Мүрәлінов К.Қ., Махмутов А.Қ., Мүрәлінова Ж. К


Логвинов бойынша желіннің жүйкесін новокаинмен



Pdf көрінісі
бет106/129
Дата04.03.2024
өлшемі4.96 Mb.
#494141
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   129
оперативтік хир 8 н

 
Логвинов бойынша желіннің жүйкесін новокаинмен
қысқа тежеу 
Операцияға көрсетулер (операция жасалатын жағдайлар): желінсау 
және сүт безінің басқа да патологиялары. 
Операция техникасы. Жануарды тұрған күйінде бекемдеу. Желіннің 
алдыңғы бөлігін тежеу үшін желін мен құрсақ қабырғасының шекарасын 
анық байқау үшін желінді қолмен төменге тартады. Операция орнын 
өңдегеннен кейін без бен құрсақ қабырғасының арасындағы сайшаға инені 
енгізеді. Инені 8-10 см тереңдікке медиальды және латеральды бағытта 150-
200 мл 0,25-0,5% новокаин ерітіндісін инъекциялайды. 
Желіннің артқы жағын тежегенде инені сагитальды сызықтан 2 см 
латеральды орналасқан жерге жоғардан төмен 8-12 см тереңдікке енгізеді. 
 
 


207 
Қысқы новокаиндік тежеу 
 
Операцияға көрсетулер (операция жасалатын жағдайлар): қабыну 
процесінің алғашқы сатысы. Іріңді қабынуларда новокаиндік тежеумен қатар 
антибтотиктерді қолданған жақсы әсер етеді.
Операция техникасы. Тежеудің мақсаты новокаин ерітіндісін немесе 
антибиотиктерді қабынған ошаққа тікелей және айналдыра егу. Операция 
орнын хирургиялық ережеге сай дайындайды. Патологиялық ошақтан 6-8 см 
алыстан ұзын және жіңішке инъекциялық иненің көмегімен 37-38ºC 
жылытылған 0,25-0,5% новокаин ерітіндісін енгізеді. Ерітіндіні қабаттап 
енгізеді. 
Қысқа новокаиндік тежеу 1,5-2 сағатқа созылады. Жоғары нәтижеге 
жету үшін алғашқы екі тәулікте қайталайды. 
 
Циркулярлық новокаиндік тежеу 
 
Операцияға көрсетулер (операция жасалатын жағдайлар): аяқтардың 
дистальды аумағындағы патологиялық процестер 
Операция техникасы. Жануарды жатқан немесе тұрған күйінде 
бекемдейді. Операциялық орынды хирургиялық ережеге сай дайындайды. 
Жылы ерітіндіні зақымдалған жерге 4-5 жерден енгізеді. Қажет болған 
жағдайда ерітіндіге антибиотиктер қосады. Ерітіндіні тері астына қабаттап 
содан кейін сіңірге енгізеді. Тежеуді 1-2 күннен кейін қайталайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет