Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова



Pdf көрінісі
бет36/149
Дата04.03.2024
өлшемі2.17 Mb.
#494211
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   149
Білім беру зерттеулеріне кіріспе теория, әдістер және тәжірибелер

Кілт сөздер:
әдебиеттерді іздеу және оларға шолу жасау, 
талдау, жинақтау, концептуалдық ая.
Тарауды оқудан күтілетін нәтижелер:
• тақырыпқа қатысты әдебиетке шолудың мәнін, мақсат-мін-
деттерін және ауқымын түсіну;
• шолу жасаудың нақты қадамдарын білу, қажетті дағды-
ларға ие болу және алынған білім-дағдыларды тәжірибеде 
қолдана білу;
• өзіндік зерттеу мен оның концептуалдық негізінен хабар-
дар болу;
• концептуалдық аяның рөлі мен құрылымын түсіну;
• әдебиетке шолудың негізгі нәтижелерін талдау, жинақтау 
және түсіндіру. 
2 ТАРАУ
 
Әдебиетке шолу
Лаура Қарабасова


62
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер
2.1 Әдебиетке шолудың мақсаты мен қызметтері 
Әдебиетке шолу зерттеудің маңызды құрамдас бөлігі болып 
табылады, онсыз белгілі бір салада ненің қалай зерттелгенін ай-
қындап, зерттелетін тақырып туралы толық түсінік қалыптастыру 
мүмкін емес. Әдебиетке сапалы шолу жасауды нәтижелі зерттеудің 
алғышарты деуге болады.
Әдебиетке шолу – дереккөздерді айқындау, іздеу, оларға талдау 
жүргізу, зерттеліп отырған тақырыпқа қатысты білім-білікті түй-
індеу мақсатында алдыңғы зерттеулердің нәтижелерін жинақтап 
қарастырудың жүйеленген үдерісі. Дереккөздер мақала, әдебиет-
терге шолу, кітаптар, монографиялар, диссертациялар мен ғылы-
ми-зерттеу жұмысы жөніндегі есептер болуы мүмкін.
Харт (Hart,1998) әдебиетке шолудың төмендегідей мақсатта-
рын атап көрсетеді:
• не істелгенін және не істеу керектігін ажырату; 
• тақырыпқа қатысты маңызды идеяларды айқындау;
• идеяларды байланыстыра отырып, жаңа көзқарастарды алу
• идеялар мен тәжірибе арасындағы байланысты анықтау; 
• белгілі бір тақырыптың немесе мәселенің мазмұнын бекіту;
• зерттелетін мәселенің өзектілігін негіздеу;
• пәндік лексиканы меңгеру; 
• зерттеу сұрағының құрылымын түсіну;
• идея мен теорияны қолданумен байланыстыру
• алдыңғы зерттеулерде пайдаланылған басты әдіс-тәсілдерді 
айқындау;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   149




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет