Таксономиясы білу, түсіну және қолдану


Қоғамдық-әлеуметтік қарым-қатынастың барлық



Pdf көрінісі
бет11/94
Дата05.03.2024
өлшемі2.92 Mb.
#494407
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   94
Абайдың-таксономиясы

4 Қоғамдық-әлеуметтік қарым-қатынастың барлық 
салалары мен деңгейлері үшін Абай ілімін білудің, түсінудің 
және қолданудың ғылыми негіздерін зерттеу 
Қоғамдық-əлеуметтік қарым-қатынастың барлық салалары 
мен деңгейлері үшін Абай ілімін білудің, түсінудің жəне 
қолданудың ғылыми негіздері сараланды. Зерттеу барысында екі 
міндет шешілді: а) Абай ілімін білу, түсіну жəне қолдану 
мақсаттарының иерархиялық жүйесін анықтау; в) Абай ілімін 
білудің, түсінудің жəне қолданудың қоғамдық-əлеуметтік өмірдің 
əр саласы мен деңгейіне арналған мағыналық-құрылымдық 
модельдерін жасаудың ғылыми негіздерін анықтау.
а) Абай ілімін білу, түсіну жəне қолдану мақсаттарының 
иерархиялық жүйесін анықтау аясында орындалған жұмыстардың 
нəтижелері негізінде Абайдың білім концепциясы сараланды. 
Ақынның білім концепциясы жүйесінде білім мəселесінің 
танымдық, эпистемологиялық, акмеологиялық мəселелері 
бойынша құнды ғылыми қағидалар негізделгені анықталды. Білу 
үдерісі адамның бүкіл өмірі бойында тоқтамайтыны, тоқтауға 
тиіс емес екендігі туралы Абайдың ойлары қазіргі білім беру 
ісінің теориясы мен практикасында аса маңызды екені 
дəйектелді. Абай ілімін білу, түсіну жəне қолдану мақсат-
тарының жүйесін анықтау барысында ақынның шығармашылық 
мұрасы жаңаша пайымдалып, білім алушылардың танымында 
кезең-кезеңімен қалыптасатын ойлау дағдыларының, білім 
алушылардың білім мазмұнын меңгеруінің, білу процесінің 
кезеңдері, танымдық сатылары нақты талданды, сараланды. 
Атқарылған осындай жұмыс нəтижелері негізінде Абай таксоно-
миясының иерархиялық моделі жасалды. Абай таксономиясының 
иерархиялық моделі мынадай логикалық үлгіге түсірілді: 
 
ТАЛАП→ҚАБЫЛДАУ→БІЛУ→ТҮСІНУ→ЕСТЕ САҚТАУ→ҚОЛДАНУ.
 


24 
Абай таксономиясы, Абай таксономиясының иерархиялық 
моделі ұғымдары отандық зерттеушілердің қайбірі үшін түсініксіз, 
ұғымға ауыр сияқты көрінуі ғажап емес. Абай таксономиясы, Абай 
таксономиясының иерархиялы моделі Абайдың өз шығар-
машылығының өзегінде өрілген ойлар желісі негізінде сипат-
талды. Таксономия құрамдастарының маңызы мен мəні, иерар-
хиялық жүйедегі орны, қызметі Абайдың қағидаларына, өзекті 
ойларына жасалған нақты талдаулар нəтижесінде парықталды.
Абай таксономиясы – отандық оқу теориясы, оқу мен 
оқытудағы танымдық үдерістер психологиясы саласында 
пəнаралық деңгейде арнайы жүргізілетін зерттеу жұмыстары мен 
білім беру ісіне теориялық негіз болғандай ерекше маңызды 
құндылық.
Абайдың білім концепциясында бірнеше құндылықтар 
жүйесі бар: 1) білім алушының, тыңдаушының ішкі-сыртқы 
қалпының бастапқы сипаттамасы; 2) танымдық үдерістердің 
иерархиясы; 3) танымдық үдерістерді қамтамасыз етуші тетіктер 
(амал-тəсілдер); 4) білу, түсіну, қолдану нəтижесінде 
қалыптасатын құзыреттіліктер сипаты. Бұлардың əрқайсысының 
ғылыми жəне өмірлік маңызы бар. Абайдың білім концеп-
циясында негізделген, нақты көрініс тапқан осы құндылықтар 
жүйесі отандық білім беру ісінде, отандық білім беру тех-
нологияларында, отандық дидактикада алдағы уақытта ескерілуі 
маңызды.
в) Абай ілімін білудің, түсінудің жəне қолданудың қоғамдық-
əлеуметтік өмірдің əр саласы мен деңгейіне арналған мағыналық-
құрылымдық модельдерін жасаудың ғылыми негіздері анық-
талды. Абай ілімінің қоғамдық-əлеуметтік қарым-қатынас 
сипаты туралы қағидаларының мəнісі қоғамдық-əлеуметтік 
өмірдегі мынадай қарым-қатынастар бойынша ашылды: 
-ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынас сипаты;
-ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас сипаты;
-аға мен іні арасындағы қарым-қатынас сипаты;
-үлкен мен кіші арасындағы қарым-қатынас сипаты;
-дос пен дос арасындағы қарым-қатынас сипаты;
-дос пен дұшпан арасындағы қарым-қатынас сипаты;
-басшы мен бағынышты арасындағы қарым-қатынас сипаты;


25 
-адам мен қоғам арасындағы қарым-қатынас сипаты;
-жеке адам мен көп арасындағы қарым-қатынас сипаты;
-адамдар арасындағы қарым-қатынас сипаты 
Абай ілімін білім жəне тəрбие берудің барлық деңгейлері 
бойынша жалғастық ұстанымын сақтай отырып қолданысқа 
енгізудің ғылыми-əдістемелік негізі жобаланды. Бұл бағытта 
орындалған жұмыстар негізінде нақты нəтижелерге қол жетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет