1. Химиялық термодинамика жəне оның міндеттері. Термодинамиканың негізгі



Pdf көрінісі
бет18/59
Дата13.03.2024
өлшемі3.08 Mb.
#495349
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   59
РК химия

Физиологиялық ерітінді –адам қанына изотонды болатын натрий хлоридінің
0,9%-дық (0,15 моль/л) ерітіндісі.
Биологиялық сұйықтықтардың осмомолярлығы
(осмомоляльдігі)(Сосм) - мінсіз жартылай өткізгіш мембрана арқылы өтпейтін
бөлшектердің активті концентрациясы.
• Электролит ерітінділер үшін осмомолярлық С(осм) молярлық концентрацияның
изотондық коэффициентке көбейтіндісіне тең:
С(осм) = iC(x),
мұндағы
C(x) — ерітіндінің молярлық концентрациясы, моль/л;
i- изотонды коэффициент.
• Құрамы күрделі ерітінділер үшін осмомолярлықтың мəнін осмостық қысымды немесе
басқа да коллигативтік қасиеттерін анықтау арқылы есептейді, мысалға:
Cocx =RT
• Өлшем бірліктері: осмомолярлық - моль/л; осмомоляльдік - моль/кг.
18. Ерітінді бетіндегі қаныққан будың қысымы. Рауль заңы. Ерітіндінің қайнау
температурасының жоғарылауы жəне қату температурасының төмендеуі.
Криоскопия.
Эбулиоскопия
Сұйық ашық ыдыста қалдырылса, онда оның булану қабілетін білесіңдер. Демек
булану қарқындылығы бірнеше шарттарға байланысты болады. Егер сұйық жабық
ыдыста орналасса, онда оның булануы басқаша сипат алады. Процестің басында
сұйықтан ұшып кеткен молекулалардың саны оған қайтып оралған молекулалардың
санынан көп болады. Судың бетінде бу молекулаларының концентрациясы артады.
Бірақ сұйықтан ұшып кеткен бөлшектердің саны неғұрлым көп болса,сұйыққа қайта
оралатындарының саны соғырлұм көбейеді. Ақырында, уақыт бірлігінде сұйықтан ұшып
шыққан молекулалардың саны сол уақыт ішінде оған қайта оралған молекулалардың
санына тең болатын сəт туады. Бұл күй бу мен сұйықтың динамикалық тепе—теңдігі
деп аталады. Өз сұйығымен динамикалық тепе —теңдікте болатын буды қаныққан бу
деп атайды. Берілген температурада қаныққан будың бірлік көлемінегі
молекулалардың саны ең көп болатындықтан, ол ең көп қысым түсіреді. Өз сұйығымен
динамикалық тепе—теңдікте болмайтын, яғни қанығуға жетпеген буды қанықпаған
будеп атайды. Басқаша айтқанда булану конденсация басым болғанда, сұйықтың
бетіндегі бу қанықпаған болады.Қанықпаған будың тығыздығы қаныққан будың
тығыздығынан кем болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет