Оқулық "Білім беруді дамытудың федералдық институты" Федералдық мемлекеттік автономдық мекемесі "



Pdf көрінісі
бет60/169
Дата07.03.2024
өлшемі4.38 Mb.
#494642
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   169
SHishmarev-lsheu-raldary-.-O-uly-

Бақылау сұрақтары 
1. Электрлік өлшеуіштік құралдар көмегімен электрлік емес 
шамаларды өлшеудің артықшылығы неде? 
2. Электрлік құралдар көмегімен электрлік емес шамаларды 
өлшеуге арналған тізбектің жалпыланған құрылымдық сұлбасын 
көрсетіңіз жəне түсіндіріңіз. 
3. Тікелей түрлендіру əдістері мен басқарушы шамалар əдісі 
немесе ерекшеленеді? 
4. Өлшеуіштік түрлендіргіштерде қандай ортақ қасиеттер мен 
сипаттамалары бар? Сатыланған сипаттама деген не? 
5. Әрекет ету принципі бойынша өлшеуіштік 
түрлендіргіштердің жіктелуін келтіріңіз. 
6. индуктивтік жəне индукциондық түрлендіргіштердің негізгі 
сұлбаларын келтіріңіз. Олар не үшін қолданылады? 
7. Магниттік серпімді түрлендіргіштердің əрекет ету принципі 
неге негізделген? Олардың сипаттамалары қалай көрінеді? 
8. Жылулық өлшеуіштік түрлендіргіштердің қандай түрлері бар? 
9. Термобулар мен терморезисторлардың əрекеті қандай 
принциптерге негізделген? 
10. Термобу мен терморезисторлардың қандай əртүрлілігі бар? 
Олардың негізгі сипаттамаларын атаңыз. 


7 Т А Р А У .
УАҚЫТТЫ ӨЛШЕУ ҚҰРАЛДАРЫ 
7.1. 
Уақытты өлшеу облыстары 
Өндіріс 
процессінде 
кəсіпорындағы 
барлық 
жұмысшы 
операциялар белгілі реттілікте жүреді жəне уақыт бойынша 
нормаланады. Әсіресе ағындық желі мен монтаждық конвейерлерге 
ие кəсіпорындарда өндірістік уақыттық режимі маңызды. Химиялық 
өнеркəсіпте реакцияның ұзақтығы мен өнім сапасы арасындағы 
тікелей байланыс жиі бақыланады. 
Уақытты 
дəл 
бағалаудың 
арқасында 
өнімді 
өңдеуді 
ұйымдастырудағы технологияда қателіктерді орнатуға болады. Бұл 
қателіктерді түзету өндірістік қарқындатуға жəне сəйкесінше, 
тиімділікті арттыруға əкеледі. 
Көлікті уақыттық кестелер жүктер мен жолаушыларды 
тасымалдаудың сенімділігінде тиіміділікті қамтамасыз етудің негізі 
болып табылады. 
Теңіз көлігінде, əуе көлігінде кемелер мен тікұшақтарды 
орналасқан жерін анықтау үшін тура уақыт қажет болады. 
Жаратылыстану ғылымдарында жəне ең алдымен физика, химия 
жəне астрономияда жаңа мəліметтерді алу мен теорияны растау 
үшін уақыттың дəл өлшемдері қажет. Осылайша, мысалы, 
радиоактивтік изотоптың 212Po (3 · 10
-6 
жуық) с жартылай ыдырау 
уақытын анықтау үшін 10
-8
с артық емес қателікті қамтамасыз 
ететін уақытты өлшеу жүйелері қажет болды. 
Ғарыш кемелерін қашықтықтан басқару жекелеген сатылардың 
ұзақтығын дəл бағдарламалауға негізделеді. 
Қорғаныс техникасында операция жетістігінің шешуші факторы 
қарсыластың құралының орналасқан жерін анықтау үшін шу 
ұстағыштардағы тура уақытты қамтамасыз ету болып табылады. 
Әуеге 
қарсы 
қорғаныстың 
радиолокациялық 
жүйелерінде 
видеоэкранда жөнелтім мен көрсетілген импульстің қайтуы 
арасындағы уақыт жарықтық индекстер арасындағы қашықтық 
арқылы жаңғыртылады. Бұл қысқа уақыт аралықтарын өлшеудің 
нəтижелері бойынша ұшқан нысанға дейінгі қашықтық анықталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   169




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет