Анамыздың бақиға аттанғанына төрт жыл болды. Әкеміздің қолында жеті бала


Балалар үйі тағы төртеумен толықты



Pdf көрінісі
бет3/14
Дата13.03.2024
өлшемі0.93 Mb.
#495163
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Тастамашы ана

Балалар үйі тағы төртеумен толықты... 
Милиционер бөлмеге кіре салысымен, мәз болып күліп жіберді. Жан-жағына тез-
тез қарап алды. Мұздатқышты ашып, ішіне бір көз жүгіртті. Менің төсегіме келіп, 
бірдеңе іздегендей жамылғыны сілкіді. 
- Қане, қыздарды оятыңдар, үлкендеріңе кеттік, — деді ол Әлияға. — Киім-
кешектеріңді жинаңдар! 
Біз іске кірістік, бірақ жинайтындай ештеңе жоқ. Біздің бүкіл киім-кешегіміз 
ауруханада қалды ғой. Мен тез-тез өзімнің заттарымнан бірдеңелер алдым. Әлия 
қыздардың қалған киімдерін жинап, бір сөмкеге салды. 
Милиционердің бізді үлкен әпкемізге апаратынына мен қатты қуандым. Екі ағам 
мен әпкемді көріп, барлығымыз бірге тұратын болғанымызды көз алдыма 
елестеттім. Ешқандай балалар үйінің қажеті жоқ бізге. Сондықтан милиционер 
райынан қайтып қалмай тұрғанда тезірек кетуіміз керек. 


Біз тез жиналдық та, көлікке отырдық. Туған үйді тастап кету бәрібір қиын екен. 
Бірақ біз бұл үйге қайтып келеміз деп үміттендік, ішіміздегі қимастық сезімді 
солайша жеңе білдік. 
- Мен ешқайда бармаймын! Үйде бәрібір жақсы! Ешқайда кетпеймін! — деп 
Зульфира қарсыласып көрді. 
- Солай болуы керек, кішкентайым, қорықпа! — деп Әлия оны 
тыныштандырды. 
Көлік орнынан қозғалды. Мен көз алдымнан жоғалғанша біздің үйден көзімді 
алмадым. Бейіттің жанынан өтіп бара жатқанда әкем есіме түсті, қайғыра бір 
тыныстап, еріксіз айқайлап жібердім: 
- Ұмыттым! 
- Нені ұмыттың? — деп Әлия таңдана қарады. 
- Есіңде ме, мен саған айтып ем ғой, әкем маған бергісі келген затты. 
-Иә, есімде. Ілияс, неге сен оны кеше іздемедің? 
- Мен шаршағаннан бірден ұйықтап қалдым. Ал бүгін асығып жүріп есіме де 
түспепті. Суырмалардың бірінде жатқан болар. Әлия, қайта барып, іздеп 
көрсек қайтеді? 
Милиционер келіспеді. «Сендерді ол жақта тағатсыздана күтіп отыр. Уақыт 
тар», — деп қысқа қайырды. 
Мен іштей өзіме ұрса бердім: мұндай маңызды зат жайлы қалай ұмытуға болады?! 
Әкем оны табы алмайтын жерге жасырмаған болар. Есте сақтау қабілетім қандай 
өзі, ең маңызды кезде мені сатып кететін! Бұл маңызды затқа енді не болады екен? 
Әкем әлемдегі ең қымбат нәрсе деп айтқан еді ғой. Оны біреу-міреу өзіне 
алықойып жүрмесін? Жоқ, оны әкем маған тапсырам деген соң менің қолыма тиюуі 
керек. Жарайды, жуық арада үйге ораламыз, сол кезде іздеп тауып аламын. 
Жол ерекше ұзап кеткен сияқты. Көп таулардан, деревнялардан өттік. Бірнеше рет 
ұйықтап, бірнеше рет қайта ояндық. Бір рет тоқтап, демалып та алдық. Қанша 
жүргеніміз есімізде жоқ, бірақ уақыт өткен сайын тағатымыз қалмады. 
Кезекті деревняға ендік те, орталық көшемен көтеріліп, дөңестеу жерге қарай 
жүрдік. Барлық жағынан жақсы көрініп тұрған екі қабатты кірпіштен салынған 
үйдің алдына тоқтадық. 
- Міне, келдік, — деді милиционер бізге бір-бір қарап қойып. 
- Аға, біздің әпкеміз қалада оқиды, ал біз бір деревняға келдік, — деді Әлия 
дауысы бұзылып. Бұл менің де күдігімді оятты. 
- Алаңдамаңдар! — деді жымысқы күлкімен, — Бұл жерде барлығы 
сендердікі, жақындарың да осы жерде. Менің соңымнан еріңдер. 


Бізді дәліздегі орындықтарға отырғызып қойды. Милиционер бір топ 
қағаздарды көтеріп соңғы бөлмеге кетті. Бізді бірден балалардың шулы тобы 
қоршап алды. Олар бізді қарап, көріп, күлісіп, сыбырласып жатты. Бізге күліп 
жатыр, ал өздері қалай киінген? Біреуінің шалбары жамау-жамау, енді бірінің 
шұлығы жыртық, бір баланың футболкасы кірден сатпақ-сатпақ болып кеткен. 
Олардың ата-аналары қайда қарап жүр? Анау бір сарғыш шашты қыз менімен 
құрдас, шамасы. Оның ұйысып кеткен шаштары көптен бері таралмағанын 
байқатады. Ал анау баланың көзінің асты көгеріп қалыпты, бәлкім бір төбелескіш, 
тентек қой деймін. Беті тырналған тағы бір қыз атышулы сотқар сияқты. Олар бізге 
неге қарап қалды? Онымен қоймай бізге барынша жақындап келе жатыр. Бізбен 
танысқылары келіп тұр ма? Жоқ! Менің деревнядағы достарым мүлде ондай емес. 
Ал бұлармен тіпті сөйлескің де келмейді екен — барлығы шеттерінен басқаша. 
Цок-цок-цок... Бұл дыбысты естіген соң бізді қоршап тұрған балалар кішкене тарай 
бастады. Дәліздің келесі шетінен сары шашты әйел көрінді. Ол бізге жақындаған 
кезде мен оны жақсылап қарап алдым. Оның биік етіп жинастырылған шаштары 
сабанның үйіндісі сияқты көрінді. Киімдері жақсы, анау балалардыкіне мүлде 
ұқсамайды. Костюмі жарқырап тұр, саусағында алтын сақинасы бар. Мойнында 
әдемі әшекейі бар. Жақсы киінгенімен, күлімсіреп жүруге көп машықтанбағаны 
көрініп тұр. Аяқ киімінің өкшесін тақылдатып кеп бізге жақындады. 
- Сәлеметсіз бе? — деп амандастық. 
- Сәлемет пе? — деп жауапты селқос қайырды. Ол кісінің көңіл күйі болмай 
тұрған тәрізді және әңгімелескісі де келмей тұр. Тіпті ауруханадағы 
дәрігерлер де бізді күлімсіреп қарсы алып, әңгімеге тартқан еді. Бұл әйел 
бізге алыстан көз салып тұрған балаларға ұрсып қоя берді: 
- Не, қойылым көріп тұрсыңдар ма? Жаңа балалар келсе болды, сендер 
көктен түскендей жетіп келесіңдер! Сендерге бәрін білу керек, барлығын 
көру керек! 
Бұдан кейін біраз балалар бұл жерден кетуге асықты. Әйел ары қарай айқайын 
жалғастырды: 
- Барлығың мені қалай жалықтырдыңдар десеңші! Күшім қалмай барады! 
Сендермен жүріп шашым ағарды. Не керек сендерге? Өздеріңнің топтарыңа 
барыңдар, аш балапандардай тіміскіленбеңдер. Кетіңдер бұл жерден! 
-«Кетіңдер» деген сөзді ести сала бастары төмен салбыраған ұлдар мен 
қыздар дәлізден жан-жаққа тарап кетті. Біз қайда тап болдық? Бізді алып 
келген милиционер де бір бөлмеге кіріп кетіп жоқ болып кетті. Бұл жерден 
тезірек кету керек! Айқай-шудан менің құлағым бітіп қалды. 
- Тәте, сіз кімсіз? — Әлия өзінің сұрағын жасырып қала алмады. 
- Директор! Менің аты-жөнім Мавлида Нұрғалиқызы. Болды, жетер! Мен 
артық сұрақтарды ұнатпаймын. Еріңдер соңымнан. 


Ұзын дәлізбен келе жатырмыз. Оңға бұрылдық, одан кейін тағы оңға. Дәрі-
дәрмектің иісі шығып тұрған бір бөлмеге келдік. 
- Міне, бізге тағы төрт сорлы келді, — деп Мавлида Нұрғалиқызы бізді 
көрсетті. 
Оны көре салысымен медбике орнынан атып тұрып, директордың жанына жетіп 
келді. Бастығының сөзін қостағандай басын изей берді. Ол болса әлі сөйлеуде: 
- Сайда, бұл балалардың бастарын қарап жіберші. Егер бит болса, басқа 
балаларға жұқтырады. 
- Қазір, Мавлида Нұрғалиқызы, бір минут! 
- Уф-ф, ылғи алқаштардың балаларына қараймыз деп өзімізге де уақыт 
бөлмейміз. Мұндай мемлекетке масыл болатын балаларды неге ғана табады 
десеңші?! Бұларды адам етіп тәрбиелейміз деп қаншама жүйкеміз жұқарып 
жатыр десеңші! Бұлар қазірше момақан сияқты, қалай тойына бастайды, 
басыңа шыққылары келеді. 
- Тәте, неге бұлай сөйлейсіз? — деп шыдай алмай сөйлеп жібердім. 
- Ой, боқмұрын, ауызыңды жап, — деп директор жұлқына жөнелді. 
Қызық, бұл кісінің өзінің балалары бар ма екен? Егер бар болса, оларға қандай 
жаман! Бұл кісіге балалары қалай шыдайды екен? Біздің анамыз мүлде басқаша 
болған еді... 
Медпунктке фотоаппарат ұстаған бір ер адам кіріп келді. 
- Төртеуін де суретке түсір, — деп Мавлида апай бұйрық берді. Әйтпесе бір 
жылдан кейін өздерін адам қатарына қосып, қайдан келгендерін, кім 
болғандарын ұмытып кетеді. Мемлекет қаржысынан тойынып, киініп, 
құтырына бастайды. Ал біз оларға сол кезде осы суреттерін көрсетеміз, олар 
сонда бізге қандай күйде келгендерін естеріне түсіреді, — деп ол қарқылдап 
тұрып күлді. 
Фотограф бірнеше рет фотоаппаратымен сыртылдатып алып, қалай тез келсе, солай 
тез кетіп қалды. Медбикенің бөлмесіне өте толық, көзілдірік киген әйел кіріп, бізді 
көре сала қатты күліп жіберді. 
- Танысып қойыңдар — Райфа апай. Ол сендердің тәрбиешілерің, — деді 
директор. Біз амандастық. 
- Мавлида Нұрғалиқызы, қызық, бұлардың ата-аналары қайда? 
- Қайтыс болып кеткен... 
- А, солай ма?! Не болған екен? 


- Шайтан біліп пе. Өлгенше ішкен болар... 
-Өтірік! — Әлия қарсылық көрсетті. — Сіздер біздің ата-аналарымызды 
білмейсіңдер! Олар жайлы неге олай дейсіңдер? 
- Ой, Мавлида Нұрғалиқызы, байқаймын, бұлармен бізге оңай болмайтын 
сияқты. Мына қыз ауыз аштырмайды екен. 
- Менің әпкеме ұрыспаңыздар! Бізді жіберіңіздерші, үйге қайтайық, — деп 
мен ортаға түстім. 
- Мәссаған! Мына қамыт аяқ та сондай екен. Түк етпейді, мен бұларды тез 
орындарына қоям, — деп Райфа апай деп таныстырған кісі айбат шекті. 
-Райфа, бұларды топқа апар. Кешірек сөйлесерміз. 
-Жақсы, Мавлида Нұрғалиқызы. 
-Тәрбиеші бізді екінші қабатқа алып кетті. Райфа апай бізге бөлмелерді 
көрсетіп жатқанда бізге қарама-қарсы жақтан бір қыз шығып, тәрбиешіге 
сұрақ қойды: 

Тағы да төрт баламен балалар үйі толықты ма? 

Бар, аяққа оралмай ана жаққа бар, — деді Райфа апай. 

«Балалар үйінің тәрбиеленушісі» деген сөз жанымды ауырта тілгілеп кетті. 
Біз таңырқап жан-жаққа қарап қалдық. Әлия кенеттен сұп-сұр болып кетті. 
Басым айналып кетті. 

Біз бұл жерде қалмаймыз, жіберіңіздер бізді! — деп әпкем есікке қарай 
беттеді. 

Үйге қайтқымыз келеді! — деп Алсу да қостады. 

Анама айтып берем, — деп Зульфира жылай бастады. Қарындасымды 
қолынан ұстап мен де олармен бірге есікке қарай жүгірдім. Бірақ есік 
құлыптаулы екен. Біз жыладық, есікті ұрғылап, тепкіледік, есік ашылмады. 
Шарасыздықтан, күшіміз қалмағандықтан біз еденге отыра қалып қатты айқайлап 
жыладық. Есігі тарс бекітілген бөлмеде біз көз жасымыз тоқтамай ұзақ жыладық. 
Енді біз балалар үйіненбіз... 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет