110
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория,
әдістер және тәжірибелер
болашағымен байланыстыруды қажет етеді (Polkinghorne, 1995;
Clandinin and Connely, 2000; Gill, 2014). Осылайша, бұл әңгімеде-
гі эпизодтар белгілі бір уақыт кезеңіне, нақты жағдайларға және
зерттеушінің әрекеті мен ойыларына тәуелді болады.
Зерттеуші
нарративті (әңгімені) бірінші жақтан («мен») ұсынғанымен, басты
кейіпкер ретінде көрінбейді (Etherington, 2004; Bochner, 2012).
Өзін зерттеуге қатысушылармен бірге
негізгі агенттердің бірі
ретінде көрсетеді және жеке тұлғағалар емес, үдеріске баса назар
аударады (Van Maanen, 2011).
Іс-әрекетті зерттеу сапалы зерттеу
әдіснамасының қатарына
жатады. Зерттеуде ұстаз, өз тәжірибесін немесе ортасын өзгерткісі
келетін практик маман да зерттеуші бола алады. Іс-әрекетті зертте-
ушілер көбіне қатысушылар ретінде зерттеу үдерісінің бір бөлігіне
айналып, басқалармен араласады. Ол мәселені анықтау, шешімін
іздеу, алынған ақпаратты ой елегінен өткізу және жаңа шешімдерді
қолдану секілді циклдерден құралады. Аталмыш үдерісте, зерт-
теуші жаңа тәжірибені қолдануға бағыт-бағдар беру үшін әрекет
жоспарын қолданады. Зерттеу нәтижелерін басқалармен бөліседі,
мысалы әріптестермен, мектеп басшыларымен және қоғамдастық
мүшелерімен. Аталмыш әрекеттер арқылы зерттеуші қоғамға пай-
далы
білімнің негізін қалап, тәжірибе
мен ортада қалыптасқан
нормаларды
қайта қарап, өзгертуге мүмкіндік бере алады.
Достарыңызбен бөлісу: