Меншіктің экономикалық мағынасы
келесі қатынастармен сипатталады:
Иемдену
Жатсындыру
Қоғамдастыру
Жекелендіру
Өндірістің
затты өз игілігіне пайдалану
меншік объектісін иеліктен шығару
әр бір тауар
өндіруші мамандығы бойынша
белгілі бір тауар өндірісіне жекеленеді.
еңбектің қоғамдық сипатының дамуы
материалдық және жеке факторының бірігу
тәсілі
Табысты
бөлу әдістері
Экономикалық теорияда жеке меншік құқықтың мынадай түрлерінде даму алады.
(Оноре тізімі бойынша):
1. Иемдену құқығы, яғни игіліктерге міндеттелінген денелік (күш қуаттылық)
бақылау құқығы.
2. Пайдалану құқығы, яғни игіліктің пайдалы қасиетін өзі үшін қолдану құқығы.
3. Басқару құқығы, яғни игіліктерді қолдануды кім және қалай
қамтамасыз етуді шешу
құқығы.
4. Табысқа деген құқық, яғни игіліктерді пайдалану нәтижесіне ие болу құқығы.
5. Егемендік құқығы, яғни игіліктерді жатсындыру, өзгерту, тұтыну немесе жойып
жіберу құқығы.
6. Қауіпсіздік құқығы, яғни игіліктерді сыртқы ортаның зияндылығынан қорғау
құқығы.
7. Игіліктерді
мұрагерлікке беру құқығы
8. Игіліктерді иеленудегі мерзімсіздік құқығы.
9. Сыртқы ортаға зияны келтіретін әдістерді қолдануға тыйым салау құқығы.
10. Өндіріп алуға жауапкершілік құқығы, яғни қарыз үшін игіліктерді өндіріп алу
құқығы
11. Қалдық сипатты құқық, яғни бұзылған құқықтарды қалпына кеттіруді қамтамасыз
ететін институттардың әрекет ету құқығы.