- мәндік аспект, неғұрлым жалпы мәдени контекстегі ахуалды жете
түсінудің бара-барлығын көрсетеді. Бұл контекстің аяғьша осы сияқты
ахуалды бағалау, оны ұғыну мен оған деген қарым-қатынас кіреді;
- проблемалык-практикалык аспект, бұл осы бір жағдайда ахуалды
айқындай білудің максат, міндет, нормаларды алға қою мен орындау
тиімділігінің бара-барлығын сипаттайды;
- коммуникативті аспект, бұл - осы тәріздес ахуалдағы қатысымның
және адамның осындай жағдайда қатысын және өзара ықпал жасауға
тиісті мәдени үлгісі, деңгейінің бара-барлығын қамтамасыз етеді.
Қүзіретгілікті оның жалпы мәдени және кәсіби көріністерін сипаттау
үшін былайша аспектілерге бөлу жасанды екенін көруге болады.
Қазіргі қоғамдық өзгерістердің қарқындылығы жаңа сипаттағы
мамандарды қажет етіп отыр. Ондай мамандар дәйім өзгеріп отыратьш
әлеуметтік-экономикалық үрдістерді талдай білуге, нарықтық бәсеке
жағдайына сай шешімдер қабылдап, жүзеге асыра білуге, өндіріс пен жеке
адам арасындағы ықпалдастықтың ізгілікке бағытын стереотиптендіруден
арылта білуге тиіс. Осы жағдайларға байланысты жоғары оқу орнының ең
бір маңызды міндеті кәсіби жағынан білімдар да құзіретті маман даярлау
болып отыр.
Педагогтың кәсіби қүзіреттілігі туралы айтсақ, педагогикалық
міндеттерді өз бетімен тиімді мүғалімнің, педагогтың, тәрбиешінің
түлғалық шеше алу мүмкіндіктерін сөз етеміз.
Кәсіби қүзыреттілік термині көне заманнан бері қолданылып, әр
кезеңде оның мазмүны толықтырылып отырған.
Осыңдай шарықтап даму кезеңдері Платонның сатылап оқыгудың
жоғарғы оқу түрлері және барлық жалпы білімнің үйлесімдік базасында
кәсіпке оқьггудағы жоғары білім туралы Аристотельдің идеялары, ХҮПІ-
XIX ғасырда зайырлық кәсіби білім берудің үтымды жолдарьш
үйымдастыру туралы ойлар. Содан бері жоғары оқу орындарында кәсіпке
оқытуға ерекше көңіл белініп және соның арқасында қазіргі жоғары оқу
орындарында көп деңгейлі жоғары білім беруде кәсіби құзіреттілікті
қалыптастыру үрдісі жалғасуда.
Жоғары білімді маманның кәсіби қүзіреттілігі сол маманның жеке
түлға регіндегі қасиеттерінің және ішкі психикалық жағдайларының
күрделі жүйесі, оның кәсіби қызметі мен қабілетін іске асыру
дайындығына, былайша айтқанда, іскерлігі мен мүмкіндігіне сай жүмыс
істеу қажеттілігінен келіп шьгғады.
Құзіреттіліктің сипаты қандай?
27
Кейбір сөздіктерде құзіреттілікке белгілі бір зат, құбылыс жөнінде
пайымдауға, салмақты да беделді пікір айтуға мүмкіндік беретін білімді
игеру ретінде түсіндірме берілген. Ал, қүзіретгілік дербес және
жауапкершілікпен әрекет етуге, белгілі бір жүмысты орындауға
қабілеттілік пен икемділікті меңгеруге жол ашатын психологиялық ахуал,
психологиялық сапаның қосылымы ретінде белгіленіп жүр. Құзіретті болу
мен күзіретсіз болудың себебі бірдей. Ол адамның жеке түлға ретіндегі
ахуал, эмоциялық түрақтылығы мен айнымалылығы, денсаульгқтың
жаксы-жамандығы т.б. осылардың болу-болмау себептерін аньгқтау үшін
құзіретгілікті саралап, кәсіби психологтың қатысуының маңызы зор.
Қүзіреттіліктің бар-жоғын адам еңбегінің нәтижесімен қарап,
пайымдау қажет. Кез келген қызметкер өз әрекетімен кәсіби іс-әрекеттің
түпкі нәтижесіне сай талаптарға жауап беретін жұмыстарды орындаса
ғана кәсіби қүзіреті саналады. Жеткен нәтиже емес, белгілі бір жетістікке
жету үшін тырысуды құзіреттілікке телуге болмайды. Құзіреттілікті
адамның білімдарлығымен жапсарлатуға болмайды. Өйткені, жұрт
айтқандай: «... құзіретсіздік оқу орнының шаңырағында шайқалып түр».
Құзіреттілікті адамдардың белгілі бір мәселені шешу қабілетімен
шатастыруға болмайды. Бұл мәселені мен шеше аламын, бірақ менің
қүзырыма жатпайды немесе бүл менің қүзырымда, бірақ, білімдарлығым
жетпейді т.б. пікірлер айтылды.
Әрбір қызметкер өз орнындағы қүзіреттілігінің межесін ғана емес,
дәрежесін де білсе ұтар еді. Кәсіби күзіретгілікгің түрлерін ажыратуы
міндет болып саналады. Атап айтар болсақ:
- арнайы құзіретгілік - өзінің кәсіби іс-әрекетін жеткілікті дәрежеде
меңгеру, өзінің кәсіби қалыптасуын жобалай білу;
- әлеуметгік күзіреттілік - бірлесе, кәсіби іс-әрекетті атқаруды,
ынтымақтасуды, сондай-ақ, осы кәсіпке қарасты қатысымды меңгеру,
өзінің кәсіби еңбегінің нәтижелері үшін әлеуметгік жауапкершілік;
- жеке түлға кұзіретгілігі - езін көрсете білу мен калыптастыру
амалдарын, жеке түлғасының кәсіби қарсы түру қүрамдарьга игеру;
- дара қүзіретгілік - өзінің қабілетгілігін асыру және кәсіп аясында өз
даралығын қальттастыруға қабілетгілік, кәсіби тұрғыдан қартаюға бой
бермеу.
Қазақстан Республикасьгаың «Білім туралы» Заңында білім беру
тәрбие мен оқытудың үздіксіз үрдісі, ал, оның негізгі мақсаты жоғары
деңгейдегі адамгершілік, мәдени даму және қоғам мүшелерінің кәсіби
қүзырлығы деп атап көрсетілген.
Қүзіреттіліктің аталған түрлері бір адамның бойынан табыла бермеуі
мүмкін. Адам өз мамандығы аясында ғана жетік болуы, бірақ қарым-
қатынас жасау жөнін білмеуі, өзін дамыту жолындағы міндетті жүзеге
асыра алмауы мүмкін. Осыған орай, оның мамандық жағынан жоғары
7.8
кұзіретпліпн, ал, әлеуметпк және тұлғалық жағынан қүзіретплнспң
әлсіз, төмен екенін пайымдауға болады. Адамға кәсібінен тысқары жерде
қажетті қүзіреттіліктің кейбір жалпы түрлері айқындалған. Бүлар кейбір
өзекті кәсіби маңызды сапалар мен кәсіби мінез-қүлық типтері, көптеген
кәсіп түрлері айқындалған, мәнін жоғалтпайды. Жоғарыда сипатталған
қүзіреттіліктің әр түріне кәсіпаралық жалпы компоненттердің мынадай
түрлерін енгізуге болады:
- мамандыққа қүзіретгілік - өндіріс процесін жоспарлауға қабілеттілік,
компьютермен, оргтехникамен жүмыс істей білу, техникалық
қүжаттамаларды оқу, жеке түлға құзіреттіліктері, өзінің еңбегін
жоспарлауға, бақылауға және реттеуге қабілеттілік, өз бетімен шешім
қабылдауға, үйреншікті емес шешім табуға қабілеті, дара күзіреттілік,
жетістік мотивациясы т.б.
Түрақты кәсіби мотивация
Кәсіби айнымалы мотивация
- өз кәсібіне адалдығын сақгауға
тырысу;
мендік тұжырымның
жағымдылығы, өзіндік
бағамдылық;
басқа көше алу қабілеті,
әмбебаптық;
- шығармашылық бағдар, жаңа
үшін ескіден бас тарта білу;
- саналы түрде рухани баюды
көздеу, кәсіп арқылы өзін-өзі
дамьггу,
- кәсіп арқылы шығармашылықты
байыту;
- жағымды эмоциялық күйдің
басымдыгы;
- кәсіби еңбектегі даралық;
- кәсіби еңбекке қанағаттану;
кәсіби өзіндік сана
тұтастығындағы өз кәсібінің
профессиограммасын білу;
- кәсіптік түрғыдан өзін-өзі тану;
- мақсатты ойлау мен бөгеттерге
қарсы тұра білу, әрекет етудің
түрақтылығы;
- өзіне-езі жоба жасау;
- кәсіби жағынан машықтану.
- кәсіби мінез-құлық себептерінің
болмауы;
- консервативті бағдар, жаңалық
енгізуге қарсылық,
- ебедейсіздік, өзгеруге деген
әділетсіздік;
ойлану әдістерінің
шығармашылық әдістерден басым
болуы;
құзіреттіліктің белгілі бір
деңгейге жетіп тоқтауы, кәсіби
тұрғыдан өсудің тоқтауы;
жағымсыз эмоциялық күйдің
басым болуы;
- қанағатганбау мен өзін
толық бағалы санауы;
- түтаса келіп түрақтанған
кәсіби меннің болмауы;
- кәсіби өсудің кездейсоқ
әсерге тәуелділігі;
- кәсіби жағынан машықтану
үйренудің аздығы, көсіби
түйықтьшық;
- кәсіби қызметтің
мотивациялық қимылдың
үйлеспеуі.
29
Жалпы алғанда, жетекшінің кәсіби-әдістемелік бірлестігі негізінен
теориялық және нрактикалық мәселелермен айналысады. Бірлестік
маслихатында тәрбие процесін басқару және оны кешенді жүргізу, жеке
адамды үжымда тәрбиелеу, тәрбие процесін балалардың
шығармашылығын дамыту т.б. мәселелерді талқылайды. Оларды оқу-
тәрбие процесінде іске асырудың тәсілдерін іздестіреді.
Жеке тұлға құзіреттілігі - өзінің еңбегін жоспарлауға, реттеуге
барынша еркін кұқықты болуы шарт. Іс-әрекет іс жүзіндегі объекгілерді
бағамдауға, жобалауда және қүрастыруда кәсіптік педагогикалық білімді
қалыптастыруымыз кажет.
Кәсіп - адамның дене және рухани күшінің шектеулі ғана саласы,
еңбек іс-әрекетінің белгілі бір түрі.
Мамандық - берілген кәсіптің бір түрі.
Мысалы, кәсіп - мұғалім, мамандық - физика пәнінің мүғалімі.
Қазір ғылыми тілде мұғалім және педагог деген екі үғым бар. Соңғы
кезде педагог кеңірек ұғым деп жүр.
Профессограмма - мүғалімнің, окытушыньщ, сынып жетекшісінің,
педагогтың идеалды үлгісі, эталоны, моделі.
Жіктеу:
Мүғалімнің атқаратын кызметін жіктеу:
- ақпараттық (ақпарат беру);
- дамаьпушылық (ойлауы, елестетуі, тілді дамьггу);
-мобилдік (мобилизационная) (істің, тапсырманың, жаттығудьщ
орьшдалуын қадағалау);
- қалыптастьфушылық (сабақты, сыныптан тыс іс-әрекетті, әртүрлі
деңгейдегі тапсырмалар, өз бетімен жүмыс, т.б.);
- коммуникативті (ата-аналармен, басқа мүғалімдермен, әкімшілікпен,
психологтармен, валеологтармен қарым-қатынас);
- үйьшдастьфушьшық (оқуышыларды, басқа мүғалімдерді, ата-
аналарды, өзін, сабақты, сыныптан тыс жүмыстарды үйымдастырады);
- зерггтеуішлік (жеке тұлға ретінде зерттеу);
Сынып жетекшісі, тәрбиешілердің аткаратын қызметтері:
- ұйымдастырушьшық (сынып сағаттарын, сауалнамалар, экскурсия,
т.б. үйымдастыру);
-тәрбиелілік (оқушьшардың қабілеттерін кез келген әдіспен
тәрбиелеу, қалыптастыру, дамыту);
- ынталандыру (балалардың іс-әрекетін ынталандьфу);
- құжатгармен жұмыс.
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС - ПЕДАГОГИКАЛЬІҚІС-ӘРЕКЕТ НЕПЗІ
1. Педагогикалық қарым-катынастын мәні.
2. Қарым-қатынас құрылымы мен функциялары.
3. Қарым-қатынас стилі және педагогикалық жетекші стилі.
4. Педагогикалық такт.
5. Қарым-қатынас: ғылым және өнер.
6. Педагогикалық этика.
7. Менталитетті дамыту - білім беру жүйесінің жетекші идеяларының бірі.
Еліміз егемендігін алғаннан бері бұрыннан қалыптасқан білім беру
жүйесі терең езгерістерге үшырауда. Педагогикалық үрдістің сапалы
болуына көңіл бөлініп отыр. Солардың бірі - педагогикалық үрдістегі
мұғалім мен оқушының қарым-қатынасы.
Қарым-қатынас - мұғалім, тәрбиеші, тренер, студия жетекшілерінің
бөлінбейтін элементі, негізі. Сабақ, үйірмелердегі, спорт залдарындағы,
шеберханалардағы сабақтар, мейрамдар, саяхат, емтихандар, ата-аналар
жиналысы, педагогикалық кеңестер - мүның бәрі қарым-қатынас,
оқушьшармен, әріптестерімен, әкімшілктермен, ата-аналармен қарым-
қатынас.
Негізгі көңіл аударатын мәселе - педагог пен тәрбиеленуші
арасьшдағы кәсіби қарым-катынас.
Педагогикалық қатынасқа ерекше көңіл белген В.А.Кан-Калик,
А.В.Мудрик, А.А.Леонтьев, А.Б.Ынтықбаева және т.б. ғылыми еңбектері
бар.
Ұстаз өзінің қызметінде карым-қатынастың барлық міндеттерін
атқаруы тиіс, ол мағлұмат беруше де, оқушыны немесе сынып
оқушыларын танып білуші де және үжымдық қатынас пен өзара
катынастарды үйымдастырушы да болады.
Өз міндетіне жаңа кіріскен педагог қызметі сәггі болуы үшін тек қана
пән және психологиялық-педагогикалық білімдері емес, сонымен қатар
қарым-қатынас жасай алуы керек.
Қарым-қатынасқа дайынбыз ба?
Бүл сүрақ көп адамдарға мағынасыз, дүрыс қойылмаған сүрақтар
сияқты көрінеді. Өйткені, біз күнделікті қарым-қатынас жасаймыз, өмір -
қарым-қатынассыз болуы мүмкін емес. Бірақ та жоғарыдағы сүраққа
жауап беруге асықпау керек. Өйткені, мүнда кәсіби педагогикалық қарым-
қатынасқа даярлық туралы сөз болады. Яғни:
1) қарым-қатынас - педагогиканың негізі жөніндегі ұғым;
2) қарым-қатынасты ұйымдастыра білу және өзінің психологиялық
жағдайьгада оны басқара білу;
31
3) педагоітың жеке адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Осы мәселелер төңірегінде әңгімелесейік. Педагогикалық қарым-
қатынастың мәні мен ерекшеліктерін А.А.Бодалева, А.А.Леонтьева,
Н.В.Кузьмина, В.А.Кан-Калик, Я.Л.Коломинский, А.А.Реан, т.б.
педагогтар мен психологтар өз еңбегінде қарастырған.
Педагогикалық қарым-қатынас - қарым-қатынастың ерекше түрі,
«кәсіби категориясы» болып табылады. Ол әрқашан білім беруші,
дамытушы және тәрбиелеуші қызмет атқарады. Педагогикалық іс-әрекет
- динамикалық іс-әрекет: тәрбиеленушілердің жасына қарай әрі
педагогтың, әрі балалардың қарым-катынас көзқарасы, позициясы өзгеріп
отырады.
Кан-Калик былай дейді: «Педагогикалық қарым-қатынас - тәрбиелеу
мен оқыту мақсаты мен міндетін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін және
педагог пен оқушыньщ өзара осерін аЁқьшдайтын әдістер мен қүралдардың
жиынтығы».
В.А.Кан-Калик өзінің және басқалардың педагогикалық
тәжірибелеріне сүйене отырып, мүғалім мен оқушы, мүғалім мен сынып
арасындағы қатынастарында кездесетін қиьшдықтардың себебі,
мүғалімнің педагогикалық қатынастың егжей-тегжейін әлі де бойына
сіңірмегені жайлы сөз етеді. Мүғалімге коммуникативті іскерлікті
меңгеріп, оны оқу және тәрбие үрдісінде қолдануы қажет екені айтьшады.
В.А.Кан-Калик мұғалімнің коммуникативті іскерліктері қатарына:
адамдар алдында сөз сөйлей білу; қарым-қатынасқа түсе білу; түрлі
жағдайларды туғыза отырып, шығармашылық іс-әрекетті үйымдастыру;
оқу және тәрбие үрдісінде дүрыс, бір бағыттағы қарым-қатьшасты қүрьш,
оны басқара білу іскерліктерін атайдьі.
Кан-Каликтің пікірі бойынша, педагог өзінің іс-әрекетімен, жүріс-
тұрысы, сейлеуі арқьшы тәрбиеленушілерге үлгі болуы керек. Мұғалімге
коммуникативті іскерліктің баяны мүғалім сөзінің нақтылығы,
түсініктілігі, көңілге жағымды үні, дауыс ырғағы, сөздерінің анықтылығы,
мейірімділігі мен тартымдылығы, міне, осының барлығы үстаздың
оқушыға деген әсерін жоғарылатады.
Үстаз өзінің қызметінде қарым-қатынастың барлық міндеттерін
атқаруы тиіс, ол мағлұмат беруші де, оқушыны немесе сынып
оқушьшарын танып білуші де және ұжымдық қатьгаас пен өзара
қатынастарды ұймьідастьгрушы да бола алады-
Бұл жерде ойға түйетініміз: педагогикалық көзқарас педагог тұлғасы
арқьшы жүзеге асады. Өйткені, қарым-қатынас арқылы оқушының
көзқарасы, ойлауы, өмірге, адамдарға, езіне деген көзқарасы пайда
болады.
32
Зерттеуші-ғалымдар, соңғы кезде практиктер, педагогикалық көзқарас
проблемасының өзекті екендігіне тоқтальт жатыр. Неге? Өйткені, қарьш-
қатынас - оқу-тәрбие міндеттерін шешудің маңызды қүралы.
Тәрбиеленушілермен қарым-катынас жасай отырып, педагог оның
жеке және тұлғалык ерекшеліктерін анықтайды; құндылық бағдары,
гұлғааралық қарым-катынасы, іс-әрекеті туралы ақпарат алады.
Қарым-қатынас педагог пен тәрбиеленушінің біріккен әрекетін
реттейді, өзара әсерін камтамасыз етеді, педагогикалық процестің тиімді
өтуіне септігін тигізеді.
Практика арқылы дәлелденген: білім беру мекемелерінде оқыту мен
тәрбиелеудің жаңа технологиясын енгізу, жүзеге асьгру дүрыс қойылған
педагогикалық қарым-қатынас арқылы болады.
Г.И.Щукинаның пікірі бойынша: қарым-қатынас оқушылардың
танымдық қызығушылығын қалыптастыру мен бекітуіне маңызды әсер
етеді. Тәрбиеленушіге сенім арту, оның танымдық ізденуіне қолдау жасау,
т.б. қызығушылықтарын тудырады, ынталандырады.
Бірқатар ғалымдардың айтуынша, педагогтар практика жүзінде көз
жеткізгендері - қарым-қатынас сәтті орта туғызады, түлғааралық қарым-
қатынас мәдениетән тәрбиелейді, әрі педагогқа, әрі тәрбиеленушіге өзін-
өзі қалыптастыруьша мүмкіндік береді.
Сонымен, педагогикалық қарым-қатьшас дегеніміз не?
Анықгамасын қалай беруге болады?
В.А.Кан-Калик, Н.Д.Никандров мынадай анықтама береді: «біз кәсіби
- педагогикалық қарым-қатынас деп педагог пен тәрбиеленушінің өзара
әсерлесу жүйесін түсінеміз. Яғни, ақпарат алмасу, тұлғаны тану, тәрбиелік
әсер ету». Бұл анықтамадан үғатынымыз: педагогикапық қарым-қатьшас -
өте қиын процесс.
Қарым-қатынастың дәстүрлі өзара байланысқан үш функциясын бөліп
көрсетуге болады:
1) коммуникативті (ақпарат алмасу);
2) перцептивті (адамдардың бір-бірін тануы, қабылдауы);
3) ивтерактивті (біріккен іс-әрекетті үйымдастьіру, реттеу).
Педагогикалық қарым-қатынас - ең алдымен коммуникация қызметін
атқарады, яғни, ақпарат беріледі, педагогикалық процеске қатысушылар
арасында ақпарат алмасады. Ақпарат алмасу - өз қызметіне жаңа кіріскен
педагог үшін ең қиын педагогикалық іс-өрекет аспектісі.
Коммуникацияның тиімді болуы көптеген жағдайларға қатысты болады.
Ең алдымен, тыңдаушы балаларға ақпарагты түсіндіріп, қабылдауына оң
түрткі жасай алуы керек. Балалардың назарын аударып, қарым-қатынас
жасау тақырыптарына сәйкес қызығушылықтарын туғызу керек. Осындай
мақсагга, сабақ барысында мұғалімдер қызықты айғақтар, проблемалық
33
ситуациялар, көркем әдеби, ғылыми-көпшілік әдебиеттерден үзінділер,
тарихи анықтамалар келтіреді, бейнефильмдерден үзінділер үсынады.
Тіл - адамның қатынас қүралы дегендей, мүғалім мен оқушы
арасындағы қарым-қатынас олардың тіл табысуына байланысты болмақ.
Ғылымның тіліне сүйенсек, мүғалімнің коммуникативтік іскерліктері оқу
және тәрбие үрдісіндегі қарым-қатынастың жүйелі, сапалы жене нәтижелі
болуына әкеледі.
Ғалымдардың пікірінше, XX ғасыр басына дейін «коммуникация»
терминіне көңіл бөлінбей, сезі тек қатынас және оның түзгіштері жайлы
айтылып келген дейді. Бірақ, «коммуникация» (соттипісагіо) деген сөздің
түбірі латыннан алынғанына қарағанда бүл сөздің ежелде пайда болғаны
шығады.
Энциклопедиялық сөздіктер «коммуникацияны», біріншіден,
хабарласу жолы, екіншіден, адамнан адамға мағлүматтар беру деп
айқындайды.
Психологиялық сөздік «коммуникация» (ағылшынның (сотшшіісаіе -
хабарлау, байланысгыру, қатынаста болу) - әлеуметтік психологияда,
біріншіден, адамдар арасындағы катьгаастағы мағлүматтармен алмасуын
сипаттау деп береді.
Коммуникация кең мағьшада қатынас деп те түжырымдалады.
Педагог ақпаратгарды вербалды (сөз арқылы) және вербалды емес
(жест, іс-қимыл) арқылы береді.
Қатынас, әсіресе, жасөспірім балада тез дамиды да жаңа мағына мен
жаңа нысанаға ие болады. Жасөспірім қатынасқа еңбекте, оқуда, спортгық
жаттығуларда, мәдени қызмет барысында түседі. Осьгадай қызметтер
арқьшы жасөспірімнің санасы өседі. Оның келешек өмірге деген
талпынысының артуына байланысты езінің қүрбьшарымен, үлкендермен
үнемі қатынасқа түсіп, өзінің түрлі әрекеттері арқылы санасы
қалыптасады.
Міне, сондықтан мектепте жас өспіріммен дүрыс қатынас жасап,
оның ынтасының дүрыс бағытта жүруіне көмек беріп, оның сыры мен
қырын бойымызға сіңіру жөн. Ежелгі дүние тарихьгаа көз жіберетін
болсақ, философ Платонның үстазы Сократты мысалға алуға болады.
Б.з.д. 470-399 ж.ж. Афинада тұрған Сократ, өзінен кейін бірде бір еңбек
жазып қалдырмаса да, оның оқушыларының мәліметі бойынша өзінің
оқушыларымен әңгімелесу арқылы дүниені, шындықты тануға үмтьшғаны
көрінеді.
Сократтың сөз шешендігі, оның әсерлігі, коммуникативті іскерлігі
жайлы оқушысы Платон былай деп жазады: «Мен оны тыңдап отырган
кезімде, жүреітонің соғуы жиілейді, кезімнен жас төгіледі; басқаларға
қарасам, олар да мен сияқты күйде отырғаньш көремін. Жүрегімді жылан
34
шаққандай әсер еткен философиялық сездері айтқандарын орындатуға
апарады» - дейді.
ВА.Сухомлинский былай деген: «сөз - баланың, тәрбиеленушінщ
жанына, жүрегіне әсер ететін, ештеңемен айырбасталмайтын құралы»,
яғни, сөз - кәсіби қүрал.
Сондықтан сөз: 1) кеңіл көтеру, қызықгыру т.б.
2) ақпараттық - зат туралы жаңа түсінік;
3) жандандыратын - адамның эмоциясына, сезіміне жақын;
4) сенімді - қандай да бір түжырымды дәлелдеу немесе жоққа шығару
үшін логикалык айғақ;
5) іс-әрекетке шакыру.
Педагогикалық қарым-қатынаста сездің бүлардан басқа түрлері де
кездеседі, сезге ерекше талап қояды:
- дүрыстығы - әдеби тіл мамандарына сәйкестігі;
- дәлдігі - езіне тән мағынада сездердің пайдалануы;
- қарапайымдылыгы, логикалығы, түсініктілігі, жеткізе алуы;
- бай сез қоры (қолданылатын тілдік қүралдардың әртүрлілігі);
- бейнелігі, эмоционалдығы.
Сезді дүрыс пайдалана білу үшін педагог езіне мынадай сүрақтар
қояды: қалай дүрыс айту, жеткізе алу, сенімді, эмоционалды түрде білу
керек?
Коммуникацияда маңызды не айту емес, қалай айту. Әдемі сейлеуді
риторика ғьшымы үйретеді. Риторика тек әдемі тідде ақпарат берумен
ғана емес, басқа адамдарға нақты әсер ете алуға кемек береді.
Педагогтың сезінде маңыздысы - эмоциоңалды, екггін (интонация),
темп, дикция, пауза (үзіліс) дұрыс қойылуы,
Л.С.Макарснко: «бері кел» сезін 15-тен 20 түрлі екпінмен айтып
үйренгенде ғана шебер бола алады дейді. Бкпін педагопың сезіне
эмоционалдық бояу береді.
Ю.Трифонов: «Адамдар сездің мағынасына емес янтонциясьша
ренжиді».
Сезді толықтыратын, тәрбиеленушілерге эмоционалды әсер ететін,
педагогтың сезімін және кеңіл-күйін беретін вербалды емес қүралдары да
бар.
К.С.Станиславский былай деген: «Адамдар ездерінің 5 түрлі сезім
мүшелері аркылы қарым-қатынас жасай алады: кездерімен;
мимикаларымен; дауыстарымен; қолдары, саусақтары қимылдарьшен;
сәуле шығару және сәуле қабылдау арқылы».
Осы сезсіз берілетін қүралдар эмоционалды қарым-қатынас тілі деп
атайды. Олар дұрыс жауап бергенде бастарын шүлғып отыруы, баға
қойғанда жымиып қоюы маңызды-рақ және керісінше.
35
Кейбір оқушыларға мұғалімнін жылы алақанын сезіну маңызды.
Е.Н.Ильин: «Кейбір жағдайда ғана мүғалім балаға қолымен әсер етеді.
Бірақ, біздің қолымыздьщ рухани қызметі барлығына түсінікті емес.
Қолымды тигізіп, жазуына көмектесем, қолымды тигізіп, біреудің жағасын
түзеймін. Оқушылар оған үйренген мен қолым арқылы моралды, әрі
эмоцияналды көмек берсмін».
Дәрігер-психиатр Владимир Леви «Искусство бьггь собой» деген
еңбегінде «жарықгандыру» принципін үсынады. Яғни, қол айнасы арқылы
адам өзінің эмоционалды жай-күйін басқара алады.
А.С.Макаренко «можорность» ұғымын түсіндіреді. Оқушыларға
мынадай сүрақ қойылған екен: «Мүғалімнің сьіртқьі кейпінен нені
көргіңіз келеді?». 80 пайызы - көзі мен түрі, 60 пайызы - дауысы деп
жауап беріпті.
Білім беру мекемелерінің қызметкерлері жалпы педагогикалық
қабілеттер мен егггіліктерден басқа төрбиеленушіге жеке аудио-визуалды
әсер ету тәсілдері мен құралдарын меңгеруі керек. Бұларды бір сөзбен
«педагогикалық техника» деп атайды. Мүғалімнің ең бірінші қарым-
қатынас қүралы - дауыс ырғағы. Оньщ болмауы мүғалімнің кәсібилігін
жоғалтуына әкеліп соғады. Педагогтың дауысы мәнді, ырғакты, көңіл
аударуы керек, бірақ, түлғаға кері әсер ететіндей немесе
«ұйыктатпайтындай» болуы керек. Тәжірибе арқылы дәлелденген:
жоғары дауыстарға қарағанда төменгі дауыстар тындаушыларға жақсы
әсер қалдырып, ақпарат тез сақталады. Сөздік аппаратгы мақсатты түрде
дамыта отырып, ез дауысьга дүрыс жолға қоюға болады.
Келесі педагогикалық техника элементі - мимика - бет бүлшық еттері
арқылы ойды, сезімді, көңіл-күйді көрсете алудың өзіндік ерекшелігі. Бүл
қозғалыстардың мәнді көзқараспен байланыста берілуі эмоционалды
түрде сөзді әшекейлейді, рухтандырады, тәрбиеленуші мен тірі байланыс
орнатады. Өз беттері мен көздерін мимикаларыньщ ерекшеліктерін оқьш
үйрене отырып, арнайы тренингтердің көмегімен педагогикалық мақсатта
пайдалануға болады.
Педагопың жесті - (мимкаға ұқсас) эмоционалды әсер ету қүралы,
окушылардың назарьга ең маңызды түстарына аударуына көңіл белуге,
ақпаратты ұғынуына кемектеседі. Ең бастысы, қолды ойлау мен сезімді
тыңдай білуге жаттықтыру, сез, мимика жөне жест гормониялығына
талпыну.
Кебінесе, педагогикалық қарым-қатынас процесінде эмоционалды
реакция, білімдермен алмасу монолог және диалог арқылы ауызша жүреді.
Сездің монолог түрін қиын материалдарды түсіндіргенде, тәжірибе,
практикалық және лабораториялық жұмыс жүргізгенде пайдаланады. Бұл
педагогтан логиканы, сенімді дәлелдерді, түсіндіруді, мысалдарды, тарихи
тәжірибелерді сақтауды талап етеді.
36
Мектептегі білім беру үрдісін демократияландыру және
гумандандыру, оқу мен тәрбиелеудің дәстүрлі емес түрлерін пайдалану
оқудың диалогтық түрін таратуға септігін тигізеді.
Диалог - оқушы мен педагог арасында ақпарат рационалды және
эмоционалды алмаса алуы.
М.М.Бахтин былай деген: «шындық бір адамның басында ғана
тумайды, екі немесе бірнеше адамньщ диалог арқылы қарым-қатынас
жасағанда туады».
Диалог - бұл тек сұрақ пен жауап қана емес, ол оқу-тәрбие мақсатын
шешуге бағытталған; талданатын проблемаға, адамдарға, өмірге катысты
мәселелерді шешкенде жүзеге асады.
Диалог кезіңде сұракты дүрыс қоя білу керек. Сүрақтарды дұрыс қоя
білу өзінің ойын эмоционалды түрде көрсете білу - коммуникацияның ең
жақсы жағы. Сонымен қатар, мүғалімнің коммуникациясының екінші
жағы - тындау білу де керек.
В.А.Сухомлинский былай деп жазған: «Баланы тындай білу - үлкен
педагогикалық өнер». Мектептерде кейбір мұғалімдер оқушыларын шала
тыңдайды немесе мүлде тыңдамайтындар да бар.
А.А.Леовтьев мүғалімнін коммуникативтік іскерліктерін ерік пен
жігерлік қасиет ретінде қарастырып, оған өзінің мінез-қүлығы, жүріс-
түрысын қадағалау іскерлігін, өзінің ыкылас көрсетуін қадағалай, бақылай
білуін, адамның жүзіне қарап, көңілін таба білуін, оқушыны бір
қарағаннан психологиялық ерекшеліктерін айқындау іскерлігін;
оқушымен дүрыс және тартымды қатынас жасау іскерлігін,
психологиялық сипатта тартымды сөйлей білуін, сөзбен және сөзсіз
қатынас жасай білу іскерліктерін жатқызады.
А.АЛеонтьев әлеуметтік бағыттағы катынас (дәріс, баяндама,
шешендік сөз, теледидарлық сез), ұжымдық-тақырыптык бағыттағы
қатынас (ұжым алдындағы мәселені шешу), түлғалык бағыттағы катынас
(бір адамның басқамен қатынасы) деп топтарға беледі.
А.Б.ЬІнтықбаева келешек мүғалімдердің коммуникативтік іскерліктері
мен дағдьшарының негізі мен мазмүньга қарастыра отырып, мұғалім
мамандығына сай, сыныппен байланыс орната білу, мектеп
оқушыларымен тіл табыса білу іскерліктерін жатқызады. Ол
коммуникативтік іскерліктер мен дағдылар қатарына қажетті сезімі мен
кеңілін бере білу іскерлігі, оқушылар арасында езара қарым-қатынас
орната білу, проблемалық сұрақтар қоя білу, оқушылармен бірге ұнамды
және жағымды іспен айналысу, оқушылармен ортақ тіл табысу іскерлігі
мен дағдыларын айтады.
Мәселе бойынша, А.В.Мудрик еңбектері де құнды. Ол қатынасты
педагогикалық категория ретінде керсетіп қолданьшатын қозғаушы күш
ретінде көрсетеді. А.В.Мудрик оқушыларда бір мақсатты бағыттағы
37
коммуникативтік жағдайдан шығу жолдарьгада жаңа тәсілдерді қолдана
білу іскерлігін жатқызады.
Сонымен, қарым-катынастың ең киын функциясы -
коммуникативтікгі қарастырдық. Қорыта келе айтарымыз,
коммуникацияны іске асыру үшін педагогқа қойылатын талаптар:
• ойын нақты жеткізе білу;
• сүрақты дүрыс қоя білу;
• тыңдаушысына қүлақ асу;
• түсіндіру, дәлелдеу;
• сенім арту;
• іс-әрекетке ден қойғызу.
Коммуникативтік өзара әсердің тәрбиелік маңызы зор - түлғааралық
карым-катынастың қалыптасуына септігін тигізеді.
Қарым-қатынастың педагогикалық іс-әрекеттегі тиімділігін педагог
қалай қабылдайды, тәрбиеленушілерін қандай дәрежеде білетіндігіне де
байланысты. Бұл перцептивтік функцияға байланысты жүзеге асады.
В.А.Сухомлинский: қасындағы балалардың жанын түсіне білу, оны
тану мүғалімдерге бірден-бір қажет нәрсе. Олардың даму психологиясын
білу, көңіл-күйін түсіну, қүндылық бағдарын білу т.б.
В.Леви адамдарды жақсы тани білетіндерді - қарьш-қатьшастың
ұлылары (гений) деген.
Тәрбиеленушілердің өзіндік ерекшеліктерін тану және түсіну
механизмі - педагогикалық эмпатия деп аталады. Сөздікте оғаны мынадай
анықтама берілген: «Эмпатия - постижение эмоциональных состояний
другого человека в форме сопереживания и сочувствия».
Олай болса, педагогикалық эмпатия тәрбиеленушінің ойша
тәрбиеленушінің орнында болып көруі, оньщ психологиялық жағдайына
енуі, түсінуі, бірге бөлісуі. Бүл тек мүғалім өзін-өзі жақсы танып-біле
алған жағдайда ғана жүзеге асады, яғни, рефлексия жақсы дамығанда,
езінің ойын, іс-әрекетін, адамдармен қарым-қатынасын объективті түрде
талдай алғанда жүзеге асады.
Рефлексияны жақсы меңгерген және эмпатиялық қабьшдай алатын,
тәрбиеленушіні түсінетін жӘне дүрыс қабылдай алатын педагог оқу-
тәрбиелік өзара қарым-қатынасты түзей және алдын-ала болжай алады
және басқара алады.
Қарым-қатынасты тану, түсіну және бағалау - екі жақты процесс.
Педагог өз тәрбиеленушілерін таниды, ал, олар педагогты іштей тануға
тырысады.
Егер педагог пен тәрбиеленуші бір-бірін адекватты түрде толыктырып
тұрса, онда педагогикалық қарым-қатынас езара түсінушілік арқылы іске
асады. Бірін-бірі түсіну, қабылдау болашақтағы іс-әрекетті келісіп іске
38
асыруға, өзара сыйласымдықтың орнығуына, бір-бірінің көңіл-күйін
сезінуге, карама-қайшылықтардың алдын-алуға, өзара тұлғалық қарым-
катынас орнатуға септігін тигізеді.
Қарым-катынастың маңызды функциясының бірі - интерактивті
функция (өазара іс-өрекетті үйымдастыру және ретгеу), басқа сөзбен
айтканда, тәрбиеленупнлердің іс-әрекетін басқару.
Алдын-ала ойластырған қарым-қатьгаас сабақтағы әр түрлі әрекеттер,
жаттығулар (спорттық дайындықтың сәтгілігі), сыныптаң тыс
әрекеттердің шығармашылығьгаың тиімділігін айқындайды, өзара
әрекеттің жағымды нәтижесін қамтамасыз етеді.
Өзара әрекет - іс-әрекеттің жалпы мақсатын іске асыратын әрекет.
Өзара әрекет процесінде қызығушылық, көңіл қоюшылық, келісімділік,
жанашырлық, мүғалім мен оқушының біріккен әрекеті көрініс табады,
бірақ, бүл мүмкін, егер, қарым-қатынас іс-әрекеттің әрбір компонентінен
етсе.
Ең алдымен, қарым-қатынас іс-әрекетті жүзеге асыруға жағдай
туғызады, яғни, бірігіп әрекет етуге екі жакты бірдей камтамасыз етеді,
дайындайды. Мүнда педагог іс-әрекеттің мақсатын үсынбайды, неге
тәрбиеленуші бүл іс-әрекетке енуі керектігін бірден түсіндірмейді, ал,
олармен бірге мақсатты айқындайды. Оның тәрбиеленушіге түсінікті
және іштей қабылдай алуларын қамтамасыз етуге талпынады.
Қарым-қатынас іс-әрекетті үйьгмдастыруда да маңызы зор. Өйткені,
оқушыларға жүмыстың дайын түрі мен әдісін үсынғаннан гөрі оларды
шығармашылық ізденіс арқылы педагогтар мен тәрбиеленушілердің
біріккен маңызды әрекетіне баулу маңызды. Бүл эмоционалдық
атмосфера, дүрыс түсінісушілік қарым-қатынасты туғызады. Сонымен,
қарым-қатынас іс-әрекетті аяқтаған кезде де маңызды. Яғни, сабақтың
саяхат, дайындықтарының соңьшда қорьгганды шығару кезінде маңызды.
Өзара әрекет процесінде «біз» деген сезімді қалыптастыру; педагог пен
оқушының эмоционалдық бірлігін: яғни, «мәтінге талдау жасаңдар»
дегеннен гөрі «біз бүгін мәтінді талдаумен шүғылданамыз» немесе
«ойланындар» дегенше «бірге ойланайық» қарым-қатынасын
қалыптастыру маңызды.
Өзара әрекет процесінде өзара түсіну, әсіресе, өзара қарым-қатынас
орнайды.
Ақпараттық, перцептивтік, интерактивтік қарым-қатынастар
педагогикалық іс-әрекетте өзара байланысқан. Педагог тәрбиеленушілерді
таниды, әрі өзара біріккен іс-әрекет арқылы жүзеге асатын комуникация
қарым-қатынае жасаушылардың өзара түсінісушілігінсіз мүмкін емес.
Яғни, бүл функцияларды жүзеге асыру, көп жағдайда, педагогтың
адамгершілік-эстетикалық қаиетімен анықталады - гуманизм, тұлғаға
оңтайлы жақындау, өзіндік болмысын мойындау.
39
Педагогикалық іс-әреқеттің тиімділігі қарым-қатынас стилі және
тәрбиеленушілерге жетекшілік ету стиліне байланысты болады. «Карым-
қатынас стилі деген не?». Бұл сүраққа жауап беру үшін «стиль» үғымын
түсінуге талпынайық.
Стиль - әдістер мен тәсілдердің жиынтығы, ол адамдардың езін-өзі
үстау манеріне тән.
Н.Бодалева стилге мынадай анықтама береді: «Стиль - әрекет етудің
жеке өзіндік манерасы».
Педагогтың балалармен қарым-қатынас жасау стилі - әлеуметгік және
адамгершілік категория. Осыған орай, ВА.Кан-Калик былай деп жазған:
«Қарым-қатынас стилі деп педагог пен оқушының әлеуметтік-
психологиялық өзара әрекетінің жеке жөне типологиялық ерекшелігін
түсінеміз».
Педагогикалық қарым-қатынас пен педагогтың жетекшілік стилінің
ерекшеліктері, бір жағынан, педагогтың даралығына, құзіреттілігіне,
коммуникативті мәдениеттілігіне, тәрбиеленушілерге эмоционалды-
адамгершілік карым-қатынасына, кәсіби іс-әрекетіне шығармашылықпен
қарауына байланысты болса, екінші жағынан, тәрбиеленушілердің жас
ерекшеліктеріне, жынысына, тәрбиелілігі мен білімділіген, оқу
үжымының ерекшеліктеріне байланысты.
Педагоггьщ қарым-қатынас стилдері:
1. Педагопъщ жоғары кәсібюгігі негізіндегі қарым-қатьшас. Бүл
педагопың жалпы педагогикалық іс-әрекетке қарым-қатынасы. Мүндай
педагогты «студенттер ізінен қалмайды (за ним студенты по пятам
ходят)» дейді. Сонымен қатар, жоғары оқу орны мүндай қарым-қатынас
жалпы кәсіби қызығушьшығьга ынталандырады, яғни, біріккен
қызығушылық, біріккен шығармангылық қабілеттерін дамьггады. Бұл
стиль үшін ең бастысы - педагогтың қүзіретгілігі мен адамгершілік
қасиеттерінің ең жоғары деңгейдегі бірлігі.
2. Достық негіздегі қарьш-қатьшас - ортақ бір іске деген
қызығушылықтан туатын қарым-қатынас. Педагог жетекші, жолдас, оқу іс
-әрекетіне қатысушы роль атқарады. Бірақ, бүл жерде «панибратство»
тым жақындасып кетуден аулақ болу керек, субардинация ұстау керек.
Әсіресе, бұл жас педагопарға қатысты, тіл табыса алмау жағдайында
болмауы үшін жас педагогтар балалармен тым жақындасып кетеді.
3. Ара қашықтық қарым-қатынас (общение - дистанция)
педагогикалық қарым-қатынастың ең кең тараған түріне жатады.
Жұмысына жаңа кіріскен педагог бұл стилді өзін-өзі тану, өзін-өзі
қалыптастыру үшін оқушылар ортасында қоладанады. Ара қашықтық
болу керек, өйткені, педагог пен тәрбиеленуші әр түрлі әлеуметтік
көзқарас ұстайды. Неғұрлым тәрбиеленуші педагогтың ролін дұрыс
түсінсе, соғұрлым ара қашықтықты үстай алады. Ал, педагог үшін ара
40
кашыктыкты сақтау шеберлігін дұрыс меңгере алуы қажет. Сонымен
қатар, педагогикалық стилдердің жағымсыз жақтары да бар:
4. Қорқыту қарьш-қатынасы, гумандық емес, қатал тәртіп, қорқыту,
сөзін жүргізу, сөзсіз бағынуды талап етеді. Бұл - біріккен педагогикалық
іс-әрекет бола алмайды.
5. Қылжақтау (заигрывание) қарым-қатынасы - жас мұғалімдерге
қатысты тәрбиеленушіге ұнау үшін, өтірік арзан бедел жинау үшін
пайдаланады. Өйткені, олардың кәсіби педагогикалық тәжірибесі
жетіспейді, коммуникативті мәдениеті төмен мұғалімдер пайдаланады.
6. Тан-тамашалық (превосходство) қарым-қатынасы педагогтың
тәрбиеленушілер алдында өзіне мақтаныш сезіммен қарап, оқушылардың
бар екенін ұмытып, өзінің олармен қарым-қатынасына кеңіл қоймай,
мүлде сырт қалатын педагог.
Соңғы кездерде шетелдерде педагогтың типологиялық кәсіби
көзқарасын көрсететін қарым-қатьгаас стилдерінің жіктемесі берілген.
М.Таленнің пікірі бойынша мынадай жіктемеден тұрады:
1- Модель - «Сократ». Мұғалім оқушьшар арасында пікірталас
тудыруды жақсы көреді; оқушыларды соган тартады. Мұның жағымсыз
жагы - оқу процесінде жүйелілік болмайды, жекелік (индивидуализм)
басым болады. Жағымды жағы - оқушылар өз көзқарасын қорғауды
үйренеді.
2- Модель - «Топтық дискуссия жетекшісі». Оку-тәрбие процесінде
ауызбіршілік, келісу, проблеманы бірігіп дұрыс шеше білуге үйретеді.
3- Модель - «Шебер». Мүғалім еліктеуге тұратын үлгі ретінде сөзсіз
көшіріп алатын түлға регінде көрінеді.
4- Модель - «Генерал» - қос мағыналықтан аулақ, өте талап қоюшы,
айтқанын қатал түрде орыңцататын, әрқашан өзінің айтқаны ғана дүрыс.
Ал, оқушы - әскерге жаңа алынған солдат сияқты барлық бұйрықтарды
сөзсіз орындайды. ПедагогикалЫк практикада осы стиль кеңінен тараған
десек, артық айтпағандық болар еді.
5- Модель - «Менеджер». Мүғалім шешуді керек ететін есепті әрбір
оқушымен талқылайды, сапалы бақылау мен соңғы нөтижені бағалайды-
6- Модель - «Тренер-жатгықтырушы». Мүнда оқушылар 1 команданың
ойыншылары сияқты. Әрбір команда мүшесі даралық емес, бәрі бірігіп
көпшілік болуы басты нәрсе. Мүғалім топтық күшке дем беруші ретінде
болады. Оған соңғы нәтиже, жеңіс керек.
7- Модель - «Гид». «Жүре алатьга энциклопедия» ролін атқарады. Кез
келген сүрақтарға алдын-ала жауабы әзір, сүрақтарды да алдын-ала біліп
алған. Бүл - қызықсыз.
41
Педагогикалық қарым-қатынас деңгейлері:
Сабақ үстіндегі және сабақтан тыс оқу іс-әрекетінің формаларын
пайдаланатын оқытушының қызметін талдай отырып, қарым-қатынастың
әр түрлі деңгейлерін бөліп алуға болады:
• жогары - өзара түсінісу, өзара қарым-қатынас жасау, сенім артуда
жылылықпен сипатгалады;
• орта.
• төмен — түсінбеушілік, бір-біріне жат болу, суық қарау, өзара
көмектің болмауымен сипатталады.
Б.Г.Ананьевтің пікірі бойынша, қарым-қатынастың деңгейлері
педагогтың әсерімен тікелей байланысқан. Оларды 2 түрге белуге
болады:
• оң әсер ету - қолпаштау, өз бетімен орындалған іс-әрекет екенін
мойындау, мақтау, сенім арту, үсыныс, кеңес айту;
• теріс әсер ету - ескерту, мазақ ету, қорқыту, намысына тию, сөзбен
қағып тастау.
Педагогикалық қарым-қатынас стилі педагогикальщ жетекші стилден
келіп шығады. Педагогикалық жетекші стиль педагог пен
тәрбиеленушінің көзқарасынан, тұлға мен ұжымның өзара әрекеттесу
тәсілдерінен, тура және кері байланыстан, бағалаудан, қарым-қатынас
түрлерінен көрінеді.
Жетекші стилдер мынадай:
Авторитарлық жетекші стиль - педагог өз іс-әрекетін түсіндірмейді,
шектен тыс талап қояды, оқушының пікіріне, инициативасына қалай болса
солай қарайды, сыни ескертпелер мен көзқарастарын айтуға рүқсат
бермейді. Педагогтың жаны ашымайды, жаны ауырмайды.
Педагог ресми, бұйрық беруші, басқарушы қарым-қатынас жасайды.
Ал, қарым-қатынас түрлері - бүйрық беру, үйрету, айғайлау, ұрысу.
Бұл стилді мьшадай сөздермен керсетуге болады: «Менің
айтқанымдай қыльш орьщдандар, сендердің пгарлерінді сүрамаймьш».
Мұндай стиль тұлғаның дамуын тежейді, белсенділігін басып тастайды,
адекватты емес баға беруін туғызады.
Г.И.Щукинаньщ пікірі бойьшша: жетекші стилдің бұл түрі мұғалім
мен оқушы арасында эмоционалдық, мазмұндық барьер (кедергі)
орнатады.
Демократиялық жетекші стиль — қарым-қатынас пен іс-әрекет біріккен
шығармашьшық қызметтен құралады. Педагог оқушының пікірін
тыңдайды, ез көзқарасында қалған баланы қолдайды, белсенділігін
арттырады. Үйымдастырушылық әрекеті басьгм болады. Бұл стиль
эиоционалды оң атмосфера туғызады, сенім арту, жақсылық тілеуші,
42
сыйласымдық, жауапкершілік қасиеттер туғызады. Негізгі қарым-қатынас
гүрі - кеңес, ұсыныс беру, бұйымтай айту.
Бұл стилді мынадай сөйлеммен байланыстыруға болады: «Бірге
ойластырып, бірге ұйымдастырайық, шешімін бірге шығарайық».
Демократиялық стиль педагогтарға тәрбиеленушілерді жақындастырады,
езін-өзі дамытуьша, өзін-өзі жетілдіруіне септігін тигізеді, өз бегімен
жұмыс істеуге, өзін-өзі басқаруға талпындырады, өзін-өзі басқаруға
ынталандырады, адекватты өзін-өзі бағалауды қалыптастырады. Сонымен
қатар, өзара сенім арту, гумандык қарым-қатынас орнатады.
Либералды жетекші стильде іс-әрекетті ұйымдастыру мен бақьшау
жүйесі болмайды. Педагог сырттай бақылаушы роль атқарады, ұжымның
өміріне араласпайды, аздаған жетістіктерге мәз болады. Қарым-қатынас
жасаудағы дауыс ырғағы қиын жағдайлардан аттап етіп кеткісі келген
педагогтың көңіл-күйіне байланысты.
Қарым-қатынас түрі - ымыраға шақыру. Бұл стиль
тәрбиеленушілердің белсенділігін арттырмайды, инициативасын
оятпайды, «мұғалім - оқушы» өзара әрекет болмайды.
Мұны мынадай сөйлеммен түсіндіруге болады: «Қалай болса солай
болсьш».
Жетекші стилдің бірінші және үшінші түрлері көп қолданылмайды.
Педагогикалық жетекші стилде педагогикалық қарым-қатынас стилі
кездеседі: жолдастық қарым-қатынас, біріккен шығармашылық әрекет, ал,
ара қашықтық қарым-қатынас, қорқыту қарым-қатынасы, таң-тамаша
болу қарым-қатынасы авторитарлық стилде көрінеді.
Әрбір педагогқа өзіндік қарым-қатынас стилі мен жетекшілік стилін
қалыптастыру керек.
В.А.Кан-Калик жеке карым-қатынас стилінің мьшадай қалыптастыру
жүйесін береді:
1) өзінің жеке касиеттері мен ерекшеліктерін танып білу және талдау;
2) тұлғальгқ қарым-қатынастың жақсы және жаман түстарын ажырата
білу. Үялшақтық, қысылуды жеңе білу үшін жұмыс жасау;
3) жеке ерекшеліктерді ескере отырып, педагогикалық қарым-
қатынастың элементтерін меңгеру;
4) педагогикалық қарым-қатынас технологиясын меңгеру (әсер етудің
түрлерін қолдану, вербалды және вербалды емес қүрамын сақтау,
рефлекстеу, эмпатикалық тұрғыда қабылдау);
5) шын педагогикалық іс -әрекеттегі жеке қарым-қатынас стилін
бекіту.
Қарым-қатынас және жетекші стилдер педагогтың адамгершілік
ұстанымдарына - балаларға деген сүйіспеншілік, оларға жылы қарау,
мұғалімнің түлғаға бағьгггалған гуманистік қасиетіне байланысты.
Педагогикалық қарым-қатынас кезендері:
43
1. иропюстикалық;
2. қарым -қатынастың бастапқы кезеңі;
3. педагогикалық процесте қарым-қатынасты басқару;
4. болашақтағы іс-әрекеттің қарым-қатынас жүйесін жөне қарым-
қатьшасты моделдеуді жүзеге асыруда талдау.
Оқытушы мен оқушының қарым-қатынасының тиімділігі
педагогикалық тактың сакталуына байланысты.
Түсіндірмелі сөздікте: такт - сезім өлшемі, біреуге немесе бір нәрсеге
дүрыс қарау, өзін-өзі үстай білу деп түсіндіріледі.
Энциклопедияда: «Такт педагогический - это соблюдение педагогом
принципа меры в общении с детьми в самых разнообразных сферах
деятельности, умение выбрать правильный подход к ученику» делінген.
Олай болса, педагогикалық такттың негізгі сипаттамаларын былай
беруге болады:
• мүғалімнің кәсіби тәртібінің влшемі, оның қызметінің өлшемі;
• педагог - тәрбиеленуші, педагог - ұжым қарым-қатынасының
дүрыс құрушы;
• әсер ету мен езара әрекеттесудің әдістерін, түрлерін,
қүралдарын таңдай білу және пайдалану.
Педагогикалық тактга қарым-қатынасқа қатысушы субъектінің
адамгершілік-эстетикалық кәсіби үстанымы сақталады.
Педагогикалық такт қаратудың формалары мен қарым-
қатынастарында намысына тимей сөйлей білуінде, балалар әрекетін
үйымдастыра білуде, оны тексере білуде, өзін-өзі ұстай білу, талап ете
білуінде көрініс табады. Осыған орай, мынадай жағдаяттар ұсынамын:
... 10 сынып окушысы қоңырауды әзер күтеді, қоңырау соғыла
салысымен мүғалімге жақындайды да, үстелге сүйеніп, жантая түсіп: «...,
Сіз білесіз бе, мен баяғыдан сүрайын деп жүр едім» - деп, сұрақ қоя
бергенде, мұғалім: «Мұғалімнің алдында қиқаңдамай дұрыс тұр» деп
дауысьш көтеріп сөйлейді. Соңьгаан іле-шала: «Не сұрайын деп едің?» -
дейді. Оқушы: «Ештеңе емес» - деп, қабағы түсіп, сыныптан шығып
кетеді.
Немесе, 8 сынып оқушысы сыныптас қызға арнап хатты жазып,
қыздың партасына қарай лақтырады. Мұғалім оны орта жолдан қағып
алады. «Тоже мне Ромоэ» деп, қызыл қаламмен түзей бастайды....
«Қарым-қатынас - ғылым ба немесе өнер ме?» - деген сұраққа жауап
беріп көрейік. Осы сүрақты студенттерге қойып көрейік. Көбінің жауабы:
«Әрі өнер, әрі ғылым». Қарым-қатьшастың ғылыми негіздері - оның
құрылымы, түрлері, әдас-тәсілдері, стилдері, технологиясы. Ал, оқушы
мен мүғалімнің қарым-қатынасын нақты педагогикалық жағдаятгар, жас
ерекшеліктерін, дара ерекшеліктерін ескеруге тура келеді. Педагогикалык
жағдаяттарды әртүрлі болса да, әрбір жеке түлғаға жеке қарым-қатынас
44
жасау керек, Мұнда педагогтардың іс-өрекеті қайталанбайды. Қарым-
катынас - тұлтанын жеке және шығармашылык аймағы.
Білім - карым-қатынас енерінің базисі болып табылады.
Жетекшілік стилі туралы айтқанда, педагог - шебер бір уақытта әрі
демократиялық, әрі авторитарлық, әрі либералды болу керек. Мұндағы
педагогтың өнері нақты оқу-тәрбие жағдайында жетекшілік стилінің
қайсысын таңдауында.
Педагогикалық жағдаяттар: 1) Жоғары сынып окушылары футбол
ойнап жүр. Мектеп бөлмелеріне жаңа жиһаздар әкелді. Ойындарын
тастап, оқушылар көмектесуі үшін не істейсіздер?
2) 9 сынып оқушылары соңғы сабақтан кетіп қалды. Сынып
жетекшісіне оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары шара қолдану
керектігін ескертіп, тапсырма берді ... Тәрбиеленушілермен диалогты
қалай іске асырасыздар?
Қарым-қатынас өнері мұғалімнің кәсіби жетістіктеріне байланысты:
өз сезімін, өз тәртібін басқара алуы; бақылау, көңіл аудару,
тәрбиеленушінің жан-дүниесін, іс-әрекет түрлерін ескеру, бағалау, бетіне
қарап оку, окушылармен сөз және сездік емес
байланыс орнату.
А.А.Леонтьев бьшай деген: «Қарым-қатьшас өнерін үйрену керек. Өзін
педагог ретінде сезшбейтін, балаларды сүймейтін, ез кесібіне немқұрайлы
қарайтын адамдарды қарым-қатынас төсілдеріне үйрету мүмкін емес».
Балаларды сүйетін, педагогтың іс-әрекетін дүрыс жүзеге асыра
алатын мүғалімдерге белгілі педагогтар мен психологтардың ақыл
сөздерін ұсьшуға болады:
• педагогикалық іс-әрекеттерде қарым-қатынастың барлық түрлерін
міндетті түрде пайдалану керек, ақпарат алмасу, өзара қарым-қатынас
үйымдастыру, бала түлғасын танып білу, әсер ету;
• қарым-қатынаста немесе қарым-қатынас арқьшы шешілетін нақты
міндеттерді қалыптастыру;
• қарым-қатынас тактикасы мен стратегиясын ойластыру;
балалардың сана-сезіміне әсер ететін тәсілдерді таңдай білу;
• қарым-қатынас процесі кезінде барлық көңіл-күй, күш-жігерді
өзіңнің нақты міндеттеріңді жүзеге асыруға көңіл бөлу керек;
• тәрбиеленушілермен қарым-қатьгаас жасай отырып, олармен
«вертикаль» бойынша қарым-қатынас ұйымдастыру керек, яғни,
жоғарьщан төмен қарай (педагог оқушыдан жоғары), ал, «горизонталь»
жазықтық бойьшша педагог пен оқушы бірдей жағдайда;
• балалармен қарым-қатынасты үйымдастыра отырып, олардьщ
көңіл-күйін, сыныптағы микроклиматтың (кішкене орта) азғантай
45
өзгерістерін «кағып алуы», психологиялық жағдайын тұракты деп
есептемеу;
• тәрбиеленушілермен карым-қатынаста инициативаны қолына алу
керек, біріккен іс-әрекет ұйымдастыру керек;
• қарым-қатынаста езіңді еркін үста, қысыимау керек, мақсатсыз
қимылдар жасамау, қорқып, жүрексініп тұрғаныңды көрсетпеу керек;
• белгілі бір механизм немесе белгілі бір алдын-ала жасалған жоспар
бойынша, алгоритм бойынша әңгіме жүргізу міндетті емес;
• кейбір мектеп оқушьшарына теріс қарым-қатынасты жеңе білуге
тырысу керек;
• қиын оқушымен өзара қарым-қатынасты арнайы орнату керек;
• баламен қарым-қатынас жасағанда мақтау, қошеметтеуді көбірек
пайдалануға тырысу керек;
• сөйлеген кезде өз сөзіңе кеңіл белу керек, ейткені, ол - сіздердің
түлғалық бейнелеріңіз;
• балаларды тыңдай біліңіз;
• кебірек жымиыңыз, оқушымен кездесуге риза екеніңізді білдіреді.
Педагогикалық әдеп - педагогика, психология, философия
ғылымдарының түйісуінде туған ғылым. Педагогикалық кәсіптің езіндік
моралі, этикасы, деонтологиясы бар. Деонотология - грек сезі - парыз,
парыздылық туралы ілім. Бұл терминді Бентам (1834) адамгершілік
теориясын тұтас ілім ретінде керсету үшін енгізген. Ол мораль мен
қүқықты зерттеген ағылшын ғалымы.
Педагогикалық әдеп - педагогикалық деонтологияның теориялық
негізі. Педагогикалық деонтология педагогикалық әдептің жеке
мамандыққа тән моралдық ұстанымдары мен нормаларының
ерекшеліктерін қарастыратын белігі больш табьшады. Педагогикалық
этиканың жалпы үстанымдары мен нормаларының мазмүндары езгеріп,
деонтологиялық талаптар, адамгершілік нормалары түрленіп, белгілі бір
педагогикалық қызмет аясында практикалық іс-әрекеттің реттеуші ролын
атқарады.
Педагогикалық әдеп студенттердің кәсігггік этиканың салаларының
негізгі мәселелерін түсіне білуге жетелейді.
Әдеп адамдардың алдына моралдық талаптар қоятын жағдайлармен
байланысты және оны дербес, саналы таңдауға кемектеседі. Мұндай
жағдайларды «шығармашылықты, шабытты, қамқоршы болу керек» деген
абстрактілік ойлар пайда болмайды. Кәсіби педагогикалық қызметтің
айырықша ерекшелігі: педагог қызмет ету барысьшда оқушыға не жақсы,
не жаман, не пайдалы, не зиянды екенін анықтау жауагпсершілігін езіне
алады.
46
Мұғалімнің кәсіптік әдебі әрбір оқушының ар-намысын қорғау, оны
құрметгеу, ерекшеліктерін тану арқылы көрінеді. Мұғалім оқушының
артықшылық белгісін, кемшілігін, олардың мүмкіндіктері мен қызығуын
білуі керек. Бұл мұғалімнің кәсіптік этикасын ғана емес педагогтық
кабілетін, оның шеберлігін де көрсетеді (Кесте 3).
Педагогикалык такт
Педагогикалык оғьтайлылык
Парасатты мінез-к±лык, с±лулык, едемілік
Сділдік, байкагыштык, тапкьфлык, ізгілік
Сцйлеу мен сезім медениеттілігі
Жогары сенімділігі, к%ошті ерік-жігері
Мұғалімнің оқушьшармен дұрыс қарым-қатынас жасауьшда
педагоггық әдептілік жетекші орын алады. Ол - мұғалімнің жоғары
шындық, қайырымдылық, ұстамдылық, сабырлылық, әртүрлі жағдайда
оқушымен дұрыс қарым-қатьгаас жасай алатын ептілігін көрсететін
адамгершілік тәртібі. Мұғалімнің педагогикальіқ жағдайды бағалау,
оқушы ерекшелігін есепке алу, педагогикалық ықпалдьщ нәтижесін
алдын-ала көре білу, өзіне үнемі бақылау жасау, оқушы ісіне көз тііу
сияқты мамандыққа сай ептілік түрлеріне байланысты. Демек,
педагогикалық әдепгілік - мүгалімнің сезімдік-эмоционалдық
дағдьшарын, қандай жағдай болса да үстамды болуын қажет ететін мінез-
күлық белгілері.
Кез келген мектептің ұжымынан балаларды қызықтыра білегін,
сабактарында әрдайым тамаша тәртіп болатын, мектепте бәрі солардың
айтқанын істейтін, қисық-қыңыр оқушьшарды сол мұғалімдерге жөнге
салуға жіберегін дарынды педагогтерді табуға болады. Бұл мұғалімдердің
шәкірттері үстаздарының беделін бірден мойындап, түйсігімен сезінеді.
Оны пір тұтады. Әрине, мүндай мүғалім - нағыз мүғалім.
47
Жаксы шебер мүғалім окушылармен өзара карым-қатынасты бір
деңгейде қалыптастыра алады. А.С.Макаренко: «Өзара қарым-катынас
куанышты болуға тиісті. Ол шығармашылық өрлеуді, батылдықты,
сергектікті керек етеді» - деді. Өз жүмысының сипатына байланысты
мүғалім ұйымдастырушы, жетекші, насихатшы болуы керек. Ол үшін
үйымдастырушылық қабілет, сергектік, ақжарқын, жігерлі, өзінің қайрат-
жігерімен, өмірге деген көзқарасымен жүртты еліктіріп, өзінің соңынан
ерте білетін мүғалімге еліктеп, оларға әрдайым жақын жүреді.
«Коллективтегі қатынас, стиль, сыңай» деген еңбегінде
А.С.Макаренко бьшай деп айтады: «Балалармен сөйлескен кезде, мүғалім
жадырап, жымиып түруға тиіс, ал бұл күлкісі жасанды болмай, сезімге
толы жүмсақ күлкі болуы керек. Мүғалім быржиып-тыржимай, ренішті,
мүңлы кейпін байқатпай жүруі керек. Егер мұғалім жайсыз нәрсеге
ұшырап жүрсе, ауырып жүрсе, мүның бәрін ол оқушыларға сездірмеуге
тиісті. Мұғалім өзінің сезімін ұстай білу керек, әр уақытта өзін токтата
біліп, қайғыны қайратқа жеңгізу» керектігін ескертеді. Ол: «Бақытсыз
адамды көрсең-ақ болады, өмірдің бүкіл қуанышынан айырыласың,
тіршілігіңді уландырасың.
Сондықтан егер сен өзіңді бақытсыз сезінсең, бірінші адамгершілік
парызың, бүл женінде ешкім ештеңе білмеуге тиіс. Жымиьш күлуге өз
бойыңнан күш тап, бақытсыздыққа жиіркеніп қарайтындай күш тап.
Бақытсыздық атаулының бәрі әрдайым әсіреленіп тұрады, оны әрдайым
жеңуге болады»,- деп түсіндіреді. ¥лы үстаздың бүл кеңесінің жас
мүғалімдер үшін, олардың оқытушьшықққа қалыптасуы үшін қажет.
Мұғалім сахнадағы актер сияқты, әрқашан көрермен оқушылардьщ көз
алдында жүреді, ал оқушының көзі байқағыш келеді. А.С.Макаренко
мұғалімнің сыртқы кейпіне де ерекше тоқталады. Ол: «Мен
оқьггушылардың сыртқы кейпіне де назар аудардым.
Сыртқы келбет адамның өмірінде зор маңыз алады. Лас, салдыр-салақ
адам өзінің жүріс-тұрысын қадағалап жүреді деп ойлау қиын» - деген
болатын. Ол сонымен бірге мүғалімнің өз киіміне назар аударып жүру
керектігін, қалай болса солай киінген мүғалімді сабаққа кіргізбей қоятын
едім» - деді. Мүғалім әр уақытта тап-таза, жинақы, таранып, аяқ киімінің
таза болуын қадағалап, тырнағын алып жүру керектігін ескертті. Бұл
арадағы басты нәрсе - әр уақытта оқьпушы екендігін ұмытпау, тым ашық,
бажырайған киімдермен оқушыларды алаңдатпау, оларды жаман талғамға
баулымау, косметиканы шеқген тыс баттитып, қолданбау керектігін де
ескертеді. Әрбір мұғалім тек эстетикалық жагынан көрікті болуға тиіс,
сыртқы бейнесімен оқушыларға ұнап тұруы тиіс» - деген болатын.
«Жеке әрекет педагогикасы» деген еңбегінде: «Әрине, педагогтардың
бәрі бірдей әдемі болғаны жөн болар еді немесе педагогикалық ұжымда
міндетті тұрде, ең болмаса, бір әдемі жас жігіт немесе жас педагог әйел
48
болуға тиіс. Олар балаларды эстетика, әсемдікке еліктіруге тиіс»,- деп
есептеді. Әрине, бұдан тек әдемі мұғалімдер ғана оқушыларға ұнауы
мұмкін деген мағына тумайды.
Мұғалім окушьшарды сөзімен, істеген іс әрекетімен, сыртқы
келбетімен де тәрбиелейді. Мұғалім барлық жағынан оқушыларға өнеге,
үлгі болуға тиісті. Жас мұғалімнің педагогикалык шеберлікті меңгеруінің
жолдары мен кұралдары, міне, осылар. Педагогикалық әдістер мен
тәсілдерді игерудің алуан түрлі жолдары бар. Шеберлікті меңгерудің ең
тиімді жолы - шебер мұғалімдердің жұмыстағы озат тәжірбиесін,
педагогикалық еңбектің технологиясын зерттеп үйрену. Осындай
жағдайда ғана оқушының тұлғалық болмысы қалыптасып, егеменді
еліміздің ертеңіне лайықты ұлы мен қызы болатындығына кәміл сенеміз!
Педагогикалық еңбек аясындағы өзіндік күндылықтардың ажырамас
бөлігі болып табылатын моралдық бағдарланудың ерекшеліктері бар.
Оның бірі - педагогтың көп әрекеттерін сырттан ешкім бақылай алмайды,
көбінесе, олар өздерінің іс-әрекетіне ездері ғана бағалаушы бола алады.
Сондықтан ұстаздың моралдық барометрі - педагогикалық парыздьшьгқ.
Я.А.Коменский «Закон хорошо организованной школы» деген еңбегінде
«бала тәрбиесін әрқашан білімсізге сеніп тапсыруға болмайды,
адамгершілік құлығы жағынан жаман кісіге, тіпті де сеніп тапсыруға
болмайды, тақуалық қүлығы мен ары күдікті кісіге сеніп тапсыруға әсте
болмайдьі» деген.
Мұғалім еңбегінің өзіндік ерекшелігі - оның нәтижелері кейінгі
уақытқа ысырылып тасталғандай бірден көріне қоймайды.
В.А.Сухомлинский «Жер жыртушы, тұқым себуші, астық басушы егіс
даласында өсірілген бидай масағымен және бір уыс дәнге бірнеше айдан
кейін қуанып мәз болады ... - мұғалім өз жасампаздығының жемісін көру
үшін жылдар бойы еңбек ету керек болады» деген. Педагогикалық
қателердің, біліксіз педагогикалық ықпалдардың жазасын баланың өзі
(кейде бірнеше жылдан кейін ересек болған кезінде) және оньщ
жақьшдары көріп жатады. Мұғалім окушы тұлғасын қалыптастырушы
делінеді. Бүл үрдістің күрделілігі тәрбиеленушінің үнемі өзгеріп
түратындығына байланысты.
Мұғалім қызметінің тағы бір ерекшелігі - қолында нәтиже өлшеуіші
жоқ. Оның ең басты жүмысы - оқыту мен тәрбиелеу барысында
туындайтын қарым-қатынасты басқару. Мүғалім көптеген нақты жағдайда
қысқа уақыттың ішінде ең дұрыс педагогикалық шешімді таба білуі тиіс,
ал, бұл - ете күрделі іс-әрекет.
Педагогикалық сананың әлеуметгік жағдайларға, әлеуметтік
тапсырысқа, әкімшілік-басқарушылық үстанымдардың өзіндік
бағдарларына сүйенуі, білім берудегі әдеп жүйесін құрастыруға өзінің
ықпалын тигізеді. Педагогтың кәсіптік санасының өзгеруіне, әдеп
49
жүйелерін сүранысқа сәйкес қүрауына мәжбүр ететін сана-сезімінің
қозғауы олардың деонтологиялық дайындығына, әлеуметтік сүраныстың
ықпалына байланысты.
Осыған орай, мүғалім еңбегінің әлеуметтік қүндылығына көңіл
аударайық. Бүгінгі күн талаптарына сай жалпы білім беретін мектептердің
барлық түрлерінде білім беру мен тәрбиенің мақсаты, міндеті, мазмұны
оқу-тәрбие процесін оңтайлы ұйымдастыру, гумандандыру бағытына
негізделуі қажет. Атап айтқанда, мектеп оқушылары әлемдік және
отандық мәдениетгің ортақ мәселелерін бағдарлай білуге, ең құнды
адамдық қасиеттерге, үлттық сана-сезімге ие болуға, демократиялық және
жаңа әлеуметгік-мәдени ортада өмір сүрудің жаңа ережелерін үйренуге,
мәдени тілдік кажеттілікті бағалауға мән берілуі керек. Осы мақсатта
мектептегі барлық пәндерге арналған мемлекетгік базалық жаңа оқу
бағдарламалары мен окулықтар, әдістемелік нүсқаулар қабылданып,
мектеп тәжірибесіне енгізілуімен бірге мүғалім тұлгасының сапасына
деген талап өседі.
Осы ынта бағытында «Қазақстан Республикасында орта білім беруді
дамыту » тұжырымдамасы (1997), Қазақстан Республикасыньщ «Білім
туралы Заңы» (1999), Қазақстан Республикасының «Білім беру
ұйымдарындағы тәрбие берудің» кешенді бағдарламасы (2000) т.б.
қабылданған.
Қазіргі қоғамдағы жаңа әлеуметтік - экономикалық өзгерістер,
ондағы бәсекелестіктің арта түсуі, өркениеттің постиндустриялық кезеңге
өтуі білім беру саласының алдына іргелі міндеттер жүктеп, жаңа білім
кеңістігіне өтудің қажеттілігін қойып отыр. Қазақстан ғылымы мен білім
беру жүйесі өзінің жаңа даму кезеңін және жаңару үрдісін басынан
кешіруде. Білім берудің жоғары қүндылығы және оның иерархиялық
басты мақсаты - тұлғаның және қоғамның жаңа менталитетін
қалыптастыру. Академик К.М.Арынғазин «Педагогикальщ лексиконға
әлемдік тарихты ғана емес, білім беру саласын алға жыпжытатын
«менталитет», «ментальдық» және оның қүрылымдық компоненттері
«интеллект» пен «ойлау» үғымдары тек кейінгі жылдары ғана енуде.
Егер, біз қоғамның жауапкершілігі жоғары, тәрбиелі түлғаларын
даярлағымыз келсе, бүл үгымдардың білім беру жүйесіне енуі, қазіргі
білім беру жүйесінің және педагогиканың жетекші идеясы болуы тиіс.
Менталитет, ментальдық рухани субстанция болып табьшады»- деп атап
көрсетеді.
Білім берудің глобальды ерекше әлеуметгік құбылыс ретінде
қоғамнан және әлемдік кеңістіктен тыс түрмауы орынды да. Бір жағынан
бел ортасында адам түратын, адамның өзі қүрған үштік жүйе білім беру,
қоғам және ғылым - біртүтас жүйе. Сонымен катар бұл жүйемен
байланысты кез-келген глобальдық проблема білім беруге де өз әсерін
50
тигізетіні белгілі. Сондықтан білім беру қоғамдық проблемаларға мән
беріп, басқа элементтердің дамуына ықпал етуге қабілетгі және міндетті.
Әсіресе, білім берудің қоғамның рухани негізі ретіндегі тәрбиелік қызметі
құнды. Бұл жерде біз білім беру - тек қана білім, білік, дағды
қалыптастырады деген стереотиптен арылмай, ол өз міндетін, қызметін
атқармайтынын түсінуіміз қажет. Оқыту көп жағдайда дайын,
жүйеленген, сандык білім береді. «Адамзаттың сапальгқ ерекшеліктерін,
яғни руханилығьга» қалыптастыру көзі болатын рухани тәрбие үшін
білімнің мәнін, мағынасын, қүндылығын және кәсіби маңыздылығын ашу
керек. Жаңа көзқарас болу үшін оның сол тұлға үшін мағынасы
барлығына көзін жеткізу керек. Барлығы адамның субьектілі
санасындағы жаңа идеялардан, қоршаған әлемінен, тәрбиеден
басталатьшын түсіну қажет. Тәрбиені ең алдымен әр адамның, ұрпақтын,
үлттың, мемлекеттің, ғасырдың менталитетін сыйлаудан, үлттық
ерекшеліктерді, салт-дәстүрді, әдет-ғұрыптарды ескере отырып,
менталитетгің қүрылымдық компоненттері интеллект пен ойлауды
дамытудан, қалыптастырудан бастау керек сияқты». Тәрбие сапасы - ол
адамның өзі, оның әрекеті, адамдық болмысы және менталитеті. Томас
Генри Гексли «Өмірдің басты мәні - тану емес, әрекеттену» деген. Ал,
М.И.Махмутов «Егер локальдық және әлемдік қақтығыстар болса, бүл
адамдардың және халықтың ментальдық сәйкессіздігінен» деп жазады.
«Менталитет - бүл үғым, адамның қоғамдык және әлеуметгік-
психологиялық даму деңгейін, оның танымдык және тәртіп алгоритмін
керсететін ұғым. Менталитет деген сөздің, бізге Батыс елдерден
келгендігі белгілі. Мәселен француздар «тепіаһіе», ағылшындар
Достарыңызбен бөлісу: |