3.
Өлшеу құралдарының метрологиялық сенімділігі деген не?
4.
Өлшеу құралдарының
төзімділік, тоқтаусыз жұмыс істеу,
ұзақ мерзімділік, жөндеуге жарамдылық жəне сақтанушылығы
анықтамасын құрастырыңыз.
5.
Өлшеу құралдарының метрологиялық сипатының уақыт
бойынша өзгеруі немен туындаған?
6.
Өлшеу құралдарының төзімділік, тоқтаусыз жұмыс істеу,
ұзақ мерзімділік, жөндеуге жарамдылық жəне сақталғыштығын
атаңыз.
7.
Тексеру аралық интервал деген не?
8.
Тексеру аралық интервалдарды таңдаудың қандай тəсілдері
бар?
5 Т А Р А У .
ҰҚСАС ӨЛШЕУ АСПАПТАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ
СИПАТТАМАЛАРЫ
5.1.
Ұқсас өлшеу аспаптарының жіктелімі
Өлшеу аспабы өлшеуіш ақпаратты қадағалаушының тікелей
қабылдауы үшін қол жетімді формаға түрлендіру үшін
тағайындалған құрылғыны көрсетеді.
Ұқсас өлшеуіш аспап кіріс дабылдың
ақпараттық параметрі
(өлшенетін шама) шығыс дабылдың ақпараттық параметріне
(өлшенген мəн) түрленетіндігімен сипатталады, бұл ретте шығыс
дабылдың ақпараттық параметрі өлшенетін шаманың мəніне
байланысты берілген шегаралар шегінде кез келген мəнді қабылдай
алады.
Белгісіз кіріс дабылдың мəніне қатысты қорытынды беру
мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін (өлшенетін шама) ,өлшеуіш
аспаптың шығыс дабылынан шыға отырып (өлшенген мəнді),
өлшеуіш аспаптың сатыланған сипаттамасын білу қажет, яғни əсер
ететін шамалардың əсері кезіндегі дабылдардың түрленуі
ерекшеліктерін білу қажет.
Өлшенетін шама өлшеуіштік
түрлендіргіштің шығысына келіп түседі де, келісуші құрылғының
дабылымен салыстырылады, күшейтіледі, əлсіретіледі жəне
(немесе) түрлендіріледі, ал сосын адаммен қабылданатын немесе
есептеуіш блокка жіберілетін бір мəнді ақпарат түрінде шығыс
құрылғыға беріледі.
Әрбір өлшеуіш аспап негізінен үш
функционалдық блоктан
тұрады (5.1-сурет): біріншілік өлшеуіш түрлендіргіштен, келісуші
құрылғыдан (салыстыру блогы) жəне өлшенетін дабылды шығару
құрылғысынан тұрады. Әрбір функционалдық блок өзінің
функционалдық сипаттары бойынша бірдей немесе əртүрлі
элементтер мен тораптардың қосылысы ретінде қарастырылуы
мүмкін. Бұл ретте жекелеген функционалдық блоктарды бір мəнді
шектеу үнемі мүмкін емес. Қазіргі уақытта 10
6
жоғары əртүрлі
ұқсас
аспаптар бар, сондықтан да өлшеуіш аспаптарды жіктеу
қажеттілігі туындайды, бірақ бұл ретте ол біршама күрделірек бола
түседі.
79
Мұндай жіктелім мысалы, келесі белгілерден шығып туындауы
мүмкін:
• өлшенетін шама (сызықтық өлшемдерді өлшеуге арналған
аспап, температураны өлшеуге арналған аспап);
• өлшеу принципі (электрмеханикалық, термоэлектрлік);
• өлшеуіш аспапта басым пайдаланылатын өлшеуіш дабылдың
түрі (механикалық, электрлік);
• өлшеу əдісі (өлшенетін шаманы тікелей бағалау, өтемдік əдіс);
• өлшеуіш дабылдың тракті (тұйық, ашық);
• өлшеуіш дабылдың өзгеруі сипаты (сызықтық,
сызықтық
емес);
• өлшеуіш дабылды беру режимі (статикалық, динамикалық).
Механикалық өлшеуіш аспаптар əдетте ерікті қарапайым
құрылымдық орындалуымен жəне сенімді қызмет атқаруымен
сипатталады. Барлық өлшеуіштік түрлендіргіштер мен күшейткіш
блоктар аздаған массаға ие болғандықтан, олар өлшеу нысанына
кері əсер көрсетеді жəне динамикалық өлшеулерді жүргізген кезде
нəтижелердің біршама ерікті бұрмалануын тудырады. Бұл кемшілік
оптикалық дабылдарға өту жолымен жартылай шектелуі мүмкін,
сондықтан қазіргі уақытта тура сызықтық өлшеулер жүргізу кезінде
оптико-механикалық жүйелер кең қолданысқа ие.
Соңғы он жылдықта өлшеуіш
техниканың жылдам дамуы
электрлік жəне электрондық өлшеу аспаптарының қолдануымен
басым байланысты. Электрлік ұқсас аспаптар деп əртүрлі
физикалық шамаларды өлшейтін жəне оларды ұқсас электрлік
дабылдарға түрлендіретін аспаптар деп аталады. Бұл аспаптар
жоғары уақыттық рұқсатпен, математикалық
операциялардың
қарапайым іске асуымен, үлкен күш салумен жəне кейбір жағдайлар
қатарында контактісіз біріншілік өлшеуіш түрлендіргіштерді
пайдалану арқылы сипатталады.
Оған көп арналы өлшеулер мен есептерді, мəліметтерді
қашықтықтан
берудің
тəжірибелік
шектеусіз
мүмкіндігін,
қарапайым тіркеуді, сонымен қатар ұқсас есептеуіш машиналар
көмегімен өлшеу нəтижелерін машиналық өңдеу мүмкіндігін қосу
қажет. Ұқсас электрлік өлшеуіштік
аспаптардың кемшіліктеріне
сыртқы кедергілерге ұшыраушылықты жатқызуға болады, мысалы,
температураның жəне электрлік өрістердің əсерлеріне. Электрлік
өлшеуіш
аспаптар
біршама
жиі
түрде
механикалықпен
салыстырғанда біршама қымбат болады.
81