барлық түрлендіргіштердің коэффициенттерінің туындысына тең.
Түрлендіргіштердің
қателіктерін
абсолютті
жəне
салыстырмалы
деп
бөледі.
Шамалар
мен
аспаптардың
қателіктерінен ерекшелігі түрлендіргіштердің
қателіктерін кірісі
жəне шығысы бойынша анықтайды.
Кіріс (шығыс) бойынша өлшеуіштік түрлендіргіштің абсолюттік
қателігі
-
бұл
түрлендіргішке
тіркелінді
сатыланған
сипаттамасының көмегімен оның кірісінде (шығысында) шаманың
нақты мəні мен түрлендіргіштің кірісінде (шығысында) шаманың
жарамды мəні бойынша анықталатын түрлендіргіштің кірісіндегі
(шығысындағы) шамалардың мəні арасындағы айырмашылық.
Кіріс
(шығыс)
бойынша
өлшеуіштік
түрлендіргіштің
салыстырмалы қателігі - бұл кірістегі шаманың нақты мəніне
кіріс(шығыс) бойынша түрлендіргіштің
абсолюттік қателіктерінің
қатынасы (түрлендіргішке тіркелінді сатыланған сипаттамасы
бойынша кірістегі шаманың шынайы мəні бойынша анықталатын
шығыстағы шаманың мəніне қатынасы).
Өлшеуіштік түрлендіргіштің қателіктерін бөгде факторлардың
əсер етуі салдарынан туындайтын қосымша жəне негізгі деп бөледі.
Түрлену диапазоны - түрлендіргіштің рұқсат етілген қателіктері
нормаланған өлшенетін шама мəнінің облысы.
Түрлендіргіштердің аталған сипатынан
басқа оларды бағалау
кезінде келесі қасиеттерді ескереді: уақыт бойынша сипатының
тұрақтылығы, өлшенетені шамаға түрлендіргіштің кері əсерінің
деңгейі (мысалы, қуаттылықты жеке тұтыну есебінен), пайдалану
шарттары, өзара алмасушылық, салмағы,
габариттік өлшемдері,
құны жəне т.с.с.
Электрлік емес шамалардың өлшеуіштік түрлендіргіштері
негізінен тағайындалуы жəне əрекет ету принципі бойынша
жіктеледі.
Т а ғ а й ы н д а л у ы бойынша өлшеуіштік түрлендіргіштерді
механикалық, жылулық, химиялық, биологиялық жəне басқа да
физикалық шамалардың түрлендіргіштеріне бөледі.
Ә р е к е т
е т у
п р и н ц и п і бойынша түрлендіргіштер
генераторлық жəне параметрлік болып бөлінеді (6.4-сурет).
Генераторлық түрлендіргіште өлшенетін
электрлік емес шама
пропорционалдық ЭҚК немесе ток күшіне түрленеді. Мұндай
түрлендіргіштерге, мысалы, Холл əсеріне негізделген электр
магниттік, пьезоэлектрлік жəне оптикалық болады.
Параметрлік түрлендіргіштерде өлшенетін шама электрлік
тізбектердің
əртүрлі
параметрлеріне
түрленеді:
кедергі,
сыйымдылық,
индуктивтілік,
жиілік.
Параметрлік
түрлендіргіштерге
резистивті
(контактілік,
реостаттық,
тензорезисторлар),
102
6.4-сурет
Әрекет ету
принципі бойынша өлшеуіштік
түрлендіргіштердің жіктелуі
электростатикалық, электромагниттік (индуктивтік жəне магниттік
серпімді), оптикалық жəне басқа да түрлендіргіштер жатады.
Бірдей электрлік емес шаманы жағдайға байланысты түрлендіру
үшін тəжірибеде өлшеуіштік түрлендіргіштердің əртүрлі типтерін
пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: