1. Химиялық термодинамика жəне оның міндеттері. Термодинамиканың негізгі


Судың еріткіш ретіндегі физико-химиялық сипаттамалары



Pdf көрінісі
бет14/59
Дата13.03.2024
өлшемі3.08 Mb.
#495349
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   59
РК химия

Судың еріткіш ретіндегі физико-химиялық сипаттамалары:
-
жылу сиымдылығының, жылу өткізгіштігінің жəне судың меншікті булану
жылуының жоғары болуы жануарлардың қанындағы жылулық температурасын
бір қалыпта ұстап тұруға септігін тигізеді;
-
диэлектрлік өткізгіштігінің жоғары болуы электролиттердің
диссоциациялануының себебі болып табылады;
-
протондонорлық жəне протонакцепторлық қасиет көрсету қабілеттілігі
(су-амфолит) су молекулаларына заттардың гидролиттік ыдырау, гидратациялау
реакцияларында яжəне қышқылдық-негіздік гомеостазды қалпында ұстап тұру
процестерінде қатынасуға мүмкіндік береді;
-
судың электронодонорлық жəне электроноакцепторлық қасиеттері оның
тотығу-тотықсыздану процестеріне қатынасуына мүмкіндік береді.
15. Қатты заттардың сұйықтықтар мен газдардың ерігіштігі жəне оның əртүрлі
факторларға тəуелділігі. Генри жəне Дальтон заңдары. Газдардың ерігіштігіне
электролиттердің əсері. Сеченов заңы. Газдардың қанда ерігіштігі.
Кристалдардың сұйықтықтарда
еруі барысында
жүретін
процестердің термодинамикасы:

Кристалл торының бұзылуы (∆H > 0);

заттың ерітіндінің бүкіл көлемінде біркелкі таралуы (∆H > 0);

еріген затта гидратация процесінің байқалуы (∆H < 0 немесе ∆H >0);

еріген зат пен еріткіш арасында əрекеттесушілік болмауы (∆H = 0);

еру процесінің өздігінен жүру мүмкіндігінің шарты (∆G < 0) – жүйе
энтропиясының ұлғаюы (∆S > 0).
Газдардың сұйықтықтарда еру процесі термодинамикасының ерекшеліктері:

сұйықтықпен салыстырғанда газ күйіндегі заттардың ретсіздігі жоғары
болғандықтан энтропияның төмендеуі байқалады (∆S < 0);

T∆S шамасы
төмендейтіндіктен,
температураны
кеміткенде газдардың ерігіштігі артады.
Идеал ерітінді – бұл түзілу барысында көлемі жəне жылу эффектілері өзгермейтін
ерітінді (∆V=0, ∆H=0).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет