1. Химиялық термодинамика жəне оның міндеттері. Термодинамиканың негізгі



Pdf көрінісі
бет2/59
Дата13.03.2024
өлшемі3.08 Mb.
#495349
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59
РК химия

Ішкі энергияға жатпайды:
бөлшектердің кеңістіктегі орналасуының əсерінен туындайтын
потенциалдық энергия;
бүкіл жүйе қозғалысының кинетикалық энергиясы.
∆U = U2 - U 1
Жұмыс (А) – жүйенің қоршаған ортамен əрекеттесуі барысында
бөлшектердің бағытталған қозғалысының энергетикалық мөлшері.
Жылу (Q) – жүйенің қоршаған ортамен əрекеттесуі барысында
бөлшектердің бей-берекет, ретсіз қозғалысының энергетикалық мөлшері.
Энтальпия (Н) – изобарлы-изотермиялық жағдайдағы жүйенің
энергиясын сипаттайтын жүйе күйінің функциясы. Ол ішкі энергия мен
жұмыстың қосындысына тең:
Н = U + pV
3.Химиялық реакцияның жылу эффекті. Гесс заңы. Гесс заңынан шығатын
салдар.
Стандартты түзілу жəне жану жылулары. Термохимиялық теңдеулер
Термохимия – химиялық реакциялардың энергиясын зерттейтін
термодинамиканың бір бөлімі.
Калориметрия – жылу эффектілерін өлшеуге негізделген əдіс.
Калориметр – химиялық процестердің жылу эффектілерін
эксперименттік жолмен анықтауға арналған құрал.
Реакцияның энтальпиясы (∆Hr ) – изобарлы-изотермиялық
жағдайда химиялық реакцияның нəтижесінде бөлінетін немесе сіңірілетін
жылу мөлшері.
Экзотермиялық процестер – жылу бөле жүретін процестер:
∆H < 0, Q > 0, ∆U < 0
Эндотермиялық процестер - жылу сіңіре жүретін процестер:
∆Н > 0, Q < 0, ∆U > 0
Термохимиялық теңдеулер – жылу эффектілері көрсетіліп жазылатын
теңдеулер
Н2(г) + 1/2О2(г) = Н2О(с) ; ∆Нr = -285, 8 кДж;
Н2(г) + 1/2О2(г) = Н2О(с) + 285, 8 кДж.
Химиялық қосылыстың стандарты түзілу энтальпиясы
(жылуы)(∆H0f ) – стандартты жағдайда жай заттардан 1 моль күрделі зат
түзілгенде бөлінетін немесе сіңірілетін жылу мөлшері.
Химиялық қосылыстың стандарты ыдырау энтальпиясы
(жылуы)(∆H0d) – стандарты жағдайда 1 моль күрделі заттың жай заттарға
ыдырауының нəтижесінде бөлінетін немесе сіңірілетін жылу мөлшері.
Стандартты жағдай:
зат мөлшері n = 1 моль;
қысым р = 101325 Па;
температура Т = 298, 15 К
Көптеген бейорганикалық жəне органикалық қосылыстардың ∆H0f


жəне ∆H0d мəндерін кестеден табуға болады.
Жай заттардың стандартты түзілу жылуы қалыпты жағдайда
нөлге тең деп алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет