінің орнына бірі келіп, сол ортағасырлардағы Қазақстанның саяси картасын 
әртүрлі түспен құбылтып тұрса, Қазақ хандығының құрылуы және оның саяси 
дамуы әртүсті бір түске ауыстырады. 
ХY ғасырдың ортасынан бастап әртүрлі саяси атаулардың орнына бір ғана 
саяси термин – Қазақ хандығы атауы орнығады. Бұл атау ХYІІІ ғасырдың басына 
дейін Қазақстан аумағындағы жалғыз мемлекеттің атауы ретінде қолданыста 
болады. 
Ертіс пен Еділ өзендерінің, Сырдария мен Тобылдың жоғарғы ағысының 
аралығындағы орасан зор аймақ ХІ ғасырдан бері «Дешті Қыпшақ» деп аталынып 
келсе, Қазақ хандығының құрылуымен оның одан кейінгі ғасырлардағы дамуы 
жаңа ұғымды қолданысқа енгізеді. Жоғарыда аталған аймаққа қыпшақ 
тайпаларынан шыққан әулет билігінің орнауы – «Дешті Қыпшақ» - «Қыпшақ 
даласы» деген ұғымды енгізгені белгілі. ХYІ ғасырыдың бірінші жартысында 
«Қазақстан» термині алғаш рет жазба деректерде жазылып, ол «қазақтардың 
мекені», «қазақтардың елі» дегенді білдіреді. Сөйтіп, Дешті Қыпшақ атауы 


195 
тарихтың еншісіне қалдырылып, жаңа атау – жаңа этносаяси жағдайларға сай 
қызмет ете бастайды. Осылайша, Қазақ хандығының құрылуы – аймақтың саяси 
және этногеографиялық ұғымдарына да әсерін тигізіп, жаңа жағдайларға сай жаңа 
атауларды қалыптастырады. 
Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызы жоғарыда айтып 
өткендермен шектелмейді. Оның ерекше бір атап өтер маңызына – Қазақ 
хандығының құрылуының Қазақстан аумағындағы бір тарихи дәуірді аяқтап, жаңа 
бір тарихи дәуірге негіз қалауы жатады.
Керей мен Жәнібек хандардың басшылығымен жүзеге асқан бұл маңызды 
оқиғаны ортағасырлық Қазақстан тарихында Түрік қағанатының құрылуымен, 
Қыпшақ хандығының құрылуымен салыстыруға болады. VІ ғасыр ортасында 
Түрік қағанатының құрылуы – Қазақстан тарихындағы ХІ-ХІІІ ғасырдың басы 
аралығын - Қыпшақ дәуірі деп аталатын тарихи дәуірге жатқызады. Ал, Қазақ 
хандығының құрылуымен ХV ғасырдың ортасынан бастап Қазақстан 
территориясында жаңа тарихи дәуір басталады. Ол – Қазақ хандығы дәуірі. 
ХV-ХVІІІ ғасырлар аралығын қамтыған Қазақ хандығы дәуірі Қазақстан 
тарихында ерекше орын алады. Осы дәуірде ұлттық сана өсіп, халықтың өзіндік, 
өзіне тән ерекшеліктері айқындалады. Халқымыздың тарихи санасында өшпестей 
із қалдырған атақты хандар мен сұлтандар, батырлар мен билер, бектер мен 
әмірлер, ақындар мен жыраулар, ишандар мен абыздар осы тарихи дәуірде өмір 
сүрді. Ерлік пен елдікті паш еткізген небір айтулы тарихи оқиғалар осы дәуірдің 
еншісінде жатыр. 
Осылайша, жоғарыда айтылған ойларымыздың бәрін түйіндей келе, Қазақ 
хандығының құрылуы – Қазақстан тарихындағы аса маңызды оқиғалардың бірі 
деп есептеліп, ол – этникалық дамуларды халықтық деңгейге жеткізді, қазақ 
халқының халық болып қалыптасуының аяқталуына ықпалын тигізді, «қазақ» 
атты нақты этнонимді, «Қазақстан» атты жаңа этносаяси терминді дүниеге алып 
келді, Қазақ хандығы дәуірі деп аталатын жаңа тарихи дәуірдің басталуына негіз 
салады. 
Қазіргі кезде еліміздің ресми атауы – «Қазақстан Республикасы», 
халқымыздың атауы – «қазақ», жеріміздің атауы – «Қазақстан» - деп 
аталынуының негізінде ХV ғасыр ортасында құрылған Қазақ хандығы жатыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет