40
41
қолбасшысы “сюбашы” деп аталды. Х ғ. аяғы мен ХІ ғ. бас кезінде
Оғыз жабғысының мемлекетінде алым-салықты тиянақты түрде
жинап отыру жүйесі қалыптасқан, бұл жағдай мемлекетте тұрақты
басқару аппаратының құрылғандығын көрсетеді.
Х ғ. аяғында орыс деректерінде оғыздардың 965 ж.
Киев князі
Святославпен одақтасып хазарларды жəне князь Владимир 985 ж.
оғыздарымен келісе отырып, Еділ, Кама бойындағы бұлғарларды
талқандағаны туралы айтылады. Оғыздардың жер үшін жүргізген
ұрыстарының көп жағдайда сəтті болуы, олардың саяси беделін де
көтере түскен. Алайда, ұзақ жылдарға созылған соғыс, халықтан көп
мөлшерде алынған алым-салық оғыз тайпаларының əр жерде бас
көтерген наразылықтарын туғызады.
Осы кезде Жент қаласының
маңына келіп қоныстанған селжұқтар көсемі Жент қаласындағы
оғыз билеушілеріне қарсы көтерілісті бастап, қаланы басып алады.
Деректерге қарағанда селжұқтар көп ұзамай қаланы тастап шыққан.
Осы кезде ел басына Əлиханның мұрагері Шахмəлік келіп, мемлекет
едəуір күшейіп, 1041 жылы Хорезмді жаулап алады. Бірақ Шахмəлік
көп ұзамай оғыздарға қарсы қайта көтерілген селжұқтардың
қолынан Хорезм түбінде қаза табады. Селжұқтармен жүргізілген
көп жылғы соғыстар оғыз мемлекетін қатты əлсіретті. Сөйтіп, ХІ
ғ. екінші жартысында күшейе бастаған қыпшақтар оғыздарды
Сырдария, Арал бойынан біржола ығыстырады.
Оғыздардың бір
бөлігі Европаның Шығысына, Кіші Азияға қарай жылжыса, кейбір
бөліктері Қарахан əулетінің қарамағында қалды,
біраз бөлігі Хора-
сан селжұқтарының қол астына кірсе, қалғандары қыпшақтардың
құрамында қалып, олармен сіңісіп кетті. Оғыз тайпалары қазақ,
қырғыз, татар, башқұрт, түрікмен, өзбек, қарақалпақ халықтарын
қалыптастырушы түріктердің бірі болды.
Достарыңызбен бөлісу: