Дәріс тақырыбы Грамматика теориясының негіздері пәніне кіріспе



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата08.03.2024
өлшемі475.89 Kb.
#494715
1   2   3   4
дәріс 1-апта

грамматикалық құрылыс деп аталады. Грамматикалық құрылыстың тіреуі сөз бен сөз 
тіркесінде жатыр. Осыған орай грамматика ғылымы морфология және синтаксис 
салаларына бөлінеді. Морфология сөзді және сөздің формаларын зерттейді. Морфология 
сөздердің түрлену, өзгеру жүйесі мен қызметін анықтағанда олардың іштей жүйелік 
салаларын айқындап алып, әрқайсысына лайық грамматикалық мағыналар мен 
грамматикалық формаларды талдап, тиісті грамматикалық категориялардың сыр-
сипаттарын ашады. Осындай талдаулардың нәтижесінде морфология сөздердің жасалу
түрлену, өзгеру жүйесін, сөз таптарына бірігу ерекшеліктерін саралайды. Синтаксис сөз 
тіркесі, сөз тұлғалары мен сөйлем құрылысын зерттейді. Сөздер белгілі бір жүйе бойынша 
тіркеседі де, сөйлемдер белгілі бір заңдарға сәйкес құрылады.
Гр құрылыстың тіреуі сөз бен сөз тіркесі деп аталғанымен, грамматиканың 
бірліктеріне нелер жатады деген сұраққа тек екеуін ғана атау кездеспейді. Мәселен, К. 
Аханов грамматикалық негізгі единицалар деп морфеманы, сөзді, сөз тіркесін және 
сөйлемді атаған.
Тілдің грамматикалық құрылысы сөздік құраммен тығыз байланыста болады деген 
келесі бір тұжырым бар. Оның себебі екі саланың да, лексикология мен грамматиканың, 
зерттеу нысаны біреу болуында, ол - сөз. Сөз дегеніміз тілге негізгі таяныш та, арқау да 
болып қызмет ететін аса күрделі тұлға. Сөз - күрделі категория. Өйткені сөз тілдің әр 
саласының зерттеу нысаны. Күрделілігі сонда оның сыртқы дыбыстық жағы, ішкі 
мағыналық жағы, шығу жән даму тарихы, жасалу және қолданылу ерекшеліктері, түрлену 


және өзгеру жүйесі бар. А. Ибатов сөз туралы ғылыми пікірлерді алты қырынан қарап 
таниды: 
1) Сөйлемнің ең шекті минимумы (предельный минимум предложения) 
2) Синтаксистің минималды бірлігі 
3) Сөйлеудің минималды бірлігі 
4) Өз бойында фонетикалық, семантикалық және грамматикалық белгілерді біріктіре 
алатын бірлігі 
5) Шындықтың элементін көрсететін элементі 
6) Сөйлеудің бірбүтін және дербес элементі (Ибатов, 1983, 32-б. Сөздің 
морфологиялық құрылымы). 
Осы сипаттауға бір зерделеп қарап көріңіздер. «Синтаксистің минималды бірлігі – 
сөз» және «Сөйлеудің минималды бірлігі - сөз» дегеніне қалай қарайсыздар? – 
проблемалық сұрақ! 
Салыстырып қарасақ, грамматикалық құрылысқа қазақ тілі зерттеушілері 
морфология мен синтаксисті ғана жатқызса (қараңыз төменде Қ Жұбанов, жоғарыдағы 
анықтамалар), ағылшын зерттеушілері фонологиядан бастап, морфология, синтаксис, 
семантикаға дейін енгізеді. Тілдің табиғатын түсіну үшін бәрі қажет, грамматика 
ережелерін білу қажет деген.
Грамматика өзгеріссіз болмайды. «Бұрынғы грамматистер де, қазіргі кездегі 
грамматистер де грамматика өзгеріссіз деген пікірді ұстанбайды» (ТБК авторлар).
2. Дескриптивті немесе сипаттамалы грамматика. Спикердің /сөйлеушінің тілдік 
қабілетінің деңгейін лингвист белгілі бір үлгі арқылы түсіндіре алса, бұл грамматика мен 
тілді табысты сипаттау болып саналады. Мұндай үлгілер дескриптивті немесе 
сипаттамалы грамматика деп аталады. Сипаттамалы грамматика сізге қалай сөйлеуді 
үйретпейді, керісінше, тіл туралы негізгі түсінікті қалыптастырады. Бұл пән сізге қалай 
сөйлеу, түсіну және тұжырым жасауға болатынын, сіздің тіліңізде қандай дыбыстар, сөздер, 
тіркестер мен сөйлемдер бар екенін түсіндіреді» (Фромкин В., Родман Р., Хайамс Н. 
Тіл біліміне кіріспе ) 
Дескриптивті грамматикамен қатар прескриптивті грамматика деген бар. Қай кезде 
де тіл пуристері кейбір тілдік ережелер басқа тілдік ережелерден дұрысырақ деп ойлайды. 


Өйткені олардың пікірінше, білімді адамдар тілдік нормаларды біліп, «дұрыс» сөйлеп, жаза 
білуі шарт, оны бұзу - тілді бұрмалау. Бұл бағытты 1 ғасырда гректер, 8 ғасырда араб 
ғалымдары және 18-19 ғ. көптеген ағылшын грамматистері ұстанған. Олар грамматикалық 
ережелерді анықтағаннан гөрі құрастырумен айналысқан. Бұл бағыт прескриптивті 
бағыттың пайда болуына себеп болды.
Қайта өрлеу дәуірі кезеңінде «орта тап» өкілдерінің балаларының арасында «жоғары 
таптың» диалектісін қолданып сөйлеуге тырысушылық болған. Бұл прескриптивті 
грамматика зерттеулеріне қызығушылық тудырды. 1972 жылы эпископ Роберт Лоуф
«Ағылшын грамматикасына сыни талдауға қысқаша кіріспе» деп аталатын зерттеуінде 
ағылшын тіліне қатысты көптеген ережені сипаттайды. Грамматикасын баспаға ұсынар 
алдында «жоғары тап», «орта тап», «төменгі тап» өкілдерінің ешқайсысына өзін 
жатқызбайтынын ескертеді. Дегенмен Лоуф «екі бұрыс нәрсе дұрыс нәрсе жасауға 
көмектесетінін» айта келе, «олар менде жоқ, олардың болмауы ережелердің біртекті 
болуына әкелді» дейді. Көптеген ережелер латын тілінің грамматикасы негізінде 
құрастырылып, ағылшын тілі үшін маңызды болды. Лоуфтың беделі күшті болғандықтан 
жаңа тап өкілдерінің барлығы оның тілінде «дұрыс» сөйлеуге тырысты. Оның грамматика 
ережелерінің көпшілігі заң тұрғысынан қабылданып, жоғары өкілетті тұлғалар тілдік 
диалектіні қолдана бастады. Лоуфтың прескриптивті грамматикасы дискриптивті 
грамматикадан басқаша. Оның мақсаты - тілдегі заңдылықтарды сипаттау емес, олар 
бағынуға тиісті тілдік грамматикалық ережелерді үйрету. Атақты Британ премьер министрі 
Уинстон Черчиль бұл ережелерге қарсылығын былайша білдірген: «Бұл барып тұрған 
ақымақтық, мен мұны қолдана алмаймын».
Прескриптивті грамматиканың қазіргі сөздіктердегі анықтамасы да осыған ұқсас: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет