Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова


Алтыншыдан, іс-әрекетті зерттеу білімді түрлендіру



Pdf көрінісі
бет60/149
Дата04.03.2024
өлшемі2.17 Mb.
#494211
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   149
Білім беру зерттеулеріне кіріспе теория, әдістер және тәжірибелер

Алтыншыдан, іс-әрекетті зерттеу білімді түрлендіру 
үшін жалпыға қолжетімді білімді қалыптастырады.
Іс-әрекет-
ті зерттеудің екі мақсаты бар. Біріншіден, ол зерттеушінің тәжіри-
бесін жетілдіруді, сол арқылы жаңа білім беруді көздейді. Екінші-
ден, мұндай білім проблема мен жағдай түсініктерін өзгерту үшін 
қолданылады (Kemmis & McTaggart, 2003). 


99
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі
4.2 Іс-әрекетті зерттеудің мақсаты және түрлері
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, іс-әрекетті зертте-
улер ауқымының кеңдігін және оның екі түрлі мақсатпен жүзеге 
асырылатынын атап өткен жөн. Ол мақсаттар: (1) зерттеу және 
(2) қолданыста бар тәжірибе мен тәжірибеге өзгеріс енгізу. Қолда-
ныс аясының кеңдігіне қарай іс-әрекетті зерттеулерді техникалық, 
тәжірибелік және эмансипаторлық деп бірнеше түрге бөлуге бола-
ды (Grundy, 1981; Carr & Kemmis, 1986; Helskog, 2014).
Іс-әрекетті техникалық зерттеулердің басты мақсаты тәжіри-
бені жетілдіру болып табылады (Grundy, 1981; Carr & Kemmis, 
1986). Іс-әрекетті тәжірибеге бағытталған зерттеу көптеген қа-
тысушымен рефлексия және диалог арқылы жүзеге асырылатын 
үдерісті танытады (Grundy, 1981; Helskog, 2014). Іс-әрекетті эман-
сипаторлық зерттеу тәжірибені жақсартып, өзгертуге кедергі 
келтіретін әлеуметтік жүйеге бағытталған. Сондықтан зерттеуші 
жүйені ішінен сыни тәсілмен өзгерту жолдарын түсінуге тырыса-
ды (Grundy, 1981; Carr & Kemmis, 1986; Helskog, 2014). Бұлардың 
басты айырмашылығы – зерттеу идеяға бейімделген, сонымен қа-
тар зерттеушінің рөліне негізделген (Grundy, 1981). Төменде білім 
беру саласындағы іс-әрекетті зерттеу барысында жиі кездесетін 
мысалдардың бірқатарын қарастырамыз.
Зерттеу түрі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   149




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет