«Ежелгі дәуір әдебиеті» «Алып Ер Тұңға» дастаны



Pdf көрінісі
бет42/228
Дата05.03.2024
өлшемі3.69 Mb.
#494339
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   228
Әдебиет пәнінен барлық шығарма талдау 1 (2)

Сараның айтқан сөзі: 
Қажеке-ау, кісі жібер балаңызға, 
Әзәзіл болды Біржан арамызға. 
Сыртынан мақтасам да керек болды, 
Көрсетпей, жігітті ұрлап қаламыз ба? 
Өзіннің құла жорған барсын оған, 
Жиекем бежін ерін салсын оған. 
Біржанды бір қаққаннан қалдырмас ем, 
Құдайым, мені қайдан қосты соған? 
Қажеке-ау, алдыртыныз қонақ кетпей, 
Біржан тұр «көремін» деп сөзі бітпей. 
Ажал да кісі таңдап алады екен, 
Сол итті неге қойған алып кетпей?! 
Қонжиып мінер құла жорға барса, 
Келе алмас сол шірігін қорғаласа. 
Рас бізді масқара қылар сонда, 
Қорс етіп «бармаймын» деп үйде қалса…
Біржанның айтқаны: 
Кісі емес ел намысын ұққандай-ақ, 
Ербиер есіз тауға шыққандай-ақ. 
Жиенкұл күжірейіп келер ме екен, 
Он мата арқасына тыққандай-ақ. 
Законда зорлық болмас жақсы адамға, 
Жақсыны қор қып болмас бір жаманға. 
Және де аят пенен хадисте бар. 
Жылатып берме деген еш наданға… 
Тұрысбек, Есімбекпен сау тұр аман,
Таянды қайтар уақытым елге таман. 
Айналып ендігі жыл бір келермін, 
Тысқары топырақтан болсам аман. 
Сараны Жиенқұлға бере көрме, 
Қыз түгіл, ер құнына келер шаман. 
Бар болса сүйегінде ойларсындар, 
«Өлі тілін тірі алмас» деген заман. 
Байлаулы бала құстай Сара сорлы, 
Жоқ екен осы күнде мұнан жаман.
Енді Сараның өзінің айтқан сөзі: 
Сал Біржан жүріп кетті амандасып, 
Екі күн арпалыстың табандасып. 
Шіркінге қимағаннан жорға бердім, 


Басында сөйлессем де жамандасып. 
Жүре көр ақын Біржан бізді сұрай, 
Тысқары топырақтан қылса Құдай. 
Сонда Біржанның айтқаны: 
Шырағым, Сара сендей тумас бала, 
Шежіре, туармысын мұндай дана! 
Обалын Есімбек пен Тұрысбекке, 
Жігітің жөндеу екен, ей, бейшара! 
Ел-жұртың корықпайды екен көз жасыңнан, 
Қиып кеткім келмейді мен қасыннан. 
Кемітер қай жеріңді дұшпан шіркін, 
Адамзат озар емес өз басыңнан… 
Бір басты адам болмас сан өнерлі, 
Айбатың әлемге айқын ай бедерлі. 
Садаға тырнағынан кетсін, Сара, 
Сан жүйрік көріп едім мен нелерді. 
Сөз айтты сонда Біржан біздің жаққа, 
Ұмытпан Сара сені әр уакытта. 
Қайырған сөзбен жетіп, есіл шіркін, 
Көремін қайта айналып қайсы уақта. 
Есімбек босқа сатпа асылыңды, 
Сыйлай көр қыз да болса нәсіліңді. 
Ұкпасан. Арғын жокты айтты дерсін, 
Есеке-ау, құлағына ал осынымды. 
Қылайын көп ұзатпай сөзді қысқа, 
Өлеңге жан көрмедім мұнан ұста…


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет