16 бап. Кəсіпорындардағы еңбекті қорғау қызметтері
Кəсіпорындарда тиісті органдармен
келісім бойынша еңбекті
қорғаудың мемлекеттік органы бекіткен үлгі ережеге сəйкес əрекет
ететін еңбекті қорғау жөніндегі қызметтер құрылады. Еңбекті
қорғау қызметі өзінің мəртебесі жағынан негізгі өндірістік
қызметтермен теңеседі жəне кəсіпорын басшысына (иесіне)
бағынады.
Еңбекті қорғау жөніндегі тиісті қызметтер кəсіпорындар
жаңадан
құратын
ассоциацияларда,
корпорацияларда,
концерндерде жəне басқа да бірлестіктерде құрылуға тиіс.
Еңбекті
қорғау
қызметінің
мамандары
құрылымдық
бөлімшелердің басшыларына анықталатын тəртіп
бұзушылықты
жою туралы міндетті түрде орындалатын бұйрықтар беруге жəне
кəсіпорындардың басшыларына еңбекті қорғау туралы заңды
бұзған адамдарды жауапқа тарту туралы ұсыныс енгізуге міндетті.
Қызметкерлердің денсаулығы мен өміріне тікелей қауіп төнген
жағдайларда еңбекті қорғау қызметтерінің
мамандары жұмысты
анықталған тəртіп бұзушылық жойылғанға дейін тоқтата тұруға
қақылы.
Еңбекті қорғау қызметтері кəсіпорын өз қызметін тоқтатқан
ретте ғана таратылады.
17 бап. Əйелдер мен он сегіз жасқа толмаған адамдардың
еңбегін қорғау
Əйелдер мен он сегіз жасқа толмаған адамдардың еңбегін
зиянды жəне қауіпті еңбек жағдайы бар жұмыстарға,
сондай-ақ
ауыр жүкті көтеру жəне оны қолмен тасуға байланысты
жұмыстарға пайдалануға заңда белгіленген тəртіппен шек
қойылады.
Əйелдер мен он ceгіз жасқа толмаған адамдардың ауыр жүкті
көтеруi мен қолмен тасуына байланысты жұмыстарда əкімшілік
жүктерді тасу үшін механикаландыру мен автоматтандыру
құралдарын, басқа да жабдықтарды көздеуге міндетті.
Егер ауыр
жүкті көтеру мен тасу кезінде жүк зиян келтіретін жағдайда қолмен
тасу тоқтатылуға тиіс. Ауыр жүкті қолмен көтеру мен тасуға
байланысты жұмыстарға екіқабат əйелдердің еңбегін қoлдaнyғa
тыйым салынады.
Екіқабат əйелдер медициналық қорытындыға сəйкес
заңдарда
белгіленген тəртіппен өндірістің қayiптi жəне зиянды факторлары
əсерін болдырмайтын басқа жеңілірек жұмысқа ауыстырылады.
Барлық əйелдер мен он сегіз жасқа толмаған адамдар жұмысқа
алдын ала медициналық тексеруден кейін ғана қабылданады жəне
келешекте əйелдер 45 жасқа, кəмелетке жетпегендер 18 жасқа
толғанша жыл сайын міндетті медициналық тексеруден өтіп
тұрады.
4 Т А Р А У
Достарыңызбен бөлісу: