Мүрәлінов К.Қ., Махмутов А.Қ., Мүрәлінова Ж. К


Жалпы қынаптық қабық түсуі



Pdf көрінісі
бет124/129
Дата04.03.2024
өлшемі4.96 Mb.
#494141
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   129
оперативтік хир 8 н

Жалпы қынаптық қабық түсуі, prolapsus tunicae vaginalis communis 
(лат. Prolapsus tunica vaginalis қынаптық қабық, communis жалпы) бураларда 
және айғырларда тіркеледі. 
Гастротомия, gastrotomia (гр. gaster , gastros қарын + tome кесу) – 
қарынды тесіп кесу. 
Герниатом, herniatom (лат. нernia жарыќ + гр. tome кесу) - бас жағы 
доғал жүзді хирургиялық пышақ, жарық сақинасын кесу үшін қолданылады. 
Гернирафия, hernirrhaphia (лат. Hernia жарық + гр. rhaphe тігіс) – 
жарықтың тесігін тігіспен жабу тәсілі. 
Гернитомия, hernitomia (лат. Hernia + гр. tome кесу) – жарықты тілу, 
жарыққа операция жасау. 
Декорнуация, decornuatio, (лат. de - құрту, айырылу + cornu мүйіз), 
мүйізсіздендіру - мүйіздерді операция жасап алу немесе олардың өсуін 
тежеу.
Диагноздық операция (operationes diagnosticae) – биопсия сынамасын 
тесулермен алу немесе мүшелер аурулары диагнозын анықтау мақсатымен 
жасаған операция. 
Дивертикул, diverticulum, (лат. ілгері шығу) – мүшелердің қап тәрізді 
ілгері шығуы. Тумыстан немесе кейіннен пайда болған түрде болады. 
Жарық, hernia (лат. Hernia- жарық) – Анатомиялық қуыстан ішкі 
мүшелердің түсуі. Анатомиялық аймақ орналасуына байланысты тері 


237 
астындағы, құрсақтың, ұманың, жамбастың, диафрагманың, қынап 
арасының, жатырдың, шаптың, шап - ұмасының, шапараның, кіндіктің
мидың, көз алмасының жарықтары болады. 
Қан тоқтататын жгут – жұмсақ ұлпалардан, уақытша қан кетуін 
тоқтату немесе қан алу мақсатымен тартып қысуға арналған резеңке бау, 
жазда 1,5 – 2, қыста 0,5 – 1 сағатқа салынады. 
Инъекция, injectio (лат. ендіру) – арнайы сұйықтықты организмге 
диагноздық немесе емдік мақсатпен ине арқылы енгізу. 
Инфильтрациялық анестезия, anaesthesia infiltrata (гр. an - жоқ + 
aisthesis, Infiltraius, дымќылданған) - ұлпаларға қабаттармен жергілікті 
жансыздандыратын ерітінділердің сіңуімен жансыздандыру нәтижесі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет