М. К. Бүлақбаева педагог мамандьіғьіна кіріспе



Pdf көрінісі
бет7/9
Дата07.03.2024
өлшемі0.85 Mb.
#494609
1   2   3   4   5   6   7   8   9
d0bfd0b5d0b4d0b0d0b3d0bed0b3d0b8d0bad0b0-d0bcd0b0d0bcd0b0d0bdd0b4d18bd0b3d18bd0bdd0b0-d0bad196d180d196d181d0bfd0b5-3

«тепіаіііу», немістер «тепіаіііаі» дейді, бірақ түбірі бір, негізінде 
латын тілінен алынған. Олардың пікіріне сүйенсек, бұл ұғым жеке 
адамдардың, не топтардың «ақыл» сапасы мен сананың қабілетін, күшін, 
ақылдың бастауын, мазмұнын, құрылымын, ойлау түрін, бағытын, сондай-
ақ мүмкіндігін бейнелеп, олардың басқа физикалық қүбьшыстардан 
ерекшелігін ажыратып береді. Айталық, менталитет — мидың салмағына, 
көлеміне, оның ішіндегі түрлі иірім-жолдарына жатпайтын, одан тыс, 
тікелей туындамайтын интеллектік қүбылыс. Шетел сөздігінде 
«менталитет» — сезімдік және рухани ойлау тәсілі, жеке адамдардың 
немесе топтың рухани хал-жағдайы деп пайымдалған. Мәселен, 
М.С.Орынбеков «Основные универсалии поркского менталитета» деген 
мақаласында: «Менталитет — это коллективно формируемый в обществе 
строй мышления и поведения, который присутствует у всех его членов и 
проявляется на индивидуальном уровне» — деп жазады. 
Менталитет атауын Батыста 1856 жьшдары Р.Эмерсон қолдана 
бастаған. Кейін ол атау XX ғасырдағы гуманистикада М.Пруст, Леви 
Брюль.Ж-Лефевр, И.Мейерсон, Л.Февр. Ж.Ле Тофф. Ж.Дюби 
51 


еңбектерінен орын алады. Солармен қатар бастауын XX ғасырдан алған 
проблеманың зерттеушілері ретінде Батыс пен Шығыс ғалымдары: 
Г.Лебон, Г.Тард. В.Вундт, Л.В.Бирко, Д.Дэвидсон, С.Хантингтон, 
Э.Агацци, А.Аверьянов, И.Г.Дубов, А.Я.Гуревич, Л.Н.Гумилев, 
Б.С.Гершунский, Ж.В.Ковалевская және В.В.Манекин, Л.П.Репина, 
А.И.Куприянов, А.И.Марцинковская, Г.Д.Гачев, А.С.Панарин, 
М.Қозыбаев, С.Сатыбалдин, Қ.Жарықбаев, С.Қ.Қалиев, К.Қожахметова, 
М.Қойгелдиев, Қ.Салғарин, САқатай, А.Сейдімбек, Қ.Жүкеш, 
Б.Байлярова, С.Нүрмүратов, Т.Омарбеков т.б. менталитет мәселесінің 
мәні мен маңызына жүртшьшықтың назарын аударып, өріс алуына езіндік 
үлес қосып келеді. Менталитет пән аралық категория, демек оны зерттеу 
әдіснамасы да жүйелі пән аралық әдістерді қолдануға бағытталуы тиіс. 
Қазіргі қазақ менталитегінің қалыптасу мен даму ерекшеліктерінің 
зертгелуіне тоқталатын болсақ, бүл мәселе әлеуметгік-философиялық 
түрғьщан әлі толық зерттеліп болмаған, философ-ғальгмдардьщ көз қырьгаа 
еңді ілініп келе жатқан мәселелердің бірі. Қазақ философтарьшың ішіңде үлтгық 
менталитет мәселесін алғашқы көтерген ғалым-философтар: Ж.М.Абдильдин, 
Д.Кішібеков, А.Х.Қасымжанов, Ә.Н.Нысанбаев, Ғ.Е.Есім, М.С.Орынбеков, 
А.Қ.Қасабек, Ж.Ж.Молдабеков, М.Ш.Хасанов, Ж.Алтаев, Ә.Қалмырзаев, 
С.Н.Ақатай, Т.Х.Ғабитов, Қ.Ш.Нүрланова, І.Е.Ерғалиев, С.Е.Нүрмүратов 
т.б. Егер, ХІХ-ХХ ғ.басында жарық көрген еңбектерде «менталитет» 
атауы сирек қолданылған болса, кейінгі зерттеулер менталитет ұғымының 
ғьшыми аппаратын жасауға, теориясын негіздеуге талпыньш, проблеманы 
психологиялық, тарихи, философиялық, мәдени, саяси, экономикалық, 
педагогикалық аспектілерде қарастырған. Менталитет проблемасын 
арнайы зерттеген профессор Д.Кішібеков: «Менталитетті -
адамдардьщ нақтылы ісінен, өмір сүру тәсілінен, ойлау жүйесінен 
бөліп қарауға болмайды. Ол — тек солар арқылы бейнеленетін, 
түсінуге болатын қүбылыс. Олардан менталитетті жеке-дара бөліп 
алып қарастыру мүмкін емес» деп атап көрсетеді. Өзінің бет-бейнесі, 
ерекшелігі айқындалмаған халықтың тарихта болуы мүмкін емес. Әр 
үлттың өзіндік менталитеті бар. Бүл көрініс сол үлтгаң жеке адамдары 
арқылы байқалып, жалпы сол үлтқа, халыққа тән қасиетгі бейнелейді. 
Қазақ менталитетін зерттеудің өзекті мәселелерінің қатарына, оның 
этномәдени архетиптерін талдауды жатқызуға болады. К.Г.Юнг өз 
еңбектерінде архетипті психологиялық түрғьщан талдай отырып, оның 
үрпақтан-үрпаққа бейсаналық жолмен жетіп отыратынын және адам 
психикасының қүрылымдық элементі екенін айтқан. Этномәдени 
архетипте - үлттың бет-бейнесі, қадір-қасиеті, басқалардан өзіндік 
ерекшелігі, жалпы ұлттың рухани болмысының көріністері бар. Қазақ 
менталитетінің базистік архетиптеріне мыналарды жатқызуға болады: 
төзімділік, ақ жарқын ашықтық, ешқашанда тарылмау, бөгдені 
52 


жатсынбау, кеңдік, аруақты қүрметтеу, тәубәшілдік, рақымшылдық, сөзге 
тоқтау, сөздің қадірін түсіну, ақынжандылық, үлкенді, ата-ананы сыйлау, 
бірлік, қонақжайлылық, ар-намысты жоғары үстау, ұжымдық мүддені 
жеке мүддеден қашанда жоғары қою т.б. Бүл аталған этномәдени 
архетиптер казақ менталитетінің өзегі болып табылады. Дегенмен, 
дәстүрлі этникалық, экологиялық және мәдени ортаның бүзьшуы үлттың 
тілі мен психологиясына, тарихи санасына, жалпы рухани болмысьша 
өзіндік із қалдырды. Тоталитарлық қоғам үлт менталитетінің негізгі 
архетиптерін жоюға тырысып бақты. Білім арқылы тоталитарлық 
менталитетті түзету және жаңарту арқылы қоғамымызды 
модернизациялау ісі глобальды принциптерді қажет етпек. 
Қоғамның нарықтық экономикаға көшуі жайбарақаттықты, 
жалқаулықты, енжарлықты, боссөздікті каламайды. Оған керегі — 
іскерлік, әрекеттілік, тапқырлық т.с.с. қасиеттер. Осьгған сәйкес 
хальпсгың, ұлттың, оньщ уәкілдерінің менталитеті де бірте-бірте 
өзгереді. Өйткені, әлемде өзгермейтін ешнәрсе жоқ. Менталитет ол 
заңдьшықтан тыс тұрған жоқ. 
Академик Б.С.Гершунский өзіне дейінгі ғалымдардың пікірлеріне 
сүйене келіп, алғашқылардың бірі болып білім саласының менталитет 
жасаушы қызметіне ерекше мән беріп, ғьшыми талдау жасайды. 
Менталитетке қатысты зерттеулер бар болғанымен, олардьщ синтезден 
өтаегендігін, жүйеге түспегеңцігін, теорияның қажеттілігін айтады. Оның 
пікірінше кез—келген әлеуметтік қүбылысқа толық мінездеме беру үшін 
оның мынадай деңгейлерін ескеру қажет деп табады : 
- қүбылыстың мәні мен ерекшеліктерін білу; 
- оны мәнді динамикада және үздіксіз тереңдеу жағдайында тану, 
яғни әдістемесі мен әдіснамасы деңгейінде; 
- қүбьшыстың қальштасуы мен жаңаруы деңгейінде. 
Әлемдік өркениетте әлеумёттік топтардың рухани жуықтасуы мен 
кірігуін білім, таным және жаңару арқылы жүзеге асыруға қажетті 
парадигмалар мен технологиялық механизмдерді іздестіру қажет 
сияқгы. Мәдениетте, саясат пен экономикада халықтардың рухани 
жуықтасуы мен кірігуі, әлемдік үрдіске қалыптасу қажеттігі туындап 
отырған кезеңде біздің қоғамымызда да кеп нәрсені електен өткізіп, 
жаңаша қарауымызға тура келеді. Әлемдік білім кеңістігіне шығуға 
мүмкіндік беретін мәселелерге қол созып, XXI ғасыр проблемасына бет 
бүруымыз қажет-ақ. Америка саясаттанушысы С.Хантингтонның 
пікірінше: «Дербес ұлттық мемлекеттер ықпалды кұшке айналып, 
мемлекеттік негіздері мен өркениеттік белгілерін басты нысана егіп 
жаңа бағытқа көше бастаған кезеңде әлемдегі елдерді саяси-
экономикалық ерекшелігіне қарап емес, олардьщ мәдени және 
өркениеттілік құрамы мен қасиетіне қарай топтастыру маңыздырақ 
53 


болады». Д.Кішібековтың «Қазақ жері қандай кең болса, оның 
менталитеті де сондай мол, рухани жағынан өте бай. Оны еуропалық 
қалыпқа салып қарауға болмайды. Оның өркениегі де, елшемдік түсінігі 
де басқа» - деген пікірі орынды. Ешбір халық әлемдік кеңістікке өзге 
халықтың менталитетімен көтеріле алмайды, немесе үлттық 
менталитеттің калыптасу сатыларынан өтпей, бірден әлемдік өркениет 
қатарына өте алмаса керек. Біз - өзіміздің белгілі бір тарихымыз бен 
өзіндік болашағымыз бар еуразиялық елміз. Қоғамның даму бағьггы, 
экономикалық және саяси реформалардың пәрменділігі көп жағдайда үлт 
менталитегінің икемділігі мен қабілеттілігіне, жаңа құндылыктарды 
қабылдау мен таңдау деңгейіне тікелей байланысты болып отыр. 
Сонымен катар, қоғамдық катынастар жүйесіндегі жүріп жатқан 
түбегейлі өзгерістер өз кезегінде қазак менталитетінің болмыс бітімі мен 
даму табиғатына да өз әсерін тигізуде. Осы жағдайда қазақ менталитетін 
жан-жақты зерттеу, білім беру жүйесі арқылы дамыту, жаңаша 
қалыптастыру өзекті мәселелердің біріне айналуда. Жеке тұлға, оқушы, 
тәрбиеленуші - қоғамның ажырамас бір бөлшегі. Қазақстан 
Республикасының Конституциясында «Қазақстан Республикасы өзін 
демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде 
орнықтырады; оның ең кымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, 
қүқықтары мен бостандықгары»- делінген. Адам ресурстарын даярлау 
сапасын арттыру, жеке түлға мен қоғамньщ қажетгіліктерш 
қанағаттандыру үшін «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі 
білім беруді дамьггу түжырымдамасы», «Қазақстан Республикасында 
білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік 
бағдарламасы» әзірленгені белгілі. Өзімізді тану, сол арқылы езгені 
тану, салыстыру нәтижесінде үлттық қүндылықтарымызды байыту, 
әлемдік өркениетте тиісті орнымызға ие болу үшін шыңдалу, бүгінгі 
талапқа сай қазақы менталитет калыптастыру міндеттерін іске 
асыруға тиіспіз. Олай болса, осы процестердің ауыржүгін білім кеңістігі 
арқалайдьі. Білім беру саласында тұлғаны оқыту, тәрбиелеу, дамыту 
мақсаттарын жүзеге асыруда жеке және әлеуметтік қажетті бүкіл 
адамзаттық гумандық құндыльіқтар беріледі. Бүл менталитеттің түрақты 
сапаларын қалыптастыруға әсерін тигізеді. Тәрбиені қажет ету адамның 
пайда болуымен бірге туды және адам қоғамы қанша өмір сүрсе, сонша 
өмір сүріп келеді. 
54 


ТұЛҒАНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЬІҚ МӘДЕНИЕТІ 
1. Жалпы мәдениет - педагогтын кәсібилігінің шарты. 
2. Ғылыми эрудиция, құндьшық бағдарлар - педагогикалық 
мәдениеттің компонентгері. 
3. Педагогикалық әрекеттің этикасы мен эстетикасы. 
4. Педагогтың кәсіби әлеуеті. Педагогтың профессиограммасы. 
5. Педагогикалық квалиметрия мен шеберлік. 
6. Шығармашылык - окушылардың дербестігін дамьггу негізі. 
Педагог кәсіби кызметтері - оқыту, білім беру, тәрбиелеу болып 
табьшады. Бұларды - жеке педагогикалық мәдениет деп те атайды. 
В.Л.Бенин, Е.В.Бондаревская, К.М.Левитан, Н.В.Серова және т.б. 
зерттеушілер адамның педагогикалық мәдениетін мұғалімнің, 
тәрбиешінің, білім беру саласындағы қызметкерлердің іс-әрекетінің 
жоғары деңгейін қамтамасыз ететін табиғи және жүре пайда болған жеке 
қасиеттерінің кіріктірілуі, синтезі деп қарастырылады. 
Бұл тараудағы негізгі ұғым «мәдениет». Оның мағынасын түсіндіру 
мәдениеттану кез-келген түрінің мазмұнын түсіндіруге септігін тигізеді. 
Мәдениетке әр түрлі анықтамалар берілген. Соның ішіңдегі дүрыстауы, 
қонымдысы: мәдениет - жүйелі әлеуметтік құбылыс, адамдар жасаған 
құндьільгқтар қоры, әлемді шьгғармашылықпен игеру; индивидтің 
әлеуметтік топтардың құрылымдьгқ күшін жүзеге асыру. Олай болса, 
мәдениетгі - руханилық, өмірдегі әр түрлі саланың жетістіктерін 
көрсететін өлшем деп түсінуге болады. 
Енді, мәдениеттің не екенін түсінгеннен соң, «социум мәдениеті» мен 
«жеке адамның мәдениетін», олардың сипатын ажырата білу керек. 
Әлеуметтанушылар түлғаның мәдени деңгейін, оның бойындағы жалпы 
адами күндылықтарына байланысты өлшеуге болады дейді. 
Мәдениет - тұлға мүмкіндіктерінің ең жоғарғы деңгейі. Мәдениет 
көрсеткіштері: білімді пайдалана алу, дүниетаным қальптгасуының 
деңгейі. Өркениетті адам әлемі - мәдениет әлемі, мәдениетгі ұрпақтарға 
қалдыру тәжірибесі, адамның шығармашьшық белсенділігі. Мектепте 
оқушьшар мәдениеттің негізін игерулері керек, яғни білім мәдениетінің 
гармониясы, шығармашылық әрекеттер мәдениеті, сезім мәдениеті, ал, 
жоғарғы оқу орындарында кеңейтіліп, дамытылады. Білім мәдениегі: 
білімдерді қабыпдау қабілеттілігі, білімді пайдалану, материал мен жұмыс 
жасау қабілетгілігі. Творчествалық әрекетгер мәдениеті: алған 
білімдердің негізінде жаңаны құру. Қатьшас және сезім мәдениеті: бір 
нәрсеге адекватгы жауап беру, өзін-өзі үстай алу, сезімдерін білдіру, 
жанжалсыз қатынасқа түсу қабілеттілігі. 
55 


Мәдениетті адам ұғымы педагогикалык тұрғыдан алғанда, 
адамдардың абыройын жоғары үстау, өзін-өзі сыйлау, өз күшіне өзі сену, 
жалтақтамау, сондай-ақ басқалардың пікірін сыйлау секілді бір-бірімен 
байланысты қасиеттерді тәрбиелеуді білдіреді. Гумандық - адамгершілік 
шыңы, өйткені онда адамдарға, барлық тірі организмге махаббат, 
мейрімділік, қайрымдылық, біреудің қайғысын бөлуге, альтруистік көмек 
көрсетуге дайындығы. Мұндай қасиеттерді тәрбиелеудің педагогикалық 
аспектісі білім беру мазмүнын, оның әдістерін, бүкіл тәрбиелік жүйесін 
гумандандыру қажеттілігінде жатыр. Сонымен қатар, мәдениет адамының 
руханилылығы деп жеке түлғаның емір сырын үғынуға, әдемілікке, 
бақытқа, идеалға жаңа нәрсеге үмтылуы, шығармашылыкқа, тілдесімге 
үмтылуы қарастырьшады. Алайда мұндай болу үшін ол жалпыадамзаттык 
қүндылыққа, әлемдік, үлттық, рухани мәдениетке бағытталған, соған 
сәйкес мазмүнды болуы керек. 
Мәдениет өскелең үрпақтың алдында белгілі бір қызметтің бойына 
қатаң түрде шоғырланған өндіріс қүралы мен белгілер жүйесі түрінде 
көрінеді. Мәдениет адамын тәрбиелеуде оның белгілі бір мәдени 
кеңістікте даярлау мақсат түтылады. Білім берудің мәдениеттанымдық 
мазмүнын біз өркениет пен мәдениетті жалғастыру негізінде олардың бір-
біріне ықпалын, адамзат дамуына қосар үлес салмағын зерттей отырып, 
білім беру жүйесінің әмбебеп және ұлттық мәдени құндьшықтарды 
жеткізу функцияларын күшейтуі деп түсінеміз. Нәтижесінде: а) түлғаға 
халықтардың үлттық, этникалық өмір сүру салты мен тыныс-гіршілігінің 
алуан түрлілігіне қарамастан бүкіл адамзаттық бірлікті, түтастықты 
түйсінуге жәрдемдесетін дүниетанымдық, мәдениеттанымдық, 
ақпараттық бейне жасауға, ә) мәдениаралық қатысым жағдайьшда 
этникалық, үлттық кедергіні жоюға жағдай туады. Мәдениаралық қарым-
қатынас жалпыадамзаттык тілдесім қүралы ретінде анықталады, ол 
ақпарат алмасу, басқа халықтардың мәдени қүндьшықтарын танып-білу 
және т.б. қамтиды, яғни өзара мәдениет алмасу жүреді. Мәдениет алмасу 
идеясы мәдениет тарихы, әдебиеттану (М.М.Бахтин) және эстетикада 
(М.СКаган) орын алды. 
Педагогтың жалпы мәдениеті оның квалификациясы мен кәсіби 
өсуіне бағытталады. мынадай сұрақтарға жауап беріп көрейік: «оқыту, 
білім беру, тәрбиелеу сияқты өте нәзік, ете жауапты, ете мәнді істі жан-
жақты білімі жоқ, эмоідаоналдық тәжірибесі аз, догаалық қана ойлайтын, 
жат қылықтарға әуес адамдарға жүктеуге бола ма?» Жоқ. 
Сонымен, педагогтың жалпы мәдениетінің мазмүны неде? Бұл -
жалпы адами басымдылықтар - пгындьгқ, махаббат, кең пейілділік, 
әдемілік, еркіндік және т.б. Мәдениетті адам деп еңбекте, танымда, 
өнерде, спортга, табиғатпен қарым-қатьшаста рухани және дене 
қажеттіліктері бар, ғылыми, саяси, көркем әдеби жағынан ажн-жақты 
56 


білімі бар, қоғамда, күнделікті өмірде өзін-өзі дұрыс ұстай алатын 
адамдарды айтады. 
Тұлғаның жалпы мәдениетінің түп-тамыры - білімділік пен 
тәрбиеліліктің гормониялық сәйкестігінде. Білімдаггігі деп отырғанымыз -
әлемнің тұтас бейнесін беретін қыры, ал, горбиелілігі - еңбекте, 
күнделікті өмірде қоршаған ортаға гумандық кезқараста болуы. 
Осы мәселе бойынша А.П.Чехов суретші інісі Николайға былай деп 
хат жазған екен: «Торбиелеігуші адам... адами тұлғаны кұрметтейді, 
сондықтан олар мәдениетті, жанапгыр, мінезі жүмсақ, көвтіш ... Болмашы 
жағдайдың өзінде-ақ өтірік айтайды». Жалған айту тыңдаушыға да, 
сөйлеушіге де абырой әпермейтінін түсіндіреді. «... Киіммен үйықтай 
салмайды, кедір-бұдыр жолмен жүрмейді, жақпайтьш ауа жүтпайды ... Ал, 
тәрбиелі болу үпгін ... күндіз-түні үздіксіз жұмыс істеу керек, мөңгі бақи 
оку ксрек, күш-жігер керек... Мүнда әрбір адам қымбатгы ...». 
Педагогиканың жалпы дамуы оның танымдық көрсеткіштерінің 
дешейлеріне байланысты: ойлау, кеңіл белу, қабылдау, еске алу, қиял. 
Көп жағдайларда кәсіби-педагогикалық іс-әрекетгің нәтижелілігі 
эмоционалды ерік күш-жігерінің, сезім байлығының дамуына, яғни, өзін-
өзі тежей алу, көңіл-күйіне қарай икемделуі, ішкі дауысына құлақ асуы. 
Эмоционалды мәдениеттілігі жоғары адамның бойында оқу-тәрбие 
жағдайында қажет болатын жан-тәні мен эмпатиясына байланысты 
арнайы зерттеулер мынаны көрсетеді: қимылдағыштық, қарым-қатьшас 
жасағыштық, өз бетінділік, оптимистілік, дидактикалық және тәрбие 
міндеттерін дұрыс шеше алуға көмегін тигізеді. Керісінше, апатия, 
тұйықтылық, өмірдегі жағымсыз нәрселерге бой ұрғыштық -
педагогикалык іс-әрекетке кәсіби дайын еместігін көрсетеді. 
Жалпы педагогтың тұлғалық дамуында маңызды орын алатыны -
оның моралдық бет-бейнесі, яғни, зұлымдық пен мейірімділік елшемдері 
негізі ретінде қоршаған ортаға адамдардың таңдаушылық қарым-
қатынасы. Мәдениет тарихы - моралдың «Алтын ережесі» адамгершілік 
деп есептейді. Ал, адамгершілікті әркім әрқалай түсіндіруте тьфысқан. 
Мысалы, КА.Гельвеции адамдарға, шьшдыққа деген махаббат десе, 
Л.Бетховен - жан ашырлық, Л.Н.Толстой - басқа адамдарға қол үпгін беру 
деп түсіндіреді. 
Жалпы білім беретін мектептерде оқу-тәрбие жұмысын жақсарту 
және білім мазмұнын жаңарту жайлы Қазақстан Республикасы Бішм және 
ғылым министрлігі мен Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы 
жасаған түжырымдамалардың маңызы зор. Олар: Қазақстан Республикасы 
жалпы білім беретін мектептердің тұжырымдамасы (13 мамыр 1992); 
Қазақстан Республикасы жалпы білім берегін мектептердің білім 
мазмүныньщ түжьфымдамасы (17 ақпан 1994); Қазақстан Республикасы 
Президенті жанындағы Мемлекетгік саясат жөніндегі ұлттық кеңес 
57 


бекіткен «Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру 
тұжырымдамасы» (7 шілде 1994); Тәрбие тұжырымдамасы (ақпан 1993); 
Қазақстан Республикасында орта білімді дамыту тұжырымдамасы (1997); 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы (1999), Қазақстан 
Республикасының «Білім беруді ұйымдастырудағы тәрбие берудің» 
кешенді бағдарламасы (2000); Қазақстан Республикасының 2015 жылға 
дейінгі білім беруді дамыту түжырымдамасы (15 желтоқсан 2004); 
«Қазақстан Республикасының жоғары педагогикалық білім беру" және 
"Қазақстан Республикасының жаңа формациядағы үздіксіз білім беру 
жүйесіндегі педагог дайьгадау түжырымдамаларының" (18 тамыз 2005) 
т.б. 
Осылардың бәрін жүзеге асыратын мүғалім, оқытушы, тәрбиеші. 
Мүғалім мамандығын мәңгілік деп атайды. Адам өзі өмір сүргеннен бері 
әрдайым оқып-үйренуге, өз тәжірибесін жас ұрпаққа таратуға, өмір 
гәжірибесін саналы, мақсаткерлікпен меңгеруге талпынады. 
1928 жылы 9 акпанда Сәбит Мұқанов «Еңбекші қазақ» газетінде 
«Тәрбие туралы» мақаласында ауыл мүғаліміне үндеу жазған: «Мүғалім 
деген атақ - қасиетті. Елдің надандығымен алысатьш адам - мүғалім» 
деген. 
300 жыл бүрын өмір сүрген ғылыми педагогиканың негізін салушы 
славяндық ұлы педагог Я.А.Коменский: «Мүғалімдерге ең тамаша міндет 
жүктелген, Күн астьшда одан жоғары тұрған епшәрсе жоқ» деп жазды. 
Орыс педагогы К.Д.Угшшский: <<Мұғалім ісі сырттай қарапайым 
болғанмен - тарихтағы ең ұлы істің бірЬ> деп, ұстаз мәртебесін жоғары 
көтерген. 
Спандияр Көбеев «Кейбір педагогикалық мәселелер туралы» 
мақаласында: «Оқушылардьщ бүкіл болашағы окьпушьшардың қольшда. 
Ол өсіп азамат болғанда, жақсы әсер, үлгілі тәрбие берген оқытушысына 
1000-да бір алғыс айтады. Сондықтан 7 жасар балаларды тәрбиелейтін 
оқытушы езіне жүктелген әрі ауыр, әрі жауапты, өрі құрметгі міндетін 
тереңірек түсінуімен бірге ардақтап, ақтай білуі керек» дей келе, 
мүғалімнің қоғамда алатын орнының зор екендігін айтады. 
Мүғалім мамандығы - біздің қоғамымызда ең кең тараған 
мамандықтардың бірі. Мүғалім болашаққа үмтылған адам. Қоғам 
мүғалімге ерекше жауапкершілік жүктейді. Мұғалім баланың білімін, 
икемділігін, өдетін, мұратын және өмірлік мақсатьш қальштастырады. 
Кезінде көне грек философы Платон былай деген еді: «...егер кебіс 
тігуші олақ болса, мемлекет бұдан көп зардап шеге қоймайды - бар 
болғаны адамдар біршама нашар киінер, ал, егер ұстаз өз міндетін нашар 
орындаса, онда надандар мен бұзақылар көбейіп кетеді». 
Д.В Луначарскийдің пікірі де осы оймен үндеседі: «... егер алтын ісінің 
шебері алтынды бүлдірсе, онда алтынды қайта құюға болады. Егер бағалы 
58 


тас бүлінсе, онда ол жарамсыз болып табылады, алайда, ең бағалы деген 
гауһар тастың өзі жаңа туған адамнан қымбат емес. Адамның бүзылуы - не 
үлкен қылмыс, не орны толмас өкінішке айналады. Сондықтан, бүл 
материалмен мүлтіксіз, одан не жасай алатынын күні бүрын біле отырып, 
жүмыс істеу қажет» деген. 
¥стаз - болашақ ел иелерін тәрбиелеу ісіндегі қоғамның жүрт сенген 
өкілі. 
Жоғары және орта білім беретін оқу орындарында ұстаздар 
шәкірттеріне арнайы білімді ғана меңгертіп, мектеп қабырғасынан «кім 
болса, ол болсын, тек білгір маман болып шықса болды» деп шығарып 
сала алмайды. Олардың білімімен, шеберлігімен, іскерлігімен бірге 
кісілігіне, адамгершілігіне ерекше кеңіл бөледі. 
Ы.Алтынсарин езінің 1864 жылы Н.И.Ильминскийге жазған хатында: 
«Кейін парақор болып шьгқпаулары үгггін оларға адамгершілік жағынан 
әсер теуге бар күшімді салып отырмын» деп жазады. 
Шәкөрім Құдайбердиев «Үш анық» деген философиялық еңбегінде 
сыртқы дүниені игеруге бағьпталған арнаулы білімнің адам үшін 
жеткіліксіз болатьшын, оған сол сиякты ар-ұятьга, үжданын оятатын, 
тәрбиелік мәні бар білімнің қажет екенін көрсетеді. 
Қоғамға тек мамандар - физиктер, химиктер, биологтар, инженерлер, 
экономистер ғана керек деу ағаттық болады. Қоғамға керегі, ең алдымен, 
ой-өрісі, ақылы толысқан, жақсы-жаманды айыра білетін, ар-намыстьг 
жоғары қоятын адам, тұлға. Ал, оған қойылар көп талаптардың бірі -
жақсы маман болуы. 
Педагог болашақта шәкіртінің кім және қандай болатынын, қандай 
адам больгп шығатьгнын болжап білуі керек. Шәкірттерінің оқуымен бірге 
тәрбиесін де қадағалау, жөнге салуы міндетті. 
Абай Құнанбаев: «Күшік асырап ит еттім, 
Ол балтьгрымды қанатты. 
Біреуге мылтық үйреттім. 
Ол мерген болды, мені атты» - дейді. 
Неге бұлай болады? Кім кінәлі бүған? Әрине, шәкіртінің кім болып 
келе жатқанын көре білмеген үстаз, тәрбиеші кінәлі. Ғылым да, оқулықтар 
да әлсіз күйде болады. Оған мысал: шәкірті Александр патшаға ықпал ете 
алмаған Аристотель одан қол үзеді. Сенеканың қолынан келгені шәкіргі 
Нерон патшаның бүйрығымен өзін-өзі өлтіреді. 
Егер ұстаз шәкіртінің білімімен, кәсібімен шектеліп қалмай, кісілігіне 
көңіл бөліп, жақсы адам етіп шығаруға ат салысса, онда мына мәселеге 
айырықша мән беруіне тура келеді: ол адамның түсянггін қалыптастыру, 
адамдарды түсінікке жетелеу мөселесі. 
Түсініксіз білімнен түк те шықпайды. Түсініксіз адам - тірі робот, 
машина. Түсінік осы кезге дейін еліміздің рухани өмірінде өзіне лайық 
59 


орнын таба алмай, еленбей, тасада қалып келе жатқан құбылыс. Оқу бар, 
оқығанды көңілге току бар дейді. Сол сияқты білу, тану бір басқа, 
білгеніңді, тоқығанынды тусіну бір басқа. Адамның кісілігін оның 
түсінігінен, түсінікке сүйенетін сыртқы дүниеге, басқа адамдарға қарым-
қатынасынан аңғаруға болады. Түсінік тек адамға, адамның да адамына 
тән қасиет. 
Түсінік оқу орындарының, ұстаздың, тәрбиешінің бетке үстар 
нысанасы, педагогикалық бағыт-бағдары болуы керек. Түсінік - қазақ 
халқының төл қасиеті десек, артық болмас. Қазақ сөзді түсінген, сөзге 
тоқтаған. Мәселен, Сүлтанмахмүт Торайғыров: 
Асыл сезді іздесең, 
Абайды оқы, ерінбе. 
Адалдықты көздесең, 
Жаттап оқы көңілге - дейді. 
Түсінікке бастайтын даңғыл жол - даналық. Даналықтың ауылы, 
бүкіл мәдениеттің қайнар көзі, жанды өзегі болып табылатын -
философия ілімі. 
Кант өз заманында өріс алып бара жатқан сыңар жақты 
рационализмді қолдамай «таза ақылды» сынады, адам, қоғам өмірінде 
ғылымға, таза ақылға бой бермейтін мәселелердің барын атап көрсетті. 
«Мен сенімге орын қалдыру үшін - білімнің өресін тарылттым». 
Қазіргідей кезде бізге мүмкін, ақша-қаражаттан гөрі ар-ұятқа, намысқа, 
жігерге, сенімге, үмітке, сүйіспеншілікке арқа сүйегеніміз жөн шығар. 
Ахмет Байтүрсыновтың мынадай өлең жолдары еске түседі: 
Балалар, бүл - жол басы даналыққа 
Келіңдер түсіп, байқап қаралықта 
Бүл жолмен бара жатқан өзіңдей көп 
Оларды көре тұра қалалық па?! 
Даналық - өшпес жарық, кетпес байлық 
Жүріңдер іздеп тауып алалық та. 
Ұстаздың мандайына жазылған пешене - баланы, адамды үйретуден, 
түзетуден жалықпау. 
Мәдениеттілік туралы сөз еткенде, тоқтап қалатын процесс емес, 
әрдайым қимыл іс-әрекетте, қозғалыста болатьш рухани және ішкі бай 
қүндылықтарды бейнелейтін процесс ретінде көрсетеді және жалпы 
шығармашыл қабілеттері мен білімдері - интеллектуалдық (ақыл-ой), 
көркем әдеби, техникалық, әлеуметтік (үйымдастьфушьшық, 
басқарушылық) болуы керек. Ересектерді де, балаларды да бірыңғай 
пайдалы іске жүмылдыру үшін педагог жеке тұлғалық қасиеттері басым, 
өмірдегі әртүрлі салалар бойынша дарыны болуы керек. 
А.С.Макаренко - өзінің психологиядан, этика, эстетикадан, көркем 
әдебиеттерден бар білімінің арқасында балалар үжымында, отбасындағы 
60 


тәрбиенің психологиялық-педагогикалық, этикалық, эстетикалық 
негіздерін жасаған. 
В.А.Сухомлинский - ақпарат көздері ретінде кітаптарды атаған, 
Оңтүстік Украина Павлыш селосында мүражай пәтерінде әртүрлі ғылым 
саласынан бай кітаптар қоры бар. 
В.Ф.Шаталов - физика және математика сабақтарында мәдениеттану 
материалдарьш, оқушыларына ғылыми және керкем таным бірлігін 
керсете білген. «Тірек сигналы» - дидактикалық көрнекі қүралдарын 
мысалға келтіруге болады. 
К.Д.Ушинский «педагогикалық әдебиеттердің пайдасы туралы» 
мақаласында XIX ғ. ортасында жас мүғалім мен тәрбиешінің кәсіби іс-
әрекеті үшін арнайы білімдер, ғылыми эрудициялардың маңызы зор 
екенін айттьі. Бүл пікір қазір педагогика ғылымы мен педагогика жүйесі 
қалыптасқанда, олар жаңа іргелі ізденістермен байытьшғанда өзекті. 
Педагогтардың ғылыми даярлығын кез келген мамандыққа 
байланысты іске асыру тәжірибе жүзінде анықталды. Білім беру 
мекемелерінің кызметкерлері, ең алдымен, педагогиканың теориясы мен 
тарихын, оқу-тәрбие іс-әрекетінің әдістемелерін, педагогикалық 
мәселелерді шешудің қазіргі кездегі жолдарынан ажырата алу керек. Адам 
- қоғамның жеке бір мүшесі болғандықтан, оның әлеуметгік, 
мәдениеттану, психологиялық аспектілерін білу керек. Балалардьщ жас 
және физиологиялық, психологияльщ ерекшеліктерін, этиаксы мен 
эстетикасын, жеке қалыптасу заңдылықтарын ескеру қажет. 
Ең алдымен, пәнді жақсы меңгеруі қажет, өйткені, кәсіби іс-әрекеттің 
негізгі мазмүны больш табылады. 
Педагогтың кәсіби мәдениегінің маңызды негізі - педагогикалық 
этика немесе деонтология (грек сөзі - сіеоп- парыз және -Ісчюз - білім) 
болып табылады. 
Этика (грек сөзі - егпоз- әдеП, әдет) - тәртіп нормалары мен ережелері 
туралы адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастар туралы ғылым. 
Педагогикалық этика (педагогикалық деонтология) - жалпы этикалық 
нормаларға сүйене отырып, оқушылармен, олардың ата-аналарымен, 
әріптестерімен қарым-қатынас процесінде педагогтың жасайтын 
жетекшілігіне қажет нормативті адамгершілік көзқарастарды айқындайды. 
Гуманисгік педагогика бірнеше ғасырлар бойы этикалық 
нормалардың бірі - балаға деген сүйіспеншілік қасиет деп келді. Соның 
өзіңде, балаға деген эмоционалды құнды қарым-қатынас әр түрлі болды-
Жан-Жак Руссо, Л.Толстой, Р.Штайнерлер үшін баланы сүю 
цшпармашылық түрде жас ерекшеліктерінің қажетгіліктеріне сәйкес 
максималды еркіндік беру болып саналды. И.Г.Песталопди мен Януш 
Корчактың үстанымдары мынадай: «Балалар үшін ғана өмір сүру емес, 
сонымен қатар олармен бірге «ыстығын да, суығын да» бөлісе алу». 
61 


Р.Оуэн, А.СМакаренко тәрбиешілеріне қамқорлық жасай отьгрып, қазіргі 
және болашақ өмірде бақытты болуды үйренуге жүмылдырды. 
Педагогикада катал тәртіпті жақтаушылар не айтса да өзара 
үйренісусіз, қамқорлықсыз, түсініктіксіз педагогтың балалармен рухани 
бірлігі болу мүмкін емес. Оны В.А.Сухомлинский оқу-тәрбие үрдісінің 
альфасы мен омегасы деп еспетеген. 
Егер де Сіздер сеніп тапсырылған тәрбиеленушіні (үқыпты, ұқыпсыз, 
тәртіпті, тәртіпсіз, салақ, таза болсын) барльгқ жан-тәндеріңізбен сүйе 
алмасаңыздар, онда Я.А.Коменскийдің пікіріне құлақ асыңыздар: 
«...барлық балалар мекемелері «шебер гумавдалық орньша» айналуы 
керек» - деп, сонау ортагасырлық дәуірінде сөз еткен. Кейінірек, бұл 
мәселе жөнінде И.И.Бецкой, Н.И.Пирогов, П.П.Блонский, М.Монтессори 
де жазған. Гумандылыққа, яғни, балаларға деген қамқорлық, 
сүйіспеншілік қарым-қатынастар бүгінгі күні де көкейкесті. Қазір 
экономикалық түрақсыздық, антимәдениеттік экспансия, өмірдің 
орныксыздығы жағдайында өсіп келе жатқан болашақ үрпақ ерекше 
қамқорлықты қажетсінеді. 
Балалар мекемесіндегі тәрбиеленушілерге гуманды әсер ету, оның 
денсаулығын күшейту; жыныстық, жас және дара ерекшеліктерін ескере 
отырып, олардың толық дене және рухани дамуы үшін жағдайлар 
жасауды білдіреді. 
Педагогтың гумандығы жалпы қоғами және халықаралық қүжаттарда 
көрсетілгендей, баланың қүқығы мен еркіндігін сақтау және т.б. 
мемлекеттік Заңдар мен Ата заңымызда бала құқығы туралы былай 
делінген: «Әрбір бала толық білім алуға, спортпен, енермен шүтылдавуға, 
өзіндік пікірін біддіруге және т.б. қүқылы». 
Януш Корчактьщ балалар үйлерінің Жарлықтарьшда 
тәрбиеленушілердің көптеген қүқықтарының ішінде ойьшға, құпия 
ұстауға, өз проблемаларын үқыпты қатынас қарсылық білдіруге, өзі кім 
болса сондай болуға құқығы да көрсетілгенін ерекше айта кетегін жайт; 
балаларға қатысты зорлық көрсету әрекеттерін жүргізуге болмайды; 
біреудің пікіріне жабысып алу, жеке жетісгіктеріне шек келтіру, денеге 
зақым келтіру, еркіндікке шек қою, астан, ұйқыдан айыру. Бүл нормалар 
қоғамдық және отбасы тәрбиесіне де қатысы бар. 
Педагогтың тәрбиеленушілерге қарым-қатынасьгаан керінетін 
этикалық қасиеттер саласы кең және әртүрлі. Арнайы зерттеулер 
жеткіншектер мен жоғары сынып оқушьшары' үстаздың бойынан 
өдептілік, жыльшық, әділеттілік, балалар проблемасын түсіну 
бағдарламалық түсінуі үшін көмек беру, қарым-қатынас жасай білу, 
саналылық, оқушылардың танымдық қабілеттеріне сену, шыдамдьшық, 
еңбексүйгіштік, үстамдылық, талаптьшық пен басқа да түлғаның кәсіби 
мәнді қасиеттерін көргісі келетіндіктерін керсетеді. Ең бастысы 
62 


тәрбиеленушінің бағалайтыны — жан тазалығы, шыншылдық пен жүрек 
жылылығы. 
Профессор, режиссер М.О.Кнебель былай деп дәлелдейді: «Педагогика 
адамнан ана мейіріміне жақын қасиеттерінің болуын талап етеді». Өзінің 
«Педагогика поэзиясы» деген кітабында: «ана» өзінің бойындағы барлык 
жақсылықты қалай баласына берсе, педагог та барлық жан-тәнімен 
оқушыға берілуі керек. Кәсіптің ішкі мазмұны, міне, осында. Жанын беру 
әрі қиын, әрі көнілді. Киындығы, оның тек жан-тәнін ғана емес, дене 
күштері де ысырап болады. Коңілділігі, бүкіл қиындықтар мен 
киыншылықтардың орнын толтыратын жас энергия ағысын қабылдайсың. 
Отбасында және балалар мекемелерінде балалар түлғасын 
қалыптастырудың бірегей педагогикалық талаптарды қамтамасыз ету 
үшін жас мүғалімге немесе тәрбиешіге олардың ата-аналарымен дүрыс 
қарым-қатынас стилі, дауыс ырғағын таңдай білуі керек, яғни, «қиын 
тәрбиесі» үшін ата-ананы қараламау керек, адамгершілікке үйретуден 
бүрын асықпай, шыдамды түрде келіспеушілікгің себептерін айқындап, 
оны шешу жолдарын карастыру керек. Ал, ең бастысы, әрқашан 
әлеуметтік-профилактикалық жүмыс жүргізу керек. Мектеп пен 
отбасының өнімді бірігіп жүмыс істеуі үшін тиімді түрлерді іздестіру 
керек. 
Сонымен қатар, «этикалық кодекс» деген педагог пен бірге қызмет 
істейтін әріптестері арасындағы қарым-қатьшас түрі болады. Болашаққа 
шолу жасап көрелік. Өзіңізді мынадай жағдайда байкап көріңіз. Сіз жас 
маман, жоғары оқу орнын немесе колледж бігіріп, жаңа педагогикалық 
үжымға келдіңіз. Мынадай тәргіпті басшылыққа алуыңызға кеңес береміз: 
•бүл мекемеде талай жылдан қалыптасып келе жатқан дәстүрлерді, 
жүмыс түрлерін сынап, бірден жаңалық енгізуге асықпаңыз. Ең алдымен, 
өз әріптестеріңіздің (әр түрлі жастағы) жетістіктері мен кемшіліктеріне 
көңіл бөліңіз; 
• оқытушының ашық сабақтарын талқылауда, әсіресе, мектеп 
әкімшілігі тарапынан қатысып отырғанда, ең алдымен, жақсы түстарына 
сипаттама беріңіз, өйткені, Сіз әріптестеріңізге моралды көмек беріңіз; 
•егер, пәніңізді жүргізген сыныптағы оқушылар тапсырманы 
орындамай келсе немесе тәртіп бүзған болса, онда Сіздің әдістемелік 
қателіктеріңіздің себебін үғынуға талпьшыңыз; балалардың өзін, сынып 
жетекшісін, ата-ананы кәналау дүрыс емес; 
•егер өзіңізден үлкен, үжымға сыйлы немесе әкімшілік тарапынан 
адамдардың пікірімен келіспесеңіз, үндемей қалу немесе қарым-
қатынасты ушықтырып алмау үшін нақты айғақтарды келтіріп, оз 
көзқарасыңызды дәлелдеуге міндеттісіз. 
63 


Есте сақтаңыздар: Сіздің қарым-қатынас жасай алуыңыз, іскер 
біріккен әрекетке талпынуыңыз, жақсы тәжірибені ескеруге 
дайындығыңыз, жаңа бастаманы қолдауыңыз - еңбек ұжымындағы сәтті 
іс-әрекет пен жақсы шығармашылықтың жүзеге асыратын бірден-бір 
көмек. 
Педагогтың этикасы кәсіби еңбектің эстетикасымен тығыз 
байланысты (түлғаның педагогикалық мәдениетінің жоғары деңгейінің 
бір көрсеткіші). «Эстетика», «тамаша», «сүлульгқ», «әсемдік» т.б. Бүл 
үғымдар нені береді? 
Эстетика (грек сөзі - аізшейкоз - сезінуші, сезімтал (чувственньгй, 
чувствуюпщй) - адамньщ өмірге эмоционалды-бағдарлық қарым-қатынасы, 
табиғат, өнерге, өмірге деген таңырқаушылық туралы ғылым. 
Философиялық сөздікте, эсттетиканы грек сөзінен аударып, 
«сезімтал», «сезінуші» деген ұғымдарды беретіні айтылған. Жалпы 
эстетика - адамзаттың коғамдағы эстетикалық тұрғьща меңгерудің 
заңдылықтары, әсемдік заңдары бойынша енердің мәні мен түрлері 
туралы ғылым. Эстетика 2,5 мың жыл бүрын қүл иеленушілік қоғамда -
Мысырда, Вавилонда, Үндістан мен Қытайда пайда болған. Ал, антикалық 
Греция мен Ежелгі Римде кеңінен дами бастады. Материалистік 
теңденцияларында Демокрит, Аристотель, Эпикур, Лукреций Кар және 
т.б. реалды шындықтағы заттың құрамындағы, байланыстардағы, қарым-
қатынастағы, заңдылықтардағы әсемдіктің объективті негізін дәлелдеп 
бере алды. Бұл ой-пікірлер Платонның «... әсемдік, әдемілік - абсолюттік, 
мәңгілік, өзгермейтін, сезімнен жоғары идея, ал, өнер арқылы пайда 
болатын сезімдік заттар осы идеяның көрінісі ғана» деген оқуына қарама-
қарсы болды. 
Батыс орта ғасырьшда «сүмдық сүлулық туралы» мистикалық 
оқулармен күресте (Августин, Фома Аквинский) Қайта өрлеу дәуірінің 
жазулары, суретшілері мен ойшыддарының (Ф.Птрарка, Л.-Б.Альберти, 
Леонардо да Винчи, АДюрер, Бруно, Монтень және т.б.) еңбектерінде 
гуманистік реалистік тенденциялар дамыды. 
Ақсүйектік эстетика идеяларьга әрі қарай дамыта отырып, 
Ағартушылық теоретиктері (У.Хогарт, Дидро, Руссо, Винкельман, 
Лессинг, Гердер және т.б.) енердің реалды өмірмен байланысьгаы 
дәлеледеді. Ал, Шиллер мен Гете олардың дәстүрін жалғастырушылар 
болды. Кант эстетикалық ойлаудың «қызық еместік» түжырымын үсынды. 
Ол әсемдікті пайдаға, керкемдікті, идеялық мазмұнға қарама-қарсы қоя 
отырып, формалистік эстетиканың дамуына жол ашты. 
Гегель объективті идеалист бола тұрып, өнерді абсолютгік рухтың 
алғашқы және жетілмеген түрі деп есептеді. Ал, Фейербах әсемдікті 
заттар мен қүбылыстардың физикалық қүрамынан, эстетикалық сезім мен 
64 


талғамды - биологиялық заңдылықтардан, яғни, адам «табиғатынан» 
іздеуге талпьшды. 
Маркстік-лениндік эстетиканың мәселелері мен міндеттері, ең 
бастысы, адамзаттың әлемді эстетикалық меңгеруі бір-бірімен тығыз 
байланысқан үш түрлі жақтарынан түрады: 
1) объективті шындықтағы эстетика; 
2) субъектілік эстетика (эстетикалық сана); 
3) өнер (объективті және субъективті эстетиканың өзіндік бірлігі 
іспеттес). 
Негізгі эстетикалық категориялар - әдемілік және үсқынсыздық, 
асыра көтермелеу және өзгермеушілік, драматизм, трагедиялық және 
күлкілі.т.б. 
Өнер, көркем шығармалар эстетиканың пәніне енеді. Өнердің мәні 
мен заңдылықтарын зерттей келе, эстетика барлық арнайы, теориялық 
және тарихи ғылымдармен, сонымен бірге, өнер туралы ғьшымдармен де 
тығыз байланыста екендігіне көз жеткізуге болады. Алайда, эстетика -
философиялық гылым. Себебі, ол адамзаттың шындыққа эстетикалық 
қарым-қатынасының заңдылықтарын зерттейді. Эстетика философияға 
үқсас, өмірге көзқарас қалыптастыратын ғылым ретінде, өзінің басты 
мәселелерін шешуде қоғамдық өмірге эстетикалық сана мен өнерді қояды. 
Эстетикалық білім беру тарихында тамашаның 2 түрлі 
түжырымдамасы бар: идеалистік және материалистік. Бірінші 
тұжырымдаманы жақтаушылар бірі Г.В.Гегель: «Тамашылық идея түрінде 
болуы керек» десе, ДДдцро, В.Г.Белинский, Н.Г.Черньгшевскийлер, 
керісінше, тамашалықтың көзі объективті шындықта деп есептеген. 
Сүлулық сезімдері адамньщ дүрыс сүлу нәрсені сүюіне, көріксіз 
нәрседен жиренуіне, жақсылыққа үмтыльш, жауыздықтан тиылуьгаа көп 
көмек береді. Сондықтан, жастардың сүлулық сезімдерінің эстетикалық 
қызығушылықты қалыптастыруЫ тиіс. Әр адамның сүлулық сезімдері әр 
түрлі нәрседен оянымпаз болады. Біреудің музыкадан, біреудің сұлу 
суреттен, біреудің поэзиядан енердің әйтеуір бір түрінен ләззат алмайтьш, 
біреуіне қүмар болмайтын адам болмайды. Мүғалімнің міндеті -
жастарды өнердің қандай түріне ынта бар екенін тауьш, сол ынтасын, сол 
түр туғызатын сүлулық сезімдерін қалыптастыру . 
«Жастарды сүлу өнермен терең таныстыру керек. Оқушы неше түрлі 
сұлу үндерді естісін, неше түрлі сүлу түрлерді түстер көрсін, сүлу сөздер, 
сұлу өлеңдер жаттасын, түрлі музыка қүралдарының үндерін тыңдасын, 
тоқымада сурет салып үйренсін. Міне, осыларды істесе, студенттердің 
сұлулық сезімдері өркендейді» - деген түжырымдарын эстетикалық 
қызығушылықта жүзеге асыру бүгінгі күн талабы болып табылады. 
Қазіргі кезде оқушыларға білім мен тәрбие беру ісіндегі олқылықтар 
сын тұрғысынан талданып, бұл мәселенің педагогикалық, психологиялық 
65 


үрдісін халқымыздың үлттық табиғатына, оқу-тәрбиелік іс-
тәжірибелеріне өнері мен мәдени мүрасына негіздеу жүмыстары қолға 
алынды. 
Осы орайда, мүғалімнің сыртқы түлға-болмысынан, олардың езара 
қатынасынан, тілінен, өзіндік ұлттық ерекшеліктерін, дүниетанымын, 
эстетикалык қызығушылық сапасын, эстетикалық-мәдени даму жолдарын, 
салт-дәстүрлер үлгілерінен, жас ұрпақ тәрбиелеу ісіндегі халықтық 
тәжірибе белгілерін көруге болады. 
Осылардан келіп шығатыны, педагог үшін әдемілік - тек эстетикалық 
сүйіспеншілік пәні ғана емес, сонымен бірге, кәсіби жұмысындағы 
сенімді көмекшісі. 
Біріншіден, тамашалық өнер балаларға да, ересектерге де тұлғаны 
идеал ретінде көруге арналған көрнекі-шолулық түсінік береді, осыған 
орай, тәрбие мақсаты нақты мазмүндармен толықтырылады. 
Еюншіден, ертеде ежелгі антикалык дәуірдегі философтар (Пифагор, 
Платон, Аристотель) кезінде этика мен эстетика сұлулық пен әдемілік 
категорияларының туыстығы орнаған. Әдемілік пен адамгершілікгің 
бірлігі идеялары педагогикалық ойлар тарихынан бастау алған. 
Үшішпіден, этика, сұлулық - педагогикалық шеберлікгің өзгермейтін 
компоненті, мүғалімнің, тәрбиешінің шығармашылық көзі. Себебі, әрібр 
педагог өз ісінің әртісі, акыны, суретшісі. Әсіресе, педагогика мен 
сахналық өнер тығыз байланыста болады. 
Алдыңғы тақырыптарда педагог тұлғасының рухани негіздері мен 
оның кәсіби еңбегі негіздері туралы айттық. Осьюдай әлеуеттерді 
практикада жүзеге асыру үшін қосымша жағдайлар керек. Ең алдымен, 
педагог кәсіби қабілетгіліктерін дамыта алуы керек, яғни, субъектке 
тиесілі табиғи және жасанды қасиеттерін, осылардың көмегімен 
шеберліктің жоғары деңгейіне жетуге болады. 
Педагогикалық қабілеттердің құрамында «сөз қасиегін» ерекше алып 
көрсетуге болады, ягни, бүл арқылы педагог тек байланысты, жүйелі, 
анық қана емес, соынмен қатар әдемі, қызықты егіп жеткізуі керек. 
Арнайы әдебиеттерде сөздік өнердің 3 түрлі өзіндік аймағы бар: 
сахналық сөз, шешендік шеберлік және педагогикалық қарым-қатьшас 
қүралы ретіндегі сөз. Бірақ, оқу-тәрбие жүмысының тәжірибесінде бүл 
түрлер кешенді түрде іске асады. Кешенді іс-әректгің мысалы ретінде жыл 
сайын өтетін «Жыл мүғалімі» сайысын алуға болады. Бүл сайыстың 
қорьгтындысында өз тәжірибелерінен үлгілі сабақ түрлері, оқушыларға әр 
түрлі педагогикалық таяну, қарым-қатынас түрлері, педагогикалық такт, 
т.б. бойынша озып шыққан үстаз марапатгалдьі. 
Білім, білік, қабілеттілігінің бірлігі негізінде - шеберлік - кәсібиліктің 
жоғары дәрежесі пайда болды. Педагогиалық іс-әрекеттің шебері болу -
оқу мен тәрбиенің зандылықтарьш терең түсіну, оларды практикада 
66 


пайдалана алу, тәрбиеленуші тұлғасыньщ дамуьгндағы нәтижелерді сезіне 
білу. 
Педагогикалық шеберлік деген не? Бұл сүраққа жауап бермес бұрын 
педагоггьщ кәсіби потенциалы (өлеуеті) (ПКӘ) карастырайьгқ. 
Кәсіби әлеует кәсіби даярлық процесінде пайда болатын және туа біткен 
қасиеттер жүйесімен анықталады: 
ПКӘ — П
өзгсрмейді
+ П
жартьшай өзгереді
+ П
арвайы
+ ГІ
практикааық
(-сурет) 
П
взгермейді=
әлеуетгің езгермейтін бөлігі (туа біткен қасиетгері); 
П
жартылай азгереді
= әлеутгін жартылай өзгеретін бөлігі (жеке тұлганың 
табиғи касиеттері); 
П
аряайы=
жоғары оқу орыпдарында арнайы даярлықпен қосылатъш әлеует. 
П
прахтикалық
= педагогтын практикалық іс-әрекеттері процесінде пайда 
болатын бөлігі. 
ПКӘ-ң практикалық тұрғыда қарастырсақ бірінпгі орьшға педагогикалық 
шеберлік қойьшады. 
Педагогикалық шеберлікке бірнеше ғалымдар анықтама беруге 
талпынған. Әрбір берілген аныктамадан педагогтьщ жаңа қасиеттерін танып 
білуге болады. 
Педагогикалық энциклопедияда шеберлікке мынадай анықтама берілген: 
«Шеберлік дегеніміз адамның белсевділігі мен дербес іс-әрекетінің ең жоғары 
формасы». 
Педагогика теориясында педагогикалық шеберлік үғымьша 2 түрлі 
түсінік бар: 
1) педагогикалық еңбек әдістемесімен байланысты; 
2) педагогтың жеке тұлғасьша байланысты. 
Кез келген субъектінің кәсібилігінің қалыптасу нәтижесі - оньщ 
кесіби шеберлігінде. Шеберлік - қандай да бір саладағъг жоғары өнер түрі 
ретінде айқьшдалады, ал, шебер - бүл өз ісінде жоғары өнерге жеткен 
маман. 
Кәсіби шеберлік кәсіби іс-әрекеттен көрінеді және ең алдымен, кәсіби 
мақсаттылык, жеке шығармашылыкпен, құралдар таңдаудағы 
оңтайлықпен сипатталады. 
Педагогикалық энциклопедияда «педагогикальгқ шеберлік» ұғымы 
оқыту мен тәрбиелеудің жоғары өнері ретінде анықтама берілген. 
67 


Кәсіби даярлық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет